Ұйымдастырылған іс-әрекет : « Танымдық дағды» Математика негіздері
Күні18 қаңтар 2024ж
Тақырыбы: Тәулік бөліктері санап үйренейік
Мақсаты: Балалардың ұғымындағы тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) туралы түсініктерін кеңейту, үш саны туралы түсінік беру.
Міндеті
Балалардың ұғымында тәулік бөліктеріне қатысты уақыттар:
«таңертең», «күндіз», «кеш», «түн» туралы түсініктерін тиянақтау;
«тең» ұғымын екі тәсілмен саны бойынша кем топқа бір затты қосу
немесе артық топтан алып тастау арқылы қалыптастыру; сандарды
ретімен санауды үйрету.
Зейін, есте сақтау, ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
Балаларды зеректікке, байқампаздыққа, тәртіптілікке, достыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік материалдар.
Ғажайыптарды білдіретін әуенжазба.
Таңертең, түс, кеш, түнгі уақыт көріністері. Тәулік бөліктері
туралы бейнеролик, интербелсенді тақта .Суреттер сериясы.
1. Балалардың ұйқыдан тұрғаны.
2. Балалардың ойыншықтармен ойнап жатқаны.
3. Балалардың ойыншықтары жинаулы тұрған бөлмеде жүргені.
4. Балалардың ұйқыда жатқаны.
Баяу ырғақты әуенжазба.
Математикалық екі жолақты панно, әр жолақ алты шартты шақпаққа
бөлінген.
Көрнекілік карточкалары
Алмалардың бір жолақта тізілгені және сәйкес сандардың салынған
тәртібіннің сызбалы суреттері.
Әдіс
тәсілдер Аудиожазбаны тыңдау,
бейнеролик көрсету, көркемсөз, пантомима дамытушы ойыны, панно
алдында іс-тәжірибе жаттығуы, үстел басында іс-тәжірибе жаттығуы,
дамытушы жаттығу, пысықтау, балалардың іс-әрекетін
бағалау.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің басында
тәрбиеші:
Аудиожазбаны
тыңдау.
Балаларға ғажайыптарды білдіретін әуенжазба естіледі.
Тәрбиеші
– Балалар, бүгін тәулік уақыттарымен танысамыз. – Мұқият қарап
отырыңдар, барлығың мені жақсылап тыңдаңдар.
Балаларға тәуліктің төрт бөлігі: таңертең, түс, кеш, түнгі
уақыт көріністері туралы суреттер
көрсетіледі.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Көркемсөз.
Дина Ахметова «Төрт ағайынды».
Тәулік үйінде төрт ағайынды тұрады,
Бірінен соң бірі жүреді.
Аттары да қызық екен, мүмкін,
Таңертең, Күндіз, Кеш және Түн.
Ағайын
болса да, бір жерде кездеспейді,
Бір мезгілде төртеуі көріспейді.
Таңертең, түсте, кешке, түнде,
Солай болады, балалар, күнде-күнде.
– Балалар, мына тақпақ не туралы? Бұл тақпақ тәуліктің төрт
уақыты, төрт бөлігі туралы. Қайталаймыз. Жақсы.
– Асан, сен тәуліктің қандай бөліктерін есіңе сақтап
қалдың?
– Тағы бір рет айтып шығайық. Таңертең, түс, кеш, түн.
Жарайсыңдар!
2,1Топтар арасында дамытушы
пантомима ойыны. «Бір тәулік ішінде не
істейміз?»
Мақсаты.
Тәулік бөліктерін бір-бірінен ажыратуды және айырмашылықтарын
түсінуді үйрету.
Шарты.
Балалар төрт топқа бөлінеді. Әр топ тәуліктің белгілі
бір бөлігінде болатын қимылдарды пантомима арқылы жеткізеді.
Қарсылас топтың балалары тәулік бөлігін танып айтады.
Егер қарсылас топтар жауапты таппай жатса, ойынды бастаған
топтың балалары жауапты өздері айтады. Барлық топ осы ретпен жауап
береді.
Соңғы шешуші амал – тәуліктің таңертеңгі бөлігіне қатысты төрт
сюжеттік суреттің бірін көрсету. Балалардың жылдам
ұйымдасу дағдылары жеткілікті түрде қалыптаспаса, бүкіл топты
төрт шағын топқа бөлмей, пантомиманы көрсету үлгісі белсенді
балалардың біреуіне немесе бірнеше балаға жүктеледі. Балалар осыған
дейін балабақшаға келмеген болса, онда педагог қимылдарды өзі
көрсетеді.
Барысы.
– Балалар, қазір ерекше ойын ойнаймыз. Сендер менің үстелімдегі
төрт түрлі таңбалауыштарды алып көріңдер.
– Кімде қызыл таңбалауыш бар болса, мына қызыл дөңгелектің
қасына жиналасыңдар.
– Кімде көк таңбалауыш бар болса, мына көк шаршының
қасына жиналасыңдар.
– Кімде жасыл таңбалауыш бар болса, мына жасыл үшбұрыштың
қасына келесіңдер.
– Кімде сары таңбалауыш бар болса, мына сары сопақшаның
айналасына тұрасыңдар.
– Жақсы.
– Әр топта өзіне тиісті сурет бар. Оны ешкімге көрсетпейміз.
Топтағы балалардың қолындағы суретте тәуліктің қай уақыты
көрсетілген, топ мүшелері сол мезгілге қатысты қимылдар
жасайды.
Тәрбиеші кезекпен топтарды аралап, қимылдарды көрсетуге
көмектеседі.
– Бірінші топ. Бірінші топ ұйқыдан ояну қимылдарын жасайды.
– Бұл тәуліктің қай уақытында болады? (Таңертеңгі уақытта
болады.) Жарайсыңдар!
«Таңертең», №1-суретті
көрсету.
— Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауаптары.
— Біз қашан оянамыз? Қай уақытта болады?
— Иә. Бұл таңертең болады. Жарайсыңдар.
— Бұл уақыт, тәулік бөлігі – таңертең деп аталады. Қайталап
айтыңдар.
— Таңертең тағы не істейміз?
Балалардың жауаптары.
— Иә. Таңертең біз тісімізді тазалаймыз, киінеміз, балабақшаға
келеміз, жаттығу жасаймыз, таңғы ас ішеміз. Жарайсыңдар.
«Күндіз», №2-суретті
көрсету.
— Балалар, ал бұл суреттен не көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауаптары.
— Біз қашан ойнап жүреміз? Бұл қай уақыт?
— Иә. Бұл күндіз болады. Жарайсыңдар.
— Бұл уақыт, тәулік бөлігі – күндіз деп аталады. Қайталап
айтыңдар.
— Ал күндіз тағы не істейміз?
Балалардың жауаптары.
— Иә. Күндіз біз білім аламыз, ойнаймыз, серуенге шығамыз,
түскі ас ішеміз, күндіз ұйықтаймыз. Жарайсыңдар.
«Кеш»,
№ 3-суретті көрсету.
— Балалар, бұл суретте не бейнеленген?
Балалардың жауаптары.
— Біз қашан үйге қайтамыз? Бұл қай уақыт?
— Иә. Бұл кешке болады. Жарайсыңдар.
— Бұл уақыт, тәулік бөлігі – кеш деп аталады. Қайталап
айтыңдар.
— Ал кешке тағы не істейміз?
Балалардың жауаптары.
— Иә. Кешке біз кешкі ас ішеміз, үйге қайтамыз, үйде ойыншықтармен
ойнаймыз. Жарайсыңдар.
«Түн»,
№ 4-суретті көрсету.
— Балалар, бұл суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауаптары.
— Біз қашан үйде, төсегімізде ұйықтаймыз? Бұл қай уақыт?
— Иә. Бұл түнде болады. Жарайсыңдар.
— Бұл уақыт, тәулік бөлігі – түн деп аталады. Қайталап
айтыңдар.
— Ал түнде тағы не істейміз?
Балалардың жауаптары.
— Иә. Түнде біз тек ұйықтаймыз. Неге?
— Дұрыс. Сыртта тыныш және қараңғы. Түнде адамға демалу керек.
Жарайсыңдар.
Ойыннан кейін балалар үстелдеріне қарай өтіп, өз орындарына
отырады.
2,2Панно алдында іс-тәжірибе жаттығуы.
«Әр табақшаға бір алма».
Балалар
жарты шеңбер құрап отырғызылады.
Жаттығуды орындауға екі жолақты панно қажет. Әр жолақ шартты
алты шақпаққа бөлінген. Жасыл табақшалар мен қызыл алмалардың
суреттері салынған көрнекілік карточкалары. Бір, екі, үш сандарының
карточкалары қолданылады.
– Балалар, адамдар тәулігіне қанша рет тамақ ішетінін ойлап
көрейік. Таңертең, түсте, кешке. Иә. Үш рет ішеді. Кейде үш рет
емес одан да көп рет ішеді.
– Райымбек, панно алдына шыға ғой. Жоғарғы жолақтың сол жақ шетіне
бір табақшаның кескінін сал. Жарайсың! Сен саны неше табақша
салдың? Дұрыс. Саны бір табақша салдың.
– Балалар, егер заттың саны бір санына сәйкес болса, осы сандардың
қайсын саламыз? (Бір санын саламыз.) Жарайсыңдар!
– Райымбек, саны бір болатын табақшаға сәйкес бір санын оң жақтағы
шақпаққа сал. Жарайсың!
– Осы табақшаға қанша алма сыяды? Бір алманы табақшаның астындағы
жолақтың тұсына сал, алма санына сай шақпаққа қажетті санды
салып көр. Жақсы.
– Райымбек, табақша көп пе, алма көп пе? (Табақша мен
алманың саны тең.) Қайталаймыз.
– Табақша мен алма нешеуден тұр? (Бір-бірден тұр.) Жарайсың!
Отыра ғой.
Тәрбиеші табақшалар
санын екеу етіп салады.
– Дидар, табақшалар санына сай санды салып көрші. Сен қандай санды
салдың? (Екі санын салдым.) Жарайсың!
– Балалар, тексерейік. Менімен бірге санайық (көрсеткішпен сілтеп,
оңға қарай жылжытып отыру): бір, екі, (көрсеткішпен айналдыру),
жиыны (барлығы) – 2. Қайталайық. Жақсы.
– Болат, табақшалардың санына сәйкес алмаларды сал. Не істедің?
(Тағы бір алманы салдым.) Тесерейік: бір, екі, жиыны (барлығы)
– 2. Дұрыс. Жалпы санды қайсыған ауыстырасың? (Екіге
ауыстырамын.) Жарайсың!
– Алма мен табақша саны қандай болды? (Табақша мен алма
саны тең.) Тамаша! Расул, қайтала. Жақсы.
– Балалар, сендер үш рет тамақтану туралы айттыңдар. Айсұлу, үш рет
тамақтануды қалай көрсетеміз? Әрине, балалар, тағы да бір
табақшаны саламыз. Сала ғой.
– Табақшаға алма керек пе? Алманы сала ғой. Көрейік, шынымен үштен
болды ма? Айсұлу, табақшаларды санай ғой. Бір, екі, үш, жиыны
(барлығы) – Алмаларды санай ғой: бір, екі, үш, жиыны (барлығы) –
Жарайсың!
– Ал, осы заттардың санына сәйкес екі саны жарай ма?
Жарамайды!
– Балалар, мынау 3 деген сан. (Көрсету.) Айсұлу, сандарды үш
санына ауыстыр. Жарайсың!
2,3«Қанша көрсем, сонша
саламын» үстел басында іс-тәжірибе жаттығуын
өткізу.
Балалардың алдына көлденең жолақты карточка беріледі. Жолақта алты
шақпақ бар. Жолақтың оң жақтағы соңғы шақпағы жіңішке
жолақпен қоршалған. Оң жақтағы соңғы шақпақ белгілі сандардың
бірін салуға арналған.
Ыдыстарға түсі қызыл бес алмадан және бір, екі, үш
сандары салынады.
Тәрбиеші көрнекілік карточкалардың бірнеше нұсқасын дайындайды:
бір, екі, немесе үш дана дөңгелек (үшбұрыш,
шаршы).
–
Балалар,
карточкаларыңда бір жолақ қана бар, соңғы шақпақ жіңішке сызықпен
бөлінген. Мен саны қанша пішінді көрсетсем, сендер осы жолаққа саны
сонша алманы тізіп саласыңдар. Алмаларды сол жақтан оң жаққа
тізу керегін ұмытпаңдар.
Бірінші тапсырмаларды педагог 1 санынан бастауы мүмкін.
– Балалар геометриялық пішіндерді санап алыңдар. Жолаққа саны сонша
алма саласыңдар.
Тапсырманың күрделі нұсқасы:
балаларға 1 немесе 2 санын көрсетілген кезде саны сонша алманы
салады.
Жалпы, топтың ғана емес, әр баланың жұмысын мақтап отыру
қажет.
2,4Дамытушы жаттығу. «Тәулік бөлігін
тап».
Тәрбиеші балаларды соңғы жаттығуды кілем үстінде орындауға
шақырады.
– Балалар, қазір тәулік бөліктері туралы қайталап
көрейік. Ол үшін мына жұмбақты тыңдап, дұрыс жауабын тауып
көріңдер.
3ҚОРЫТЫНДЫ
Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау, балалардың іс-әрекетін
бағалау.
Тәрбиеші:
– Балалар, бүгін сендер не туралы білдіңдер? (Тәулік бөліктері
туралы білдік.) Тәулік бөліктерін кім есіне сақтап қалды?
Жарайсыңдар!
– Сандар туралы не білдіңдер? Қандай сандар бар? (Бір, екі, үш
сандары.) Жарайсың, Сәуле!
– Балалар, біз бір, екі, үш сандарына сәйкес нелерді
жинадық? (Табақшаларды, алмаларды жинадық.) Осы сандарға сәйкес
басқа заттарды жинауға бола ма? Әрине, кез келген заттарды
жинауға болады. Әлемде қандай заттар болса да, олардың барлығы бір,
екі, үш сандарына сәйкес болуы мүмкін. Ұмытпаңдар. Барлық заттар
сандарға сәйкес.
– Балалар, бүгін өте зерек, алғыр, байқампаз
болдыңдар. Тәулік уақыты таңертең, күндіз, кеш және түн
болып бөлінетінін түсініп алдыңдар. Ұйымдастырылған іс-әрекет аяқталды, сау
болыңдар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәулік бөліктері санап үйренейік

шағым қалдыра аласыз