Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіздіктің талантты ұрпақтары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ДҮНИЕ»колледжі
Ғылыми жоба.Тақырыбы:
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл»
Орындаған:3 курс (БББ-инф)студенті
Асанова Гульден Пазылбекқызы
2021жыл
Аннотация.
Бұл жоба «Тәуелсіздік тартулары» атты тақырыбы зерттеуге арналған. Зерттеу жұмысы мектеп қабырғасында жүргізілді. Жобамда тамырын тереңге жайған қазақ елі – әлем мойындаған , бүгінгі күні «Мәңгілік Ел» идеясымен қаруланған – Ұлы Дала Елінің кешегі өткен тарихы мен қазіргі тарихын ұштастыра білу.
Тәуелсіздік халқымызға оңай келген жоқ. Ғасырлар бойы ата-баба қанды жорығының, дабылды күресінің жалғасы деп түсінуге болады. Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік, мықты ету халықтың бірлігі мен ынтымақтастығында болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Бабалар ерлігі, бүгінгі буынымыздың ерен істері мен жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біз «Мәңгілік ел» боламыз» деген болатын.
Жоспар
І – Кіріспе---------------------------------------------------------1
ІІ – Негізгі бөлім----------------------------------------------2-5
Тәуелсіздік тартулары.
ІІІ – Қорытынды -----------------------------------------------6
ІV - Пайдаланған әдебиеттер тізімі -----------------------7
Кіріспе.
Тамырын тереңге жайған тарихымызға көз жүгіртер болсақ, саналы ойымызға сан алуан сұрақтар келетіні рас. Мысалы, «Біз кімбіз ?, Жер бетінде қашан пайда болдық ?» «Қай жерді мекен еттік?» «Тіліміз бен мәдениетіміздің деңгейі қандай?»
Бұл сан сауалдарға жауап іздейтін болсақ Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты, ғұннан қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізіміз. Біз қазақпыз?
Қазақ елі – дербестігін әлем мойындаған , бүгінгі күні «Мәңгілік ел» идеясымен қаруланған Ұлы Дала Еліміз.
Халқымыз егемен мемлекет болып, аяққа нық тұрған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде тәуелсіздігімізді ту етіп, бірлігі жарасқан ұлт болып, тамырлы тарихымызды жаздық. Осындай Ұлы Дала төсінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз.
Сонау Керей мен Жәнібек құрған хандық заманы, Абылай хан тұсындағы бейбітшілік, бүгінгі күні бірлігі бекем, болашағы бағдарлы тәуелсіз Қазақстанмен жалғасын тауып жатыр. Осынау бабалар аңсаған, баға жетпес тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға жетерлік шежіресі бар. Елдігіміз бен бірлігіміздің арқасында жай ғана тәуелсіз мемлекет емес, әлемдік аренада өзіндік орны бар өзгелер қызыға да, қызғана тамсана қарайтын мызғымас елге айналып отырғанымыз рас. Бүгінгі күні мұны қазақ елі ғана емес, күллі әлем мойындайды.
Тәуелсіздік халқымызға оңай келген жоқ. Ғасырлар бойы ата-баба қанды жорығының, дабылды күресінің жалғасы деп түсінуге болады. Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік, мықты ету халықтың бірлігі мен ынтымақтастығында болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Бабалар ерлігі, бүгінгі буынымыздың ерен істері мен жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біз «Мәңгілік ел» боламыз» деген қанатты сөзінде аса бір мағыналы мән жатқан сияқты.Біз осындай Ұлы Дала Елінің перзенттері болғанымызды мақтан тұтуымыз керек. Еліміздің дүбірлі датаның осындай ауқымды көлемде атқарылып жатқаны көңілімізде қуаныш ұялатады.Бұл датаның Тараз қаласында тойлануы қандай керемет.Өйткені дәл осы аймақта қазақ тарихындағы жаңа беттің ашылып, қазақ ұлты қалыптасқаны мәлім.Қазақ халқының басынан небір сұрапыл замандар өтсе де, ұлттық рухы мен тілін, дінін, жерін сақтап қала білген бабаларымызға айтар алғысымыз шексіз.
Негізгі бөлім.
Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз, дербес мемлекет құру кезеңінің өзі қазір тарихтың үлесінде.
Отан! Қазақстан! Тәуелсіздік! Осы үш ұғымның жолында қайсар қазақ халқы елі мен жері үшін сонау сайын далада қарсы келген жауының қаһарын қайтарды. Олар үшін ең бір қасиетті ұғым - ол Тәуелсіздік болды. Тәуелсіздігіміздің арқасында біз ұлттық рәмізімізді, туымызды, елтаңбамызды қабылдап, салт-дәстүрімізді жандандырдық. Тәуелсіздігіміздің арқасында төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті. 2002 жылы Евразияның кіндігі – Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған биіктігі 97 метрлік «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Мемлекет басшысының : «Біздің қасиетті жерімізді ежелден Ұлы Дала, ал бізді Ұлы Дала перзенттері деп атаған» сөзінің түкпірінде аса бір мағыналы мән бар екені белгілі.Осы орайда айта кететін жайт, алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың ер түріктің бесігі болған – Түркістанның ғана емес, қазақтар қара шаңырақтың заңды мұрагеріне айналғаны жөнінде жырлап, жұрттың ой санасына сәуле шашты емес пе? Оның: «Тамаша Түркістандай жерде туған , Түріктің тәңір берген несібі ғой», деген жалынды шумағының шығу тегі тарихтың қатпар-қатпар сырлы беттерінен алынса керек.
Ұлт болған соң, оның ғылымы мен мәдениеті өсіп өркендеуі үшін қазақ елін басқа елдерге таныстыру үшін, өткеніңді қастерлеп, жетістіктеріңді паш ету үшін білім керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халықтың өсіп- өркендеуі, гүлденуі үшін 1997 жылдан бері алғашқы жолдауын жолдаған болатын. Міне содан бері Елбасымыз жыл сайын халқына жолдау арнайды. Біз ел болашағы үшін сол жолдауды қолдап, нақты тапсырмалар күтеміз. Елбасының үкіметке берген тапсырмаларының назары өзім ұстаз болғандықтан, көңіліме қуаныш ұялатты. Жолдауда орта білім беру жүйесін, жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептердегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігін айтқан болатын.Сонымен қатар да биылғы жылы үш тұғырлы тілді (ағылшын, қазақ, орыс ) тілдерін дамыту үшін педагог кадрларымызды біліктілік курстарынан өткізу қолға алынуда. Осы қазақтың бірлігі мен ерлігі болмаса әлемде тоғызыншы орын алатын жерді сақтап, ұстап тұра алмаған болар едік. Ата-бабаларымыз ежелден – ақ «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді, бірлік бар жерде тірлік бар » деп өмір сүрген.
Биыл Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толды.Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ.Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолында талай биік белестерді бағындырды, толағай табыстарға қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары өз дәрежесінде жүзеге асып отыр.
Осы кезең ішінде біз қандай жетістіктерге қол жеткіздік?
Осы орайда 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: Өсу, реформалар, Даму атты Елбасының халқына арнаған Жолдауында азаттық туымыз желбіреп, тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 30 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп, «Бұл тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәті» деуге болады. Тәуелсіздікті баянды ету, мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді» - деп алдағы кезеңде сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды. Бүгінгі таңдағы Елбасының жолдауының негізгі мақсаты сын-қатерлерге төтеп беріп, әлемдік дағдарысқа қарсы тұра отырып, елдің дамуы мен дамыған отыз елдің қатарына кіру екендігін айта отырып, қазіргі таңдағы жаһандық дағдарыстар ықпалының елімізге тигізер әсері туралы айтылған болатын. Елбасымыз өз жолдауында үнемі білім саласына ерекше мән беріп отырды. Оның үстіне ұстаздарымызды қуантқан жай 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жалақының 29 пайызға өсуі. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 1700 - ден аса білім беру ошағы салынса, соның бірі балаларымыз білім алып отырған Ш. Бектасов атындағы жалпы орта мектебін айта аламын.Ғимаратымызда оқушыларымыздың білім алуына барлық жағдайлар жасалынған. Мектебіміз қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Интерактивті тақта, мультимедиялық кабинеттері бар. Онда оқушыларымыз сабақтарында зертханалық приборлармен жұмыс істеп үйренуде. Біз өз жері, өз шекарасы бар әлем мойындаған бірыңғай елміз. Осыған жеткізген жаратушы иеміз алла тағалаға және «Ұлы Далада» сан ғасыр еркіндік пен егемендікті аңсаған, сол жолда бойларындағы жандарын берсе де, ұлтарақтай жерін жауларға бермей арпалысқан ата-бабаларымызға әрқашан басымызды иіп, тағзым етеміз.
Ұлы Даланы – Ұлы етіп қалыптастырған заңдылықтары мен алғы шарттары және өрелі құндылықтары өте көп.
Биыл қазақтың тарихы қайта жаңғырып, өткенге салауат айтып, болашаққа тағы бір қадам жасаған жыл.
Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен асқан ұлы мұрат жоқ екені мәлім. Сол тәуелсіздіктің арқасында елдің кеудесі қайта көтерілді. Тамырын тереңге тартқан қазақ халқының сонау алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, еңселі елі мен іргелі жұртын сақтап қалғаны – ерік жігері мен асқақ рухының арқасы.
Еліміз Тәуелсіздігін алғалы бері жүргізіліп келе жатқан саясаттың арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр.Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналып отыр.
Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі.Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттық рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы.
Еліміз Егемендік алған соң суармалы жер, техникалар, мақта тазалау зауыттары жекешелендірілді. Халыққа жер пайы бөлініп, орташа 5-10-20 гектардан шаруа қожалықтары құрылды. 1995-1997 жылдары тек мақта өндірісімен айналысатын шаруалар саны Оңтүстік Қазақстан облысында 85 мыңға жетіп отыр. Мақтарал ауданын өзіндік орны бөлек, тіпті басқару ерекшелігі өзгеше аудан деуге болады. Оның басты себебі - байлығы да, көрсеткіші де ақ мақта. Бір кездері «Ақ мақтаны алтын қолдар өсіреді» деген мақалдаң мәні де осыдан қалса керек. Ұлттық салт дәстүрдің, әдет-ғұрыптың берік сақталып, өркен жайған шырайлы тіліміздің өсіп, дамыған жері де осы аумақ. Айта кететін болсақ, қарты батагөй, үлкені қамқор, кішісі ізетшіл, қызы инабатты, жігіті білекті, досына адал, бір- біріне кішіпейіл екендігін айтуға болады. Айта кететін мәселе суармалы жерді қолдану арқылы мақта мен күріш өсіру ауыл шаруашылығында ауыр еңбек екенін білеміз. Соған қарамастан Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өнімі биылғы жылы жоғары деңгейді көрсетіп отыр.
Еліміз Тәуелсіздік алғалы 30 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Ел экономикасындағы толғағы жеткен мәселелерді терең түсінетін Елбасы, міне осы тұста, нақтылап айтқанда, 2005 жылы қаңтар айында Астанада өткен агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде және өңдеуде, соның ішінде, оңтүстіктегі мақта шаруашылығының жоғары әлеуетін ашуда кластерлік жүйені белсенді пайдаланудың қажеттілігін, осы арқылы тоқыма өнеркәсібін дамытуға болатынын мақта өндіру, өңдеу саласының келешегі бар екенін баса көрсетіп айтты.
Елбасымыздың денсаулық сақтау саласына да, спорт саласына да бей-жай қарамағаны белгілі. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің де жалақысын көтеріп, көптеген емдеу орталықтарының салынуына ықпал жасауда. Қазіргі таңда Елбасы жолдауларының бірінде « Дені сау анадан – дені сау бала туылатынын айтып, ана мен бала денсаулығына да қатты көңіл бөлініп отыр. Мемлекетте жұмыс істемей отырған аналарымыздың да жағдайын естен шығарған жоқ. Балалардың денсаулығына, тамағына жұмсау мақсатында біржолғы жәрдем ақы мен бір жасқа дейінгі жәрдем ақыларын көбейтіп отыр. Сонымен бірге спорт саласында дамып жатқан жетістіктерімізге тоқталсақ, биылғы жылы Рио – де Жанейрода өткен жазғы олимпиадасына спортшыларымыз қатысып, Қазақстан құрамасы 17 медальмен рекордтық нәтижеге қол жеткізіп отыр. Атап айтқанда ауыр атлетикадан Жадыра Жаппарқұл, Нижат Рахимов, Александр Зайчиков, суда жүзуден Дмитрий Баландин, секіруден Лондон олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова, әйелдер күресі бойынша Эльмира Сыздықова, бокстан Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Дариға Шәкімова, дзюдодан Елдос Сметов сынды спортшыларымызды айта кетпесек болмас.
Қазақ халқы үшін «Ұлы Дала – Ұлы ұғым». Қазақстанның мәдениетін өркендетуде де елеулі жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі кезде мәдениет саласында аты атаулы қазақтан шыққан ұлы перзентіміз Қызылорданың тумасы «Ұлы Дала Баласы» Төреғали Төреәліні айтуға болады. Ол бүкіл қазақ жерін аралап, «Ұлы Дала Баласы» атымен ән кешін өткізуде. Халық оны мақтанышпен, тыңдай біледі деуге болады. Айта берсек мұндай өрелі де өнегелі істер көптеп жалғасын табуда. Міне, бұл да ұлттық дәстүріміздің жалғасуы, тәуелсіздігіміздің жемісі екені даусыз. Біздің қазақ Ұлы далада жаратылып, Ұлы далада өсіп келеді. Ұлы дала бүкіл әлемдік өркениеттің бастау алған жері. Ол тұрғысында жер шарының ең беделді археолог ғалымдары сенсациялық жаңалықтар ашуда. Мысалы, Ботай, Берел, Тарбағатай, Көкшетау, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз, Кереку, Атырау, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Орал-Жайық бойлары, Сарыарқа қорымдарынан табылған қазбалар оған анық дәлел бола алады. Жалпы алғанда, Ұлы дала болмысы, тарихы, мәдениеті,салт-дәстүрі нағыз ұлттық идеологияның өзі. « Ұлы Дала» – ұлтымыздың кіндік қаны тамған, ата-бабаларымыздың қаны мен тері сіңген құт қонған, ұялы мекені.
Қазақтың жер астындағы кен байлығы өте көп, ұлан – ғайыр, ол халыққа жұмыс істейді, ол болашақтың шаруасы. Ал жердің үстіндегі ен байлығымыз – біздің халқымыз, сауатты халқымыз. Отанын, елін, жерін сүйетін ұлы халқымыз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Ұлы Даланың маңыздылығына жете көңіл бөліп, биік белеске көтеріп отыр.
Жалпы алғанда біз Ұлы деген сөзден қашпауымыз керек. Қазақ – Ұлы халық. Қазақ Ұлы болмаса, осынау көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын алып жерді ұстап тұра алмаған болар еді. Ата – бабаларымыздың зерттеуінше қазақтың тарихында болған барлық соғыстардың 93,3 пайызы осы Ұлы дала жерін жаулардан қорғау үшін болған. Біздің міндетіміз – Ұлы даланы қастерлеу, құрметтеу, тарихын зерттеу, соны тек зерттеп қана қоймай болашақ ұрпақтың игілігіне жарату – Ұлы даланың қазіргі жастарын рухты болуға, ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке, жерді сүюге тәрбиелеу. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы ата-бабаларымыздай ержүрек азаматтарды дайындау болып табылады.
Қорытынды
Аз өмірді мағыналы кешіп, артында өшпестей із тастап тарихта атын қалдыратын он саусағынан өнері тамшылаған қаншама дарын иелері, қол бастаған көсемдер мен шешендер, ғалым философтар тағы басқа да дара ғұламалар баршылық. Ел басқарған дара тұлғалар, асыл жандардың туған жер төсіне төккен тері мен еткен еңбектері жайлы баяндап, қазіргі жастар мен кейінгі ұрпаққа өнеге етуді мақсат еттім.
Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері, ұлтымыздың жаңа замандағы қайта өсіп, өркендеуі, рухани экономикалық еркіндігімізді, дүние жүзілік қоғамдастықпен, әлемнің дамыған ел, мемлекеттерімен тереземіз тең жағдайда қарым-қатынас жасау мүмкіндігіміздің барлығының да бастауы – біздің мемлекеттік Тәуелсіздігімізде.
Қысқа мерзім ішінде дағдарыстан шықтық. Ұлттық теңгеміз айналымға кірді, жаңа экономикалық қатынастар қалыптасты.Өндіріске жаңа технологиялар енді. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды. Өз сәулетімен таң қалдыратын жаңа Астана салынды. Жаңа заманауи білім ошақтары мен ауруханалар бой көтерді.Қазақты әлем таныды.Мемлекеттігіміз тұрақтанды.Халықаралық жағдайымыз жақсарып, халық санының өсуі жылдан-жылға артып келеді. Елімізде медицина саласы қарқынды дамып, түрлі қауіпті кеселдерді емдеу өз елімізде іске асырылуда. Елбасы Жолдауындағы «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынымыздың ерен істері мен жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз деп өте орынды айтқан.
Заманымыздың заңғар жазушысы атанған Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген қанатты сөзі текке айтылмаған.Демек адамзатты терең ойға білім жетелейді. Себебі кезінде ата- бабаларымыз мақсат еткен білімді ұрпақ, сауатты ұрпақ бүгінгі күні өз-өзінен, біздің Отанымыздың дәулеті мен сәулеті арту үшін «мен не істедім?» деп сұрау керек. Ең бастысы – тәртіп пен реттілік сондай – ақ бұлжымас құндылық бар – ол білімге ұмтылу.
Уақыт көші зымырап өтуде. Кешегі өткен ғасырлардағы халықтың басынан кешкен ауыр бейнет, ашаршылық, сауатсыздық бәрі артта қалды. Қасиетті туған жеріміздің тәуелсіздік жолындағы жасаған ерлік істерін айту алдағы уақытта да толастамайды деп сенемін.