400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 - сынып мұғалімдері үшін дүниетану пәнінен көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы

Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Таулы жердің ауа райы, ондағы өсетін өсімдіктер мен жануарлар туралы мағұлмат беру.

Сабақтың мақсаты

-Білімділік



-Дамытушылық


-Тәрбиелік


Еліміздің басты тау жоталарын еске түсіру, таулы жердегі климат жағдайларының аймақтық сипаты, онда таралған өсімдіктер мен жануарлар әлемінің таралу ерекшеліктері туралы түсінік беру;

Оқушылардың табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту;

Табиғатты, таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі

- Психологиялық дайындық

Оқушылар «Қазіргі көңіл-күйлерің қалай?» деген сұраққа сәйкес түрлі түсті қағаздарды таңдайды.

Ақ қағаз-жақсы, көңілдімін

Сары қағаз -орташа, бір нәрсені уайымдап отырмын

Қызыл қағаз –онша емес, жүрексініп отырмын.

І. Қызығушылықты ояту.

ІІ.Дәптермен жұмыс.

Мультимедиа

Интерактивті тақта

Үлестірмелі қағаздар,

маркер




Сабақтың ортасы

27 мин

































«Үш қадамды сұхбат» тәсілі. Топтар бір – біріне мәтін мазмұнын айтады.

Түсініктерін сынып алдында қорғайды.

Тау туралы видеоролик көрсету.

Физикалық картамен жұмыс.

-Балалар, картаға назар аударсақ, қызыл түспен боялған қандай жерлер? (Қою қоңыр түспен боялған таулы жерлер)

- Тау дегеніміз не?

(Жер бетінің ерекше биік жерлерін – тау дейді. Олардың биіктігі бірнеше мыңдаған метрге жетеді)
- Қандай тауларды білетін едік?

(Биік таулар (2000 метрден биік), орташа таулар (1000-2000 метрге дейін), аласа таулар (1000 метрге дейін) болып бөлінеді)

«Қай тұжырымдар дұрыс?» дұрыс тұжырымды тауып, өз ойларын дәлелдету.

1-топ:

Тау биіктеген сайын атмосферадағы ауа жылыйды.

Барыс – епті аң.

Бұғының жас мүйіздері аса құнды.

Таулы жерлерде құстар өте аз.

2-топ:

Таулы жерлерде құстар өте көп.

Барыс далалық жерлерді мекендейді.

Арқар – өте ірі аң.

Биік тау шыңдарында қар болмайды.

3-топ:

Тау етегіндегі жазықтарды жапырақты ормандар алып жатыр.

Арқар – өте ұсақ аң.

Ұлар – аса сақ емес құс.

Күреңот – балды көп беретін өсімдік.


Сергіту сәті. (2 мин)

«Кубизм» әдісі

Сұрақтарға жауап алып, соңында «рухани жаңғыру» логотипін құрастыру, сабақ соңында мағынасын бүгінгі сабақпен байланыстыра отырып, түсіндіру.

«Блум» түймедағы. «Өз біліміңді тексер?» сұрақтарға жауап береді.


1.Қарапайым сұрақ:

Тау дегеніміз не?

2. Анықтайтын сұрақ:

Картада таулар қандай түспен бейнеленген?

3.Кіріктірілген сұрақ:

Алатау, Көкшетау, Алтай таулары қайда орналасқан?

4. Нақтылайтын сұрақ:

Тау ормандары мен шалғындарының шаруашылық үшін қандай маңызы бар?

5.Практикалық сұрақ:

Тау етегінен құзды шыңдарға дейін өсімдіктер қандай ретпен орналасады?

6.Қорытынды сұрақ:

Таудың қандай пайдасы бар?








Карта,

Плакаттар












Сабақтың соңы

3 минут


Бағалау кезеңі (1 мин)

Оқушылар сабақты өздігінен бағалайды. Топ болып эссе жазады.

Біз бүгін ...........................оқып, білдік.

Біз ........................ жақсы орындадық.

Топ ..................... жақсы алып шықты.

Біз ............... туралы көбірек білгіміз келеді.


Үйге тапсырма: (1 мин)

  • Мәтінді мазмұндау. Өзіңді қызықтырған таулы жер өсімдігі немесе жануары туралы мәлімет жинап, суретін алу.

Математикалық фигуралар арқылы бағалау:

  • Жұлдыз – «өте жақсы»

  • Төртбұрыш – «жақсы»

  • Үшбұрыш – «орташа»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1139
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі