жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік –ұлы дала ұрпақтарына аманат
«Тәуелсіздік –ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты салтанатты жиын
Күй «Балбаырауын»,«Келіншек» орындайтын:
« Ұлт аспаптар »ансамбль
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты мерекелік жиынымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Туған елім құтты болсын тәуелсіздік тірлігің,
Арта берсін күш-қуатың, бірлігің.
/ Әнұран орындалады/
Құттықтау сөз кезегі мектеп директордың міндеттін атқарушы: Махат Салих Жеңісұлына беріледі.
1- жүргізуші: Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым .
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,
Алтын арай, таңғы жұпар самалда
«Ассалаумағалейкум» әнімен Балғабек Арсенді қарсы алыңыздар
2-жүргізуші: Мен – қазақпын , мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
1- жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске ,
Айта бергім келеді, айта бергім.
/Қобыздың зарлы үні. Сахнаға ақырын аяңмен басып қария шығады. Орындыққа дем алып отырады. Міне осы кезде жанына немересі шығады./
Немересі: Ата, не ойлап отырсың?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің. Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағын ойлаймын және өткен өмірді ойлаймын да құлыным.
Немересі: Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: Балам, өткен өмір дегеніміз сонау ежелгі ата-бабаларымыздың
Жүрген соқпалы өмір жолы, тарихы ғой.
Немересі: Ол не сонда ата?
Атасы: Ендеше тыңда мені балам, атаң бір сөйлесін.
/ Қарт ойланып отырып қалады. Сахна сыртынан мына жыр
жолдары оқылады./
2-жүргізуші: Болса да оқыған тарихшы атым,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын
1-жүргізуші: Бұл жалған еш пендеге тұрақ болмас,
Әйтеуір кімде болса өшпей қалмас,
Есімі еш адамның өлмейді екен.
Артында ұрпақ жүрсе ұмыттырмас .
Атасы: Иә, балам, ел басынан қилы-қилы заман өткен. Талай ерлеріміз, хандарымыз ел бірлігін ойлап, жерін сақтап, небір жаулармен шайқасып өтті.
Немересі: Ата, біз тарихтан оқыған едік.
Атасы: Дұрыс екен оларың. Ол кезең «Ақтабан шұбырынды»
деген атпен тарихта қалды емес пе?
2-жүргізуші: 15 ғасыр. Қуатты қазақ хандығын құрдық. Бірақ тәуелсіз
қазақ мемлекеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан
байтақ елімізді жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар
көбейді. Жайлауға көшіп жатқан елімізге жоңғар қалмақтары
шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Ел шұбырып,
Ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқа көлге аялап, қа-
сиетті қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында
қалың қазақ бас қосты.
1- жүргізуші:
Қара таудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып бос келеді.
Қар түнді жамылған қара қазақ,
Қара түнді көтеріп көшкен еді.
Қара қайың көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шылғау болып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ өткен еді.
Сен ғанасың құлыным, сен ғанасың,
Мен де көпке бармаспын, сен қаласың.
Ойран болған орданың орнына кеп,
Отау тігіп, отынын сен жағасың.
Атасы: Иә, балам, ата-бабаң айтқан осы бір сөзді ешқашан ұмытпа!
Немересі: Жарайды , ата!
Атасы: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би сияқты шешендеріміз бен билеріміз бас болып, Түркістанның жанындағы Абылай хан үш жүздің
басын қосып , елдікке, бірлікке шақырды.
Немересі: Ата, айтқандарыңызды тарихтан оқытқан бізге. Мағжан, Ахмет,Бейімбет, Міржақып, Шәкәрім…т/б аталарымыздан
айырыпыппыз. Шіркін, солар тірі болса ғой!
Атасы: Дұрыс айтасың , балам.
Немересі: 1941 жылғы соғысты да тарихтан білеміз ата.
Атасы: Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,
Мұқатпай жігер тосып сол бір шақта.
Сұрапылдай соқтық та жау қамалын,
Жеңіс туын қададық Рейстагқа!
1945 жылдың 30 сәуір күні Рейстаг төбесіне ту тіккен сержант
Егоров пен жас қазақ Р. Қошқарбаев еді ғой, балам-ау!..
2-жүргізуші: 1941-1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болма-
ған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ
батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерлік
көрсетті.Қазақстаннан Панфиловшылар гвардиясы құрылды.
Атасы: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылдың желтоқсанын қалай еске алмасқа. Бұл оқиғаның бас қаһарманы Рысқұлбеков Қайрат ағаң
болады. Еліміздің болашағы, егемендігі үшін күресті жас жүректер.
Немересі: Иә, ата , желтоқсан оқиғасы қазақ халқының мәңгі есінде
қаларына күмән жоқ.
«Мерекелеріңізбен» әнің қабыл алыңыздар орындайтындар:
2 сынып оқушылары
1-жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанның отты алаңы. Еліміздің егемендігін аңсаған бүлдіршін жастар, алаң орталығында. Желтоқсан
желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық
намыс құдіретін әлемге паш етті.
Монолог оқитын Анасова Ажар « »
2-жүргізуші: Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рұсқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша белгі – «Алтын жұлдыз» тағайындалды.
Сәбира, Ләззат, Ерболға «Ақтау жөніндегі анықтама» берілді.
«Мен Қазақпын» әні орындайтын: 3 сынып оқушылары
1-жүргізуші: Қазақстан! Туды алтын дәуірдің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңын құтты болсын қымбаттым.
Туған күнін құтты болсын алыбым!
2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік-ел бақыты ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
«Қарабауыр қасқалдақ» әні орындайтын: Кежебеков Ерасылан Оспанов Жандәулет
1-жүргізуші
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арнайы орайластырып мектебіміздің оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан,Жас Қыран»балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып алдымен ұйымның мақсат міндет,ережелерімен таныстыру үшін мектебіміздің Ұланбасшысы Анасова Ажарға сөз кезегін береміз
2-жүргізуші
Еліміз күннен күнге өркендеп гүлденуде.Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз.Бүгін міне,бәріміз мектеп ұландарының Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан,Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болғалы отырмыз.
Ұланбасы: Ұландар түзел,тік.Республикалық « Жас Ұлан ,Жас Қыран » ұйымы қатарына қабылдану үшін салтанатты түрде уәде беруге дайындалыңдар.
Оқушылар: Әрқашанда дайынбыз.
Ұланбасы: Уәде берілсін.
/Ортаға бір оқушы шығып уәдені салтанатты түрде оқып береді,ал оқушылар «ант етеміз»-деп 3-рет айтады.//
Галстук тағу рәсімі
1 жүргізуші: Ән: Жас Ұлан әні
2 жүргізуші: «Тарих өткенге - өнеге келешекке сабақ»атты тарих апталығының қорытындылау үшін Тарих пәнінің мұғалімі Мақашев Ринат Қойышбайұлына сөз береміз.
«Қорқыт қобыз» әнің қабыл алыңыздар
орындайтын: Махат Динара
1
жүргізуші:Қазақпын,
еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең
әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында
жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп
тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт,
жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың
бәрінде айтам.
Күй
: «Әлқиса» орындайтын: Сейілбек Аяпберген
1
- жүргізуші:
Сүйемін
аспанын да, Күнін де мен.
Шаттығы бал
жүзінен түрілмеген.
Қазақпыз –
Тәуелсіздік таңы атқан.
Жастарымыз
көңілді күлімдеген.
«Желкілдек» әні орындайтын:Тәуіпкелова Диана;Сәбитбекова Райгүл
1-жүргізуші: Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!
«Мәңгілік ел» әні: орындайтын: Мұхамбедияр Қарақат;Оспанова Аружан.
2-жүргізуші: Осымен «Тәуелсіздік –ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рақмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген