Ертеңгілік
тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады
жүрегіміз»
Армысыздар, құрметті де қадірменді қонақтар!
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп
соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! (Әнұран
ойнатылады)
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана
елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30
жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын
өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние
дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге
жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен
еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып
өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары
үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды
қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,
күтумен өтті. Осы күнге жеткен біздер қандай бақытты
жандармыз!
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік - ел бақыты,
ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш! – дей отыра
бүгінгі мерекелік іс шарамызды ашық деп
жариялаймыз!
Құттықтау сөз кезегі №26 «Қарлығаш»
бөбекжайының директоры Гульнара Зияшовнаға
беріледі.
-
Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әнін
барлығы қосылып айтады! (1 шумақ және
қайырмасы)
-
Келесі кезек мәнерлеп оқуға да келіп жетті.
Ортада № 26 «Қарлығаш» бөбекжайы МАД тобы тәрбиеленушісі Серікұлы
Ерназар қабыл
алыңыздар!
Бақытым - Республикам
Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар
ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің
де,
Қыс болса, бір шетінде жаз
ауысқан.
Таң қалады тергеуші де бел
кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды
көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.?
білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не
ерлік?....
Барлық қазақ осындай, бар
қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар
даламда,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем
де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам
да!!!...
Сол атаның ұрпағы мына
менмін,
Есте ұста ей жендет,
көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен
де,
Табан асты, ол туған жерім
менің.
Бір тамшы жас, алмай қара
көзіне,
Халқы үшін жауаптығын
сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан
тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін
де!
-
БИ.
-
Ойындар
А)
«Тас, қайшы, қағаз» ойыны. Екі команда
болады, қайсысы көп ұпай жинаса сол команда жеңіске жетеді. Бұл
ойынның ерекшілігі тасты қайшы және қағазды саусақтармен емес
қолмен көрсетілуі тиіс. Мысалы тас болса боксшы кейпін алады яғни
екі қолын жұтырықтайды. Ал қағаз болса екі қолды жоғары көтереді.
Қайшы болды қолдарын
қайшылайды.
Б)
«Тоқтап қал» ойыны. Бұл ойында барлығы бір
әуенге билеп тұрады, әуен кенеттен тоқтап қалған кезде барлығы бір
сәтке тоқтап қалуы қажет. Тоқтай алмай қозғалып қалған қатысушы
ойыннан шығарылады. Ойын солай жалғаса
береді.
В)
«Биді қайтала» ойыны. Ол ойыннан гөрі көңіл
көтеру десекте болады. Өйткені барлығы шеңбер құрып тұрады, ал
ортада бір биші болады, ол әуен ырғағына сәйкес немесе өзіне ұнаған
би қимылдарын жасайды. Ал шеңберді қоршап тұрған қатысушылар сол
ортада тұрған қатысушының әрбір іс-қимылын қайталауы тиіс. Ортада
тұрған қатысушы немесе жүргізуші дұрыс қайталамаған қатысушыны
ойыннан шығарып тұрады, және жеңімпаз қалғанша ойын жалғаса
береді.
Аяқталуы:
«Тәуелсіздік туын ұстап
жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі»- дей келе
бүгінгі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп
соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп
жетті.
Қазақ елім! Туды жастық
дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның
жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын,
қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын,
алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың
еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Осы кеште
ат салысқан әрбір қатысушыларымызға және көрермендерімізге
алғысымызды білдіреміз! Келесі кездескенше сау саламатта
болыңыздар!!!!