жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздіктің алтын діңгегі
Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі
Көрдім елдің тәуелсіздік алғанын,
Орындалды көкейкесті арманым.
Қандай қиын, нендей ауыр болса да,
Жан аямай түгендейміз қалғанын.
Оразақын Асқар.
Кез-келген адам үшін бұл ғаламда қымбат екі нәрсе бар. Оның біріншісі – Ана да, екіншісі – Отан. Өйткені бұлар жайлы сөз қозғағанда елжіремейтін жүрек, толқымайтын адам болмаса керек. Дүние кілтін ашқаныңнан бастап өміріңнің соңына дейін ардақты да, абзал анаңды қадірлеп, қастерлеп өтесің. Ал Отан деген қадірі мол, қасиетті ұғым. Сондықтан да біз Ана мен Отанды бірге «Отан – Ана» дейміз.
Біз – Отан-Анамыздың ең бақытты ұрпағымыз, өйткені еліміз тыныш, аспанымыз ашық, халқымыз бейбітшілікте өмір сүруде.
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылы мемлекет» деп жарияланды. Міне, осы күннен бастап, біз нағыз еркіндікті, тәуелсіздікті, азаттықты, егемендікті түсіне де тұшына бастадық деп ойлаймын.
Тәуелсіздік! Неткен қасиетті сөз, неткен қасиетті ұғым десеңізші! Жай ғана бір сөздің ішінде қаншама мағына, терең ой, тұнып тұрған арман-ниет жатыр емес пе?! Тәуелсіздік – кез-келген ұлттың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.
Қазақ халқы өз елінің тәуелсіздігіне екі жарым ғасыр бойы үздіксіз күресе отырып қол жеткізді. Қазақстан Республикасының тәуелсізідігінің жариялануы қазақ халқының, қазақ елін мекен еткен ұлт пен ұлыс өкілдерінің өміріндегі естен кетпес ұлы оқиға болды. Қазақстан тәуелсіз ел, әлемдік қоғамдастықтың тең құқықты мүшесі ретінде тоталитарлық әкімшіліктің қазақ халқын ассимилициялау, қазақ жерін ресей империясына қосу саясатына тосқауыл қойды. Қазақ халқы ұлт ретінде жойылу қаупінен құтылды. Ұлттық тілдің, мәдениеттің, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың қайта жаңғырып, табиғи дамуына мүмкіндіктер туды.
Бүгінгі Қазақстанымыз – қашан да мақтанышымыз. Өткен жиырма бес жылда мемлекетіміз көркейіп, гүлденді. Өзге елдермен терезесі тең болып, болашаққа жол ашты, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан орын тепті.
Тәуелсіз еліміз 25 жасқа толды. Мерейлі де, мерекелі бұл тойымыз баршамызға құт болсын! 2030 жылы Барысша атылып, көптеген алдыңғы қатарлы елдердің алдына шығатынымызды нық сеніммен айта аламын. Өзге ұлт өкілі болсам да, менің жүрегім үнемі осы елмен бірге, осы жермен бірге соғады. Тілегі мен жүрегі бір қазақстандықтардың төл мерекесі құтты болсын!
Мен
оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды
өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның
қасиетті тілін сүйем,
Мен оның
құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін
сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған:
«Отан!» деп сыбырлаған
Жаным
менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы
бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен
биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп
өтем.
Отанды сүймеуің де күйік
екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
Оразақын Асқар. Өз туым
Бұлтсыз
ашық аспанымдай көк туым,
Ту төрінен
елге нұрын төкті күн.
Ту төбемде
қалықтады қырандай,
Қуанбаған бір
де қазақ жоқ бүгін.
Көз тартады тудан
ұлттық өрнегім,
Өнерім ғой, өлеңім
ғой ол менің.
Осы емес пе ашылғаны
бағымның,
Өшкен жанып, тірілгені
өлгенім.
Қандай бақыт өз туымды
көргенім,
Кермей кетті қанша сабаз
ерлерім.
Шат боп тұрып соларды ойлап
қамықтым,
Осы жолда төккен қан мен
терлерін.
Көтер еңсе, көкке қара ұлы
елім,
Тәуелсіздік алып тумен
түледің.
Тоймас көзім өз туыма
қараудан,
Көтеруден талмас әсте
білегім.
Кірлетпейміз сені әсте
көнертіп,
Ием бар де жауға бермей
өлер тік.
Жаса мәңгі өз көгімде өз
туым,
Желбірей бер көсегемді көгертіп!
Үйрен ана тіліңді
Өз
тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз
тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз
халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей
тұрып туған ана тіліңді.
Әлде
қалай жоғалтса ана баласын,
Бала
іздеп таппай ма өз анасын.
Өгей шеше
секілді өзге тіл де өгей,
Өз тіліңмен
ертерек тап жарасым.
Сенде айып
жоқ, тілің де емес кінәлі,
Ешкімнің
жоқ болса да оған күмәні.
Үйренбесең,
өз тіліңді білмесең.
Жазықсыз-ақ
жазғырып ел тұрады.
Қаның жаның,
қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен үлгі
алар қызың, ұлың бар.
Перзентісің
еркін, азат халықтың,
Тәуелсіз ел,
мәртебелі тілің бар.
Табан. Оразақын Асқар
Монғол,
жоңғар арт-артынан қаптаған
Кезде
елімді қалмады жау шаппаған.
Ойран
болып Отырарым, Саураным,
Сонда
болдым шұбырынды ақ табан.
Енді ес
жия бастағанда адам боп,
Ерлерімнің
маңдайынан қадалды оқ.
Тәркіленіп,
кедейленіп тапталып,
Қырылды аштан
халқым қызыл табан боп.
Жер бетінен
десе-дағы қараңды үз,
Дербестікке
жеттік әйтеу аман біз.
Жері, елі,
еркіндігі, заңы бар,
Жарлы, жаяу кілең
қара табанбыз.
Қандастарым елге
оралып қайтадан,
Дәнге далам, малға
толып сай-салам.
Қалаларым баспана
боп қазаққа,
Болсақ екен енді маңғаз
май табан.
Р әміздерім!
Сен неткен маңызды едің?!
Сенсің асыл қазынам нағыз керім.
Төбемде ту, төсімде елтаңбам бар,
Елұрандай аузымнан ән үзбедім.
Аспанымда көк туым тұр өң беріп,
Елтаңбамды төрімнен жүрем көріп.
Елұранмен әр таңда оянамын
Рахаттанып дүнием түгелденіп.
Тәуелсіздік. Қалқаман Сарин.
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің
барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше
сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына
бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың
басын тігіп бәйгеге,
Аналардың
жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош
келдің!Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз
үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып
жүре алмаса алты алаш
Азаттығым!
Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету
қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру
қиынырақ одан да!
Алла берген
азаттықтың әр сәті-
Аманат
қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа
сермей алмай семсерді,
Езгі күнге
тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда
жалын атып жастығым,
Құрсау болған
темір қоғам теңселді!
Есте даңқы
қыршындардың қалды ма,
Сексен алты
ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа,
еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа,
еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені
көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің
менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең
шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды
сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген
ғұмырымда өлшеулі!
Солнечный
круг, небо вокруг -
Это рисунок
мальчишки.
Нарисовал он на листке
И
подписал в уголке:
Пусть всегда будет
солнце,
Пусть всегда будет небо,
Пусть
всегда будет мама,
Пусть всегда буду
я.
Пусть всегда будет солнце,
Пусть
всегда будет небо,
Пусть всегда будет
мама,
Пусть всегда буду я.
Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.
Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
2. Айрылмас дос, айнымас дос,
Бейбіт өмір керек елге.
Отыз беске біз келсек те,
Тұрар жүрек сөз есте.
3. Анда солдат, мында солдат,
Халық оқтан шошынады.
Сұм соғысты, кан төгісті,
Болдырмаймыз сәби үшін.
Bright
blue the sky,
Sun up on high -
That was the little boy s
picture.
He drew for you,
Wrote for you, too
Just to
make clear what he drew.
May there always be
sunshine,
May there always be blue skies,
May there always
be mommy,
May there always be me!
My little
friend,
Listen, my friend,
Peace is the dream of the
people.
Hearts old and young
Never have done
Singing
the song you have sung.
May there always be sunshine,
May
there always be blue skies,
May there always be mommy,
May
there always be me!
Soldier lad, stay!
Hear what we
say -
War would make all of us losers.
Peace is our
prize,
Millions of eyes
Anxiously gaze at the skies.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген