Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуклсіздік - таңы атты"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Болашақ» балабақшасы



Бекітемін:

«Болашақ» балабақшасының

әдіскер ________

«___»____________ 2018 ж.







1 «Балапан» ІІ-кіші тобында

ІІ-жартыжылдыққа арналған Монттессори технологиясы бойынша

«Зообаққа саяхат» атты қорытынды ашық

ұйымдастырылған оқу-қызметі






Тәрбиеші: Утенова А. О.

Әдіскер: Утенова А.О.













Құрық ауылы

2018 жыл.


































































МКҚК «Болашақ» балабақшасы



Бекітемін:

«Болашақ» балабақшасының

әдіскер ________

«___»____________ 2017 ж.







1 «Балапан» ІІ-кіші тобында

Тәуелсіздік күніне арналған

«Тәуелсіздік таңы атты!»

атты ертеңгілігінің сценарийі





Тәрбиеші: Утенова А. О.

Бұсұрманова М. Б.

Әдіскер: Утенова А.О.














Құрық ауылы

2017 жыл.


«Тәуелсіздік таңы атты!»

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға, ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген.

«Көк тудың желбірегені» әнінің әуенімен балалар туды желбіретіп залға кіреді.

Армысыздар, құрметті ата - аналар,балалар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы атты» атты мерекелік ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

-Балалар, бүгін қандай мерекені тойлап жатырғанымызды терең түсіну үшін кішкене көрінісімізге назар аударайық.

Көрініс: «Әже мен немере»

(Немересі ұйықтап жатып, шошып оянады)

Немересі: Әже, әже қайдасыз?

Әжесі: Құлыным – ау, не болды?

Немересі: Әже, мен түс көрдім.

Әжесі: Қане, айта қойшы не көрдің?

Немересі: Түсімде мен аспанға ұшып, бойым күнге дейін жетті. Аспанда бүркіттей самғадым. Керемет түс емес пе, әже, жорамалдап беріңізші?

Әжесі: (ойланып) Бұл түсің жақсылықтың нышаны. Ата – бабаларымыз аңсаған еркіндікке қолымыз жетеді. Аспанда бүркіттей самғап, күніміз ашық болады. Яғни Тәуелсіздік таңымыз атып келеді.

Немересі: (қуанып) Әже, жүріңіз халықтан сүйінші сұрайық. Көп ұзамай Тәуелсіздік таңы атады. Әжесі мен немересі сүйінші, сүйінші деп шығып кетеді.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 26 жыл болып қалыпты. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші:  Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!


Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 
Қазағымның қастерлі – Әнұраны.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш! – деп балалардың жылы лебіздеріне кезек берейік.

Балалардың тақпақтары:

Акнұр

Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым.

Ерназар

Тәуелсіздік ел бірлігі

Асқақ арман таласқан.

Кемелхан

Тәуелсіздік достығымыз

Ынтымағы жарасқан.

Малика

Отан- сенің ата-анаң

Отан- жақын бауырың.

Сабина

Отан -өлкем астанам

Отан- аудан ауылым.

Жүргізуші: «Отан, оттан да ыстық » дей отырып, балалардың орындауында «Менің Отаным» әнін қабыл алыңыздар!

Балалар қане, интербелсенді тақтаға назар аударайықшы. Бізге байланысқа «Тәуелсіздік» монументі Алтын Адам байланысқа шығып, бізге тілек айтпақшы.

Алтын Адам: Балалар, сәлеметсіздер ме?! Тәуелсіздігімз тұғырлы болсын, еліміз тыныш болсын. Әрқашанда көк туымыз көгімізде желбіреп, қалықтай берсін. Балалар, менің сізге байланысқа шыққан себебім, қазіргі таңда тәуелсіз елдің ұрпақтары ретінде қолыңыздан не келетінін, қандай өнерлерің бар екенің көргім келеді.

Жүргізуші: Балалар, Алтын Адам біздің қазіргі таңдағы жетістігімізді көргісі келеді екен, балабақшада не үйреніп жүргенімізді білгісі келеді. Ендеше біз Алтын Адамға көрініс қойып берейік.

Драматизациялық ойын: «Үйшік» ертегісі

Рөлдерде: Нүрел, Гүлназ, Әлнияз, Мадина, Кемелхан, Әбдірахман

Жүргізуші: Біз жасұлан отан өркені

Үміт артқан болашағы, ертеңі

Тәуелсіз елдің даңқын көкке көтеріп

Гүлге бөлетіп, жайнатамыз өлкені!

Балалардың тақпақтары:

Арсен

Отан дейміз туған жер атамекен.

Аят

Отан дейміз от жаққан жерімізді.

Е. Нұрай

Отан дейміз өсірген елімізді.

Гүлназ

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Мадина

Ардақты ата мекенім,

Отаным Қазақстаным.

ЖүргізушІ: Қазақ жері – сәніміз,

 Мәуесі мол бағымыз.

 Саясында жетілер,

 Балдай бала шағымыз, - деп келесі кезекті балалардың әсем әніне берейік.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»


Нүрел

Болашаққа бастаған,

Шарықтасын асқақ ән.


Әбдірахман

Елордасы Отанның,

Мақтанышым Астанам.


Әлнияз

Әділеттің ұраны

Ақиқаттың шырағы.


Шайхислам

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.

(Білгішбек келеді)

Білгішбек: Білгішбек келеді, амандасады.Өзін балаларға таныстырады.Қолында кішкентай сандық.

-Балалар,  менің қолымда қандай затты көріп тұрсыңдар? -Сандықтың түсі қандай? -Пішіні қандай? -Балалар,сандықтың ішінде тапсырмалар бар,оған жауап бересіңдер ме?

Олай болса балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

2.Қазақстанның Астанасы қай қала? (Астана)

3.Біз қандай елде тұрамыз? (Тәуелсіз, көп ұлты елде )

Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын тамашалаңыз.

Балалардың тақпақтары:

Мирас

Қазақ жері сәніміз,

Мәуелі мол бағымыз.


Алдар мен Томпақ шығып кетеді.

ӘН: «Зеңгір көктен»


Ханшайым

Саясындай жетілер

Балдай бала бағымыз.


2.Нұрислам

Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы


Алуа

Еңбек ортақ, жер ортақ.

Ортақ бізге барлығы


Рамазан

Аман болсын еліміз,

Аман болсын жеріміз.


5 Шахмардан

Тәуелсіздік елінде,

Туып өсіп келеміз.

Әлнасыр:

Туған жерім, туған ауылым

Сүйікті менің Қазақстаным!

Білгішпек: Рахмет балалар

Балалар енді мен сендермен шаңырағымыз биік болсын деп «Киіз үй» ойынын ойнағым келіп тұр.

Шарты: Балалар 4 топқа бөлінеді, әр топтың алдында шаңырақ секілді етіп жасалған орташа шеңберлер тұр. Балалар өз шеңберлерінің жанында билейді,осыдан кейін үлкен шеңберді айналып жүреді. Әуен тоқтағанда балалар өз шеңберлеріне жүгіріп келіп оны жоғары көтереді. Тек команда бірге, бір уақытта көтеруі тиіс.

Білгішбек: Жарайсыңдар, балалар! Шаңырағымыз ешқашан төмен түспесін! Тәуелсіздік жасасын! Ал, енді мен сендермен қоштасамын.

Балалардың тақпақтары: Ағылшын тілі

Шахмардан

Кәзәхстан из май кантри,

Кәзәхстән из май лэнд.

Қазақстан менің Отаным,

Қазақстан менің жыр әнім.


Айзере

Ай лав май лэнд,

Ай лав май кантри.

Ай лав май кәзәкстан.


Сүйем сені туған жер.

Сүйем сені туған ел,

Сүйем сені Отаным Қазақстан.


Арайлым

Мазәлэнд из май фамили,

Мазәлэнд из май фрэнд.

Отан-менің ата-анам,

Отан-менің досым, бауырым.


Алуа

Зэриз васт лэнд,

Индэпендент кантри

Из кәзәхстан.

Ұлан байтақ жері бар,

Тәуелсіз ел-қазақстан.


Ата-анамен ойын: «Мимика»

Мақсаты: Ыммен түсіндіру арқылы айтылған сөзді ұғыну. Зейінділікке баулу.


Балалардың тақпақтары:

Айзере

Қазақ жері Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан.



2 Нүрайша

Тәуелсіздік достығымыз,

Ынтымағы жарасқан.



3 Д. Нүрай

Қазақ жері сәніміз,

Қазақ жері қазақстан.


4. Ырысбек

Отан жерім, Отан суым

Отан қуат нәр береді.





5.Зафира

Отан, отан, отан, туым

Отан мәңгі гүлденеді.


Ән: «Менің Қазақстаным»


Арайлым

Отанды жас кәріміз,

Туған жер деп сүйеміз.


Әбілқайыр

Өйткені онда бәрімізде,

Туып өмір сүреміз.


3 Нүрбол

|Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.


Мәлік

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.



Жүргізуші:

Шашады арай күн нұрын

Қуаныш толы күн бүгін.

Тойлайды елім, тәуелсіздігін

Өзінің 26 жылдығын деп

«Тәуелсіздік таңы атты!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Отанымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12