Материалдар / "«Таусылмас мәңгі жырымсын ана» атты мерекелік кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"«Таусылмас мәңгі жырымсын ана» атты мерекелік кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін мектепішілік мереке түрінде атап өту мақсатында өткізілген мерекелік кештің бағдарламасы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2018
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Таусылмас мәңгі жырымсын ана» атты мерекелік кеш



8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін мектепішілік мереке түрінде атап өту мақсатында өткізілген мерекелік кештің бағдарламасы.

(Сахна мерекеге сай безендіріледі.)

Сахна сыртынан: Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен «ана» деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші, ағайын!

Жүргізушілер бірге, әндете:

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман-сау жүр, Ақ мамам!-

1-жүргізуші:

-Бекзат, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезден-ақ, апайларымыз осы әнді үйретуден бастады емес пе?

2-жүргізуші: -Рас айтасың, Әсем. Бұл жадыңда мәңгі сақталар әндердің бірі емес пе?!

1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.


2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз Тана мырза орта мектебінің директоры Төлеухан Айтқалиұлы беріледі.

Тәрбие ісінің меңгерушісі Мұрат Қапасұлы Қасеновке береміз!


Ән: « »

1-жүргізуші:Бүгінгі біздің оқушыларымыздың дайындаған концертімізді қабыл алыңыздар! -Сахнаға 9- сынып оқушысы Муқышев Бекзатты орындауында өлең жолдарымен шақырамыз.


Ана деген адамға Атамекен,

Әр адам анамен адам екен.

Бір өзіне көрсеткен жақсылығым,

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.

Көңілін Алатаудың ақ қарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан атқарылмай



Ана деген нәзік жанды перілер,

Ана үшін әлем гүлі терілер,

Ана затын жүрегімен шын сүйіп,

Бұл өмірден өткен небір серілер.

Аналар бұл бір Алланың сыйы ма?

Қалған екен мүсін болып құйыла,

Аналарды біздер үшін жаратқан,

Мың ризамын Алланың бұл сыйына!

Ана, Ана, Ана қымбат біздерге,

Түсініңдер балаларды сендер де

Бір тізерлеп қолымды қойып кеудеме,

Тағзым етем о Аналар сіздерге!


1-жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.


2-жүргізуші:

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім.

Ән: « »

1-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын аналардың баласы бар.

2-жүргізуші:

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар,-дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

Жібек 1-оқушы. Ана-біздің күніміз,

Ананың-біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Айтханым 2-оқушы: Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Еркежан 3-оқушы: Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын, апатай,

Құтты болсын мерекең.





Іңкәр 4-оқушы: Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, берекем.

Апатайым, құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең.

Толғанай 5-оқушы: Сіздерден өсер балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

Ернұр 6-оқушы: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн болып жанасың.

Құтты болсың мейрамың,

Құттықтаймыз ұстазым!

Елнұры 7-оқушы: Өнерлі боп өсеміз,

Өмір сырын шешеміз.

Өсіріп ой-сананы.

Қуантамыз ананы.

Еркеназ 8-оқушы: Үлкейдім ғой мен енді,

Жудым бүгін еденді.

Аналарға арналған,

Жаттап алдым өлеңді.

Абзал 9-оқушы: Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

10-оқушы: Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екіетпей

Ақ сүтіңді өтермін.

11-оқушы: Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге,

Шәй қайнатып береді

Қажет болса бәріне.

12-оқушы: Анаға жан жетпейді,

Еңбегі естен кетпейді.

Балаға да анасыз

Тамағынан ас өтпейді.

Нұрзат 13-оқушы: Анам менің, ақ мамам,

Балапанын мақтаған.

Анам барда әр дайым

Қуанамын, шаттанам.

Шұғыла 14-оқушы: Анашым, жан анам,

Балдан тәтті бал анам.

Үйге келсең сақтанам,

Құшақ жая қарсы алам.

15-оқушы: Анам менің панам ғой,

Содан қорған табам ғой.

Асықпа, анашым, ертен-ақ

Отың болып жанам гой.

16-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен ауызданып есейдім,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Айзат 17-оқушы: Аналар шаңырақтың сәулетті ғой,

Ана денен баршаның дәулеті ғой!

Адамды адам еткен ақ сүт беріп,

Жаңа өмірге сәбиін жетелеген.


Жаннұр 18-оқушы: Ана деген кім десе,

Шуақ шашқан күн дер ем.

Сәбиі үшін ұйықтамай арпалысқан түнменен,

Ана үні өмірде ең мейірімді үн дер ем.

Еркеназ 19 -оқушы Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Маржан:20-оқушы Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күн-шуақ,

Бізге қымбат Анашым.

Құралай:21-оқушы Бал бөбегін баптаған

Мамам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын жақсы адам.

Ортамызға 8 сынып оқушы Тоқташева Маржан

М. Мақатаевтың «Шеше сен бақыттысың» атты өлең жолдарымен шығады.

Шеше!

Сен бақыттысың жыламағын,

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын.

Бармын ғой, Тірімін ғой, Қасындамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын,

Таусылып өз-өзіңмен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып тозбасыңа.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді,

Аспанға жазам сенің есімінді,

Шеше!

Сен бақыттысың, тербете бер,

Құба талдан иілген бесігімді.


Ән: « »


1. Жүргізуші: «Анаңды Меккеге жаяу үш рет көтеріп апарсан да, ананың ақ сүтің ақтай алмайсын»-деген сөз бар. Аналарды ардақтауға, қамқорлық жасауға-парыздармыз. Осы айтылғандай алдарыңызда оқушылардың орындауында «Балаға өсиет» атты монолог. Оқушылар айтады

-Сенің бір жасында, анаң сені емізді,кірінді жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.

-Сен екі жасқа толғанында, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.

-Сен ұш жасқа толғанда, анаң саған ең дәмді тағам әзірледі. Ал сен болсаң табақтарды жерге лақтырдың.

-Сен төрт жасқа келгеніңде, қолына қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң дуалдарды шимақтадың.

-Бес жасқа толғанында, анаң сені әдемі киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің.

-Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектеп қабырғасына алып келді. Ал сен болсаң «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың.

-Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшағына алу үшін мектептен қашан келер екен деп сарғая күтіп отырады. Ал сен болсаң дереу бөлмене асықтың.

-Сен он сегізге толып, ер жеткеніңнде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің.

-Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсан бар уақытыңды достарыңа ысырап еттің.

-Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң «лажы болса үйден ұзақ болайын» деп ананды тастап, әйеліңмен бірге еңшінді алып кеттің.

-Жасын отызға толып бала-шағалы болғанында, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің.

-Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіңе шақырды. Ал сен болсаң «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.

-Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысына мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың проблемалары балаларын мазалайды» дедің.

-Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді. Білгің, ананың о дүниеге аттануымен, сен ұшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылады. Егерде сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолынан келгенше анаңа жақсылық істе. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма.

-Сенің жалғыз ғана «анаң» бар.

Ән « »

1-жүргізуші:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана тауып, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады».

2-жүргізуші: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды».

1-жүргізуші: Хадистерімізде Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп айтқан екен. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ән: « »

1-жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды.

1-жүргізуші: Наурыз – сәуірдің егізі,

Наурыздың бүгін сегізі.

Ең қымбат гүл – адамның

Анаға айтар лебізі.

Анасыз бір жоқ күнің.

Ұсынамыз біз бүгін

Жырдың сұлу шоқ гүлін.

2-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.


1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Ән: «Асыл әжем» 4-сынып оқушысы Нұржанқызы Құралай

2-жүргізуші:

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

1-жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары.

1-жүргізуші:

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.


„ „ әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші:

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

2-жүргізуші:

Ананы да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берер.

Ниетің қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

2-жүргізуші:

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жаһанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

«Мереке күніңмен!» әнін кешке қатысушылар бәрі бірге орындайды.

1-жүргізуші:

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Кезекпен:

О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың дағы кәрің де.

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!-деп бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.


Құттықтаулар аналар! Тренинг ойын ойнату «Супер Әже»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!