400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған викторина

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мен студенттерге, және мектеп бітіруші түлектерге қажет болуы мүмкін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым».

Мақсаты: оқушылардың отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар

Сабақ барысы:
Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты сайысымыз5а қош келдіңіздер!
Сабағымызды елбасымыздың мына бір сөзімен бастағанды жөн көріп отырмын:
«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан».
30 жыл. Ширек ғасыр, сен менің
Жүрегімді тыныштық боп тербедің.
Нәтижесі бейбіт күн мен бейнеттің,
50 елдің қатарына енгенім.
Күллі әлемді құшақ жайып қарсы алдың,
Қала салдық қараса жұрт тамсанған.
Айналдырған аз уақытта осы бір,
Орындалды қанша тілек, қанша арман.


1-айналым

Оқушылар Отан жайлы мақал-мәтел жазып шығуы керек, берілетін уақыт 60 секуунд және олар қайталанбауы тиіс, қайталансған топтардан 1 ұпай алынады.

Жалпы 10 ұпай



«Қоржын - сұрақ» викториналық сұрақтар:
1. Мемлекеттік рәміздерді ата (ту, елтаңба, әнұран)
2. Егемен Қазақстанның ордендері мен медальдарын атаңдар («Халық қаһарманы», «Алтын жұлдыз», «Отан» ордені, «Даңқ», «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары).
3. Тәуелсіздік Монументі қай алаңда, қай жылы ашылды? (1996 жылы 18 желтоқсан күні Республика алаңы).
4. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов)
5. Ұлттық валюта (теңге)
6. Қазақстан Республикасының жер көлемі (2417, 3 мың шаршы шақырым).
7. Туған жердей жер болмас,
............................................( Туған елдей ел болмас)
8. Қазақ жеріндегі ғарыш айлағы (Байқоңыр)
9. Әнұран авторлары (Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев)
10. Жаңа Ата заңымыз қабылданған жыл (1995 жылы, 30 тамыз).
ұпай саны ұяшықта


Шығармашылық тапсырма:
І топ: Тәуелсіз Қазақ елінің баға жетпес құндылықтары
ІІ топ: Тәуелсіздікке тартуым. 2мин
40 ұпай
Қорытынды:
«Тәуелсіздік маған.... қымбат» деген тіркесті толықтырып, сөйлемді аяқтаңдар.
10 ұпай



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
13.05.2021
8132
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі