400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
а) білімділігі: Тәуке ханның, хандық құрған кезіндегі елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәукенің ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу. Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңдары мен қазақтың ұлы билердің өмірі мен қызметі даналықтары туралы мәліметтермен танысу. ә) дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру. Түрлі тірек - сызбалар, түрлі танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра білуге үйрету. б) тәрбиелігі: Өз елінің тарихын білуге, Қазақ тарихында Тәуке хандай құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткерінің халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ

Мектеп:  Еңбекші ауылының орта мектебі

Күні:

Мұғалім есімі : Кайпназарова Райса Пердебаевна

Сынып 7

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Сабақ негізделген оқу мақсаты


а) білімділігі: Тәуке ханның, хандық құрған кезіндегі елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәукенің ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу. Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңдары мен қазақтың ұлы билердің өмірі мен қызметі даналықтары туралы мәліметтермен танысу.

ә) дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру. Түрлі тірек - сызбалар, түрлі танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра білуге үйрету. 
б) тәрбиелігі: Өз елінің тарихын білуге, Қазақ тарихында Тәуке хандай құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткерінің халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

  • Тәукенің хан тағына отыру кезеңі, хан тағына отыруы туралы түсінік қалыптасады. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Тәуке ханның, хандық құрған кезіндегі елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәукенің ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін біледі. Өз бетімен тақырыпқа қатысты СТО тапсырмаларын орындайды.

Кейбір оқушылар

  • Қазақ тарихында Тәуке хандай құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткерінің халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай біледі, тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытады, өткен және қазіргі оқиғаларды салыстыра біледі.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдісі

Топтық жұмыс, «Фишбоун», «Адамдар мен оқиғалар», «Ойлан, тап», «Екі жақты күнделік», «Сематикалық карта», «Жылдар сыры» т.б.

Сабақтың көрнекілігі:

Слайдтар, суреттер, постер, атлас, карта, тірек - сызбалар, т. б.

Жоспар

Жоспарланған уақыт 45 мин


Жоспарланған жаттығулар

Оқушылардың іс-әрекеті

І Ұйымдастыру

(3мин)
















Түгендеу, даярлығын тексеру, ынтымақтастық атмосферасын құру, топқа (батырлар суреттері арқылы) бөліну.

Армысыздар! Бүгін біз «Билер кеңесін» өткізу мақсатында Күлтөбенің басына жиналып отырмыз. Бұл кеңеске Тәуке хан мен атақты 3 би Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған ақсүйектер, батырлар мен әскербасылар қатысқалы отыр.

І топ: «Тәуке хан»

ІІ топ: «Төле би»

ІІІ топ: «Әйтеке би»

ІҮ топ: «Қазыбек би»

Бұл кеңесте мынандай мәселелер талқыланады.

Күн тәртібінде:

1-мәселе: Өткен тақырыптарға шолу (нәтижесінде тақырып анықталады).

2-мәселе: Жаңа сабақ: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»

3-мәселе: Бекіту тапсырмалары.

4-мәселе: Үйге тапсырма беру.

Қаулы қабылдау, шешім шығару, бағалау (Ол үшін сабақтың мақсатына сәйкес «Ашық журнал»ға бағалау критерийін құрып алайық) .

Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы ынтымақсастық қалыптасады, топ мүшелерін анықтайды










Күн тәртібіндегі мәселелермен танысады.

1-мәселе:  Өткен тақырыптарға шолу (нәтижесінде тақырып анықталады).

(3мин)

Т- өзбек ханымен жасасқан “ант беріскен шартты” бұзған, 1582-1598 жылдары қазақ хандығының ханы болған? (Тәуекел хан)

Ә-Қазақ хандығының құрылуы алғышарттарының бірі сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды. Ол қай мемлекеттер? (Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандықтары)

У-хан кеңесшісі (уәзір)

К-Қай ханның тұсында қазақ халқының саны 1млн-ға жетті?(1511-1518 жылдары) (Қасым хан)

Е-Қай хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп жариялап , 1598-1628 жылдары хан болды?

Х-1582 жылы Тәуекел хан Ташкент билеушісі Баба сұлтанды өлтіріп,1538-1580 жылдары ел билеген қай ханның кегін қайтарды?

А-Болаттың ең асылынан соғылатын батырлардың бес қаруының бірі (алмас қылыш)

Н-Орталығы Орхон өзенінің бойындағы Балықты қаласы болған ХІІ ғасырдың екінші жартысында аты шыға бастаған мемлекет (найман)

Әр топ өзіне берілген тапсырмаларға жауап береді.

2-мәселе: Жаңа сабақ: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»

(16мин)




Сабақтың жоспары:

1. Тәукенің хан тағына отыруы (1680-1715 жж.)
2. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
3. «Жеті жарғы»
4. Ұлы билер.

І топ: «Тәуке хан» тапсырмасы: «Адамдар мен оқиғалар» Жәңгір мен Тәуке ханның тарихи бейнесін құрастыр.

ІІ топ: «Төле би» тапсырмасы: Тәуке хан тұсырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

ІІІ топ: «Әйтеке би» тапсырмасы: Жеті жарғы (Фишбоун әдісі)

ІҮ топ: «Қазыбек би» тапсырмасы: Картамен жұмыс (Орбұлақ шайқасы, «Билер кеңесі» өткізілген жерлер, сыртқы саясаты т.б.).


Сабақ жоспарымен танысады. Топтарға берілген тапсырмаларды орындайды (6мин), қорғайды (2мин).

Топтарға ортақ тапсырма «Би» сөзіне ассоциация құру (8мин):


Төле бидің «Қайткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» деген суал қоюы. Оқушылардың жауабы тыңдалып болғаннан соң бір талдан шыбық таратып сындыру ұсынылады. Содан кейін бір топ шыбық беріп сындырып көру ұсынылады да, Әнет бабаның жауабын оқулықтан оқып, қорытынды шығарылады.

3 мәселе: Бекіту сұрақтары

(6мин)

  1. І топ:

  2. ІІ топ:

  3. ІІІ топ:



ІҮ топ:



1628-1652 жж. Есім ханның баласы Жәңгір қазақтың хан тағына отырады.

1643 ж. Жоңғардың қалық қолы қазақ жеріне басып кіреді, Орбұлақ шайқасы.

1680 ж. Тәукенің хан тағына отыруы.

1681-85 жж. Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады.

1694 ж. Тәуке хан І Пертмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту арқылы келісім жасады.

1663 ж. Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсаң жайлауында Төле би дүниеге келеді.

Топтар өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды, бірін-бірі тексереді.

Рефлексия

(2 мин)

Тәуке ханнан сұхбат алу мүмкіндігі боған жағдайда қандай бір сұрақ қояр едің, сол сұраққа сен Тәуке хан болсаң қалай жауап берер едің.

Оқушылар сұрақтарын айтып, сол сұраққа өздері жауап береді.

4-мәселе: Үйге тапсырма беру:

(1мин)

§ 42-43. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы оқу, билердің шешендік, даналық сөздері мен бата-тілектерін жаттау.


Үйге берілген тапсырманы жазып алады

Бағалау (5мин) «Қаулы қабылдау»

Шешім шығару, «Ашық журнал»дағы критерийлерге сәйкес бағалау

Оқушылар өз-өздерін бағалайды





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
990
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі