жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздікке 30 жыл
Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп
(РО) жанындағы интернаттың бастауыш
сынып мұғалімі Косыбаева Айжанат Ерболовна
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ – ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНАМЫЗ
Бізге азаттық азаппен , арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз.
Н.Ә. Назарбаев
Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне үңілсек, ойланып қарасақ, ата — бабаларымыздың жылдар бойығы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған боздақтардың, жас ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.
Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.
Ұлтымыздың ұлы ұстанымы –
қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен
асқақтай берсін!
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл
толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз
аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.
Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым
сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы,
дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге
болады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 30 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.
Мен тәуелсіз елдің ұстазымын! Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.
«Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, «Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М. Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін. Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын! Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
Біз де осындай жолдан өтіп
келеміз.Көгінде
байрағы желбіреген тәуелсіз Қазақстанның азаматымын. Азияның
кіндігінде орын тепкен, картадан ойып орын алған, ұлан-байтақ
жердің иесі, «қазақ» деген ұлы халық перзентімін. Осындай ұлы
халықтың ұл,қызы болған біз
бақыттымыз.
Ата-бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап
атып, көк байрағымыз көкке желбіреді. Жас елдің тарихындағы жаңа
дәуір өзінің бастауын Тәуелсіздіктен алады. Сондықтан Тәуелсіздік
мерейтойы ерекше мәнге ие. Биылғы айтулы жылды жоғары дәрежеде
ұйымдастыру және идеологиялық деңгейге жеткізу міндеті тұр. Ел
тарихындағы осындай бірегей белесті толайым табыстармен қарсы алу
баршамыз үшін үлкен сын. Тәуелсіздік тойы жалпы халықтық сипатқа ие
болып, отандастарымызға айрықша рух беруі керек. Тәуелсіздік тойына
әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс. Ол – ауыл шаруашылығында,
өндірісте, өнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген кез келген отандасымыздың
сапалы еңбек етіп, ел игілігін арттыру деген сөз. Яғни,
азаматтарымыздың адал еңбегі мен елге деген шынайы құрметі
тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ. Бүгінгі уақыт –
елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің
тамаша кезеңіне айналуы
тиіс.
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз
заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде ата заңымыз
қабылданып, ата заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді
реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана
бастады. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы сот билігі өз
біліктіліктерін көрсете білді. Сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі
қазіргі сот саласының айырмашылығы жермен көктей. Техника мен
өркениеттің дамыған заманына тұспа-тұс келген біздің егемендігіміз
қарыштап дамуда. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей
жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға
болады. «Тәуелсіздік» деген 11 әріптен тұратын сөздің мағынасы
қандай терең, астары қандай кең десеңізші! Ол өлең, ол
ән, ол сұлулық, ол асқақ арман, ол шалқыған дәулет,
көркейген сәулет! Бір ғана сөз бейбітшілік, бақыт, сәттілік,
достық, сыйластыққа жетелейді, жаныңа жылылық пен дербестікті
ұялатады. Шыңын мәңгі қар басқан биік таулары, сарқырай аққан
өзендері, мөлдір сулы көлдері, шет-қиыры көзге көрінбейтін жазық
далалары, қойнауында ұлан-асыр кен байлықтары тасып жатқан қуатты
өлке, құт-мекеннің мәртебесі жоғары, тұғыры биік. Солай дей отырсақ
та бүгінгі таңдағы әлем мойындаған Қазақстанмен еркіндікті аңсаумен
бодандықта болған Қазақстанды салыстыру
қиын.
Толағай табыстардың бәріне
Елбасының дара көшбасшылығының һәм халқымыздың даналығы мен
парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы
еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Елбасы
Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан
болар едік.
Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет.
Тәуелсіз елдің алғашқы
президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне
бұл кісінің қосқан үлесі орасан. Жазық далаға ел жүрегі –
Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таңыта білді. Қаланың
аспанмен теңесе салынған биік ғимараттары мен халықтың қолданысы
үшін әрқилы ойын-сауықтық кешендер барлығы қала әсемдігіне көрік
қосып тұр. Қазақстанның әсем мекендері, сұлу табиғаты, жұпар ауасы,
тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға жетпес байлығы әрі әлем
жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік мекенге
айналды. Біз, жас өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның
болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің
бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты
жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің
бастыпарызымыз.
Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың
қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иеміз. Қоғамдық өмір
сабақтары мен еліміздің мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге
сай келетін жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында
тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны
нығайта түсу міндеті тұр.
Артқа тастаған отыз жылдың ішінде бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз өсті. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық саласына аса мән берілді. Өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады.
Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген