Тақырыбы:
«Тәуелсіздіктің тұғыры
биік болсын!»
Мақсаты:
Қазақстан
Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін
қалыптастыру. Қазақстанның туы туралы түсінік
беру.
Көрнекіліктер: ҚР Рәміздерінің суреттері, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
суреті, Желтоқсан оқиғасының құрбандары Л.Асанова мен
Қ.Рысқұлбековтың суреттері.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,
сұрақ-жауап.
ҰОҚ
барысы: Шеңберге тұрып «Шаттық шеңберін»
ұйымдастыру.
Армысың, алтын
күн,
Армысың, жер
Ана.
Армысың, көк
аспан,
Армысыңдар,
достарым!
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет
түрі:
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу
қызметімізді
Қазақстан Республикасының
гимнімен бастайық.
ҚР гимні
орындайды.
Сұрақ-жауап:
-Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
Қыс
-Қыс мезгілінде неше ай
бар?
3 ай бар
-Қыс айларын
атайық?
Желтоқсан, Қаңтар,
Ақпан
-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай
болады?
-салқын болады
-үстімізге қандай киім
киеміз?
жылы киім
киеміз
-Қандай ойындар
ойнаймыз?
Сырғанақ тебеміз, аққала
жасаймыз
Жарайсыңдар
балалар!
Біздің еліміз қалай
аталады?
-Тәуелсіз Қазақстан
Республикасы
Біз аспаны ашық,
сәулелі,кең,байтақ елде
тұрамыз.
Ол ел
–Қазақстан
-Дұрыс, еліміз, Отанымыз,
жеріміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады екен. Желтоқсан
айында бірнеше мереке бар. Олардың алғашқысы Президент күні болса,
одан кейін тәуелсіздік күні мерекесі
екен.
Күні бүгінде Қазақстан
Республикасын бүкіл әлем мойындады. Әр адамның өз Отаны, атажұрты,
мекені, қонысы болады екен.
Дидактикалық
ойын : «Бәйтерек»
құрастыру
Бәйтерек туралы мағлұмат
беру.
Мақсаты: «Фребель
сыйы»құралдарынан бәйтеректі
құрастыру.
Балалар Отан туралы
қандай тақпақтар
білесіңдер?
1.-бала
Аралаймын
алаңды
Тәуелсіздік күні
мен
Батыр Қайрат
ағамның
Суретіне
үңілем.
Он алтыншы
желтоқсан
Тәуелсіздік алған
күн
Ел жанында қалған
күн
Сергіту
сәті:
Жоғары қарап күн
көрдім,
Төмен қарап жер
көрдім,
Оңға, солға
бұрылып,
Егеменді ел
көрдім.
-Елімізді басқарып
отырған елбасымыз кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
балалардың жаубаптары
тыңдалады)
-Дұрыс айтасыңдар. Біздің
тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1
желтоқсанда сайланды.
-Ал қәзіргі уақытта елімізді басқарып отырған
елбасымыз
-Қасым –Жомарт Тоқаев
2019 жылы 9 маусымда ел Президенті болып
сайланды.
-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не
жатады ?
-Ту, елтаңба,
гимн.
-Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі
бар?
-Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн
және қыран құс.
-Ел таңбамызда ненің бейнесі бар
?
-Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің
тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның
қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді
білдіреді.
Слайд – шоу арқылы Желтоқсан
оқиғасын көрсету
Ту, Елтаңба туралы
тақпақтарымызды еске
түсірейік
-
бала
Азат елдің
шалқыған,
Көңілі деп
білерсің.
Отан туралы
мақал-мәтелдерді еске
түсірейікші.
-
Бала
Отан оттанда
ыстық.
Отан-отбасынан
басталады.
Сұрақ
-жауап
-Бүгінгі ашық оқу қызметіміз
ұнады ма?
- Иә,
ұнады.
-Рәміздерді еске
түсірейік
Ұлттық ойын:
«Соқыртеке»
Ойын шарты: тәрбиеші балаларға
ойын шартын түсіндіреді.
Сонымен, біздің бүгінгі ашық
оқу қызметіміз аяқталды.