«Тәуелсіздікке тағзым» атты тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздікке тағзым» атты тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздікке тағзым» атты тәрбие сағаты толық сценарийі берілген.Сізге пайдалы болсын!
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздікке тағзым»

Тәрбие  сағатының мақсаты :

  Қазақстанның  болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлғаны қалыптастыра  отырып оқушыларға   патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге   және   ерлікке   баулу. Ұлттық сана сезімін  ояту.  Бала бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру.

1.Кіріспе

1.1. Әнұран орындалады.

1.2. Жүргізуші: Мұстафа

- Өткенін ұмытпаған,баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл – Тәуелсіздік мерекесі! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын!

1.3. Жүргізуші: Кәусар

- Тәуелсіздік бастауы Қазақ жастарының ақ қар, көк мұзда Кремль шешіміне қарсы шеруіне шыққан оқиғасына 34 жыл толды. Ел үшін жанын құрбан еткендер туралы қаншама естеліктер жазылды. Фильмдер түсіріліп, ескерткіштер қойылды. Жас ұрпақ желтоқсаншыларды ұлттың қаһармандары деп біледі.

1.4. Тәуелсіздік монументіне гүл қою (видео көрсетіледі)

1.5. Желтоқсан оқиғасы 1 минут еске алу

2. Негізгі бөлім

2.1.Желтоқсан оқиғасы жайлы

Мұстафа:

Оларға арнап өлең, ән жазылды, көше атаулары берілді.

Кәусар:

Қазағымның ер намысты жастары,

Қайсарлығын көрсетті ғой, жарады.

Өз елінің кең байтақ жерлерін,

Келімсекке беріп қойып жатпады.

Олжас:

Дәл осылай желтоқсанды бастады,

Орталыққа шыққан қазақ жастары.

Ешкім бірақ аямады оларды,

Жан айқайға құлақтарын салмады.

Елтай:

Ел үшін шырқыраған жастарды

Елін сатқан опасыз деп қарады.

Талай қыршын алашымның ұл қызын,

Дәл осылай абақтыға қамады.

Алинұр:

«Қазақтың қызын шашынан сүйреп бара жатқан милиционерге жібер десем,жібермеді.Құлақ шекеден ұрып,қарындасты арашалап қалдым.Сол үшін еш өкінбеймін де,кешірім де сұрамаймын.Керісінше мақтан етем,және осы оқиға қайталанса,қайта солай жасар едім.!» Қайрат Рысқұлбековтың сотта айтқан сөзі.

2.2. Қазақтың биі

-Жас ұрпаққа алдыңғы әпке буындары үлгі-өнеге .Осы ретте біздің тәуелсіздік салтанатты кешімізге арнайы өз үлестерін қосып,құттықтай келген ағаларды қарсы алыңыздар.

2.3. «Балбырауын» күйі

2.4. Ұстазға сөз

-Қандай тамаша күй десеңізші!Қазақтың домбырасының күмбірлеген үні жүрегі қазақ деп соғатын әрбір азаматты тебірентері сөзсіз.Бүгінгі тәрбие сағатының мақсаты қазақтың ұлттық құндылықтарын бала бойына сіңіру,патриоттық рухы биік ұрпақ тәрбиелеу.Қанаты қатаймаған ұрпағымыздың көкте самғауы үшін екі қанаты мықты болу керек.Бір қанаты-білім болса,екінші қанаты-қазақтың ұлттық құндылықтарын сіңіре отырып берілетін ұлттық тәлім-тәрбие деп білемін.Б.Момышұлының «Елім деп емірене қызмет ететін ерім болса,елімнің еңсесі биік» деген сөзі еріксіз еске оралады. Жүректері «елім» деп соққан бүлдіршіндеріміз әзірлеген қойылымды тамашалауға шақырамын.

2.5.. Қойылым «Қызметім елім үшін»

Мұстафа

Қазаққа бүркіттен жақын құс жоқ, сірә!

Бүркітті қазақтай түсініп, оны бағалаған халық жер бетінде кемде-кем.

Кәусар

Бүгін әлем алдында қазақ елін алғашқы болып көрсететін еркіндік пен қырағылықтың белгісі көк туымызда белгіленген бүркіт тәуелсіздігімізбен құттықтап келіп отыр.

(Құсбегі бүркітін алып шығады)

- Қош келдік.

Ата-бабаларың ежелден мені киелі құс деп баға берген, сонымен қатар ерекше дәріптеп құс патшасы, құс төресі, аспан перісі деп өте жоғары бағалап үнемі құрметпен қараған. Көкте еркін самғаған менің ебімді тауып, қолдарына қондырған. Мені көк туда қайсарлық пен еркіндіктің белгісі деп бекер бейнелемеген.Мен бір ғасыр өмір сүремін. Талайды көрдім. Мынау байтақ даланы, Алтай мен Атырау арасы - жалпақ жатқан атырабын, әрбір тасында, бабалар ізі қалған. Ата-бабалардан қалған аманатын қорғау сендердің парыздарың! Сендерге аманат!

Шекарашы:Нұрали

Тәуелсіздігімізді жариялаған алғашқы күндерден бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгілеп, оны көршілес мемлекеттердің басшыларымен халықаралық келісімдер арқылы бекітіп алуға барлық күш-жігерін салды.

Шекарашы: Балғынбек

«Ел тыныштығы – мемлекеттік шекараның тыныштығына тікелей тәуелді», біз - шекарашылар, осы тыныштықты сақтау үшін күні түні шекарамызды күзетіп, еңбек етіп келеміз. «Шекарасы шегенделген ел – шымыр» деген халқымыз.

Шекарашы: Мағжан

Осынау ұлан-ғайыр атырапты қорғауға ант еткенбіз, біз сіздердің түнгі ұйқыларыңыз тыныш, аспандарыңыз ашық болуын қамтамасыз етеміз!

Полиция:Олжас

Полиция қызметкерінің міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ! Бұл салада білімді болумен қатар, бірді ғана емес, бірнешеуін жығатын білекті де болу шарт.

Полиция: Ерасыл

Ел мүддесі, оның тыныштығы мен жарқын болашағы жолында тынымсыз қызмет етіп жүрген қызметкерлердің бірі - полицейлерміз.

Полиция:Мади

Біз - елдегі ішкі тәртіп пен бейбітшіліктің болуы үшін барымызды саламыз!

Геолог: Алинұр

Геолог-пайдалы қазбалар кен орындарын анықтау және бағалаумен, сондай-ақ жер қойнауының басқа да ерекшеліктерін зерттеумен айналысатын маманмын. Жақсы геолог болу үшін байқаушылық, ақпаратты талдай білу,экспедицияларда жұмыс істеу үшін — физикалық шыдамдылық, жорық жағдайларындағы өмірге деген сүйіспеншілік және осыған байланысты қиындықтарды жеңуге дайындық сияқты қасиеттер талап етіледі.

Геолог:Алихан

Кең-байтақ қазақ жерінің сарқылмас байлығын, табиғатын зерттеумен келеміз. Әлі де ашар жаңалығымыз көп, әлі де зерттейтін тылсым табиғатқа баймыз!

Заңгер: Қайыржан

Заңгер – көп деңгейлі экономика мен басқару жүйесінің барлық салаларында қажеттілігі өте зор маман. Заңгерлерсіз, бірде-бір сот ісі қаралып, сот шешімі шығарылмайды.  Біздің саладағы мамандар әр ұйымға, фирмаға, кәсіпорынға, коммерциялық және қоғамдық құрылымға қажет. Заңгер мамандығы - бұл әрқашан жеңіске жеткізе бермейтін құқық үшін күрес. Біз еліміздегі әр бір азаматтың құқығын қорғау үшін қызмет етеміз!

Эколог: Айару

Эколог дегеніміз - адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияндылығын азайтуға бағытталған шараларды талдап, дамытатын маман. Бүгінгі таңда табиғатты сақтау және оның жағдайын жақсарту мәселесі алдыңғы қатарлардан орын алады. Біз, эколог мамандар, еліміздің табиғатын және де табиғи байлықтарымызды, құнды табиғи ресурстарымызды, жалпы жер шарын сақтап қалуға қорғау және көркейту үшін аянбай еңбек етеміз.

Дәрігер: Айшабибі

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Медициналық оқу орнына түскен студент адам өмірі үшін күресуге Гиппократ антын береді.  Жақсы дәрігер адамдарға көмектессем деген ізгі ниеті арқылы Алланың разылығына бөлене алады, сонымен қатар адамдардың да шексіз алғысын алады. Сау денеде, сау рух болады.

Ұстаз: Зейнеп

Шынында ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген 

тәрбие әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық. Мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы барлық  мамандықтың  анасы» 

деген сөз қалай  дәл  тауып  айтылған! Адам  тәрбиелеу  – ұлы міндет.  Ол  міндетті  атқарушы  –  мен ұстазбын.

Ұстаз:Марьям

 Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз. Әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде.

Ғалым: Елтай

Һәкім Абай әділет пен махаббат кімде көп болса, ол кісі - ғалым деген болатын. "Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз: жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақыл мен біліп аламыз"- дейді. Ғалымдардың халық алдында атқаратын жауапкершілігі мол, себебі қазіргі таңда болып жатқан карантин уақытында тікелей еңбектенетін маман иесі – ғалымдар. Яғни, ғалымдар түрлі ауруларға, вирустарға қарсы дәрі – дәрімек, вакцина ойлап шығарамыз.

Айсұлтан-сәулетші

Сәулетші -  ғимараттар архитектурасын жобалап, нобайын сызамын. Біздің жұмысымыз - жолдар, ғимараттар, әуежайлар, тоннельдер, бөгеттер, көпірлер, сумен жабдықтауды қамтиды. Тарихы терең, шоқтығы биік сәулет өнерінің адамзат өміріндегі маңызы ерекше.

Нұрила- суретші

Суретші - кескіндеме, сурет салу және мүсін жасау ісімен айналысамын.Біздер адам өміріне сұлулық сыйлаймыз. Суретші қоршаған ортасын өзінің қабылдауымен бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары арқылы бейнелейді. Әрбір өнер түрі бейнелеу өнерімен тығыз байланысты.

Алима- әнші

Өнер иесі болу – сұлулықты сүю. Алланың жаратқан сұлулығы шексіз әлемнің түпкір-түпкірінен орын алған.Оған ие болар және оны терең түсінетін жан тек қана – өнер адамы! Өнер – сұлу, қарабайыр пендеге жалынан да сипатпайды. Өнер иесін өзі ғана таңдайды.

Спортшы- Абдуллаһ

Спортшылар - қаршадай кезімізден салауатты өмір салтын ұстанып, үлкен сабырлылық пен шыдамдылық танытып, өмір бойы өзімізді шыңдап, шымырлық пен ерік-жігерлілікті бойына жиған, әлемдік ареналарда Қазақстанның намысын қорғап, Көк байрағымызды биікте желбіретіп, Әнұранымызды шет мемлекеттердің төрінде барша адамды тік тұрғыза тыңдатып шырқаған азаматтармыз. Қазақ намысын қорғау үшін бар күшімізді саламыз

Құсбегі -Мұстафа

Қазақ ұлтының қанына сіңген көне дәстүр,ол– бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер. Құсбегілік өнер біздің ұлтымыздың ерекшелігін айқындап, болмысын айшықтайтындай. Оған дәлел ретінде әлемдегі бірде бір елдің мемлекеттік рәміздерінде кездеспейтін қыран бүркіттің тек Қазақстанның ғана туында көрініс тапқандығын айтуға болады.


Қойылымда мамандар ролін сомдаған оқушыларды таныстырады.

3. Қорытынды бөлім

Кәусар:

Мұстафа:

3.1.«Отан отбасынан басталады» отбасылық суреттер топтамасы көрсетіледі.

3.1.«Отаным менің-Қазақстан» әні қыздар орындайды

3.2. «Көк тудың елбірегені» әні ұлдар орындайды.

3.3. Хор «Мен қазақпын»

3.4. Мерекелік құттықтау.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.08.2023
479
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі