400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуілсіздік - тірегім"ү

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақша тәрбиешілеріне тематикалық сабақ өтулеріне болады . Бұнда барлық жоспар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, балалар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған « Тәуелсіздік -тірегім » атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз. Желтоқсан, Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрібақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр күн,аға-апаларымыздың қиындықпен жеткен күні.

1.Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

2.ТАҚПАҚТАР.Ануар,Мадина.

1.Бабамныңда арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.

2 .Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің қызымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

3. Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

Желтоқсан көтерілісінен үзінді.

КӨРІНІС;

Расул , Алина , Айзере , Еркебұлан , Махмет.

4.Бақдаулет,Дияр

1.Бақдаулет,

Сүйінші,сүйінші,алақай! Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды! Еліміз егеменді ел болды!

2.Дияр.

Сүйінші,сүйінші,алақай! Тәуелсіздік жасасын! Егемендік жасасын!

4. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруағы ағалардың ырза болсын.

1 минуттық үнсіздік

5.ТАПАҚ; Димаш.

Бабамныңда арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолына,

Менің Қазақстаным!

6.ӘН; «Көк тудың желбірегені.»

7.ТАҚПАҚ; Расул, Алина.

1.Құтты болсын Тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі,

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың лапылдаған.

2.Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі!

Желбіресін көк туымыз керегеде,

Тату-тәтті халқымыз әрқашанда,

Кетпесін туған жердің берекесі.

8.БИ; «Солдаттар»

9.ТАҚПАҚ;

Бақдәулет;

Желтоқсанның қанды суық ызғары

Қалың әскер қазағымды қорлады

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

Дияр;

Болмасамда сол кезде мен сеземін,

Жүректе намыс оты сөнбегенін.

Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңаилықпен келмегенін.

Еркебұлан;

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын,

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым.

Әр ұрпақтың құрбандавры жетерлік,

Дербестікке кім сұрамақ басқа күн.

10. ӘН;

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па,

Өз - өзінен жүрегім ән салады.

«Жасыл жайлау.»

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік -тірегім» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі