Материалдар / Таза ауа

Таза ауа

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға таза ауаның денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру. Сурет салудың техникалық дағдыларын жетілдіру. Ертегіде бейнеленген қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 27.01.2023ж

Білім беру саласы: әлеумет, шығармашылық, қатынас
ҰӘ: Қоршаған орта, сурет салу, көркем әдебиет

Тақырыбы: «Таза ауа».

Мақсаты: Балаларға таза ауаның денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру. Сурет салудың техникалық дағдыларын жетілдіру. Ертегіде бейнеленген қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру.

Білімділік міндеті: Ауаның қасиетін тәжірибе арқылы таныстыру. Дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерді қолдануды меңгерту. Кейіпкерлердің әрекетіне көзқарасын білдіреді.

Дамытушылық міндеті: Тірі жіне өлі табиғат нысандары туралы білімдерін байыту. Шығармашылық қаблеттерін арттыру. Көркем шығармаларды әңгімелей білу қаблеттерін арттыру.

Тәрбиелік міндеті: Табиғатты қорғай білуге, ауаны ластамауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: «Step by step» технологиясын ұйымдастырылған іс – әрекетінде қолдану.

Көрнекіліктер: Үлгі сурет ағаш, қағаз, мақталы таяқша, табиғат бейнеленген сурет, стакан, түтікше, шар.

Алдын ала істелген жұмыс: ертегімен таныстыру (оқу, талдау)

1.Таңғы жиын.
Қонақтармен сәлемдесу.
«Қауышу ойыны»

Балалар екі- екіден қалаған қимылы бойынша сәлемдесу.
2.Кіріспе

Дидактикалық ойын: Егер де... не болар еді?
Мақсаты: Қарапайым себепті байланыстар мен қарым - қатынастарды таба білуге үйрету.
Егер де күн болмаса, не болар еді?(үнемі қараңғы, қорқынышты болады, гүлдер өспейді)
Егер де су болмаса, не болар еді?(шөптер қурайды, қатты шөлдейміз)
Егер де ауа болмаса не болар еді? (тыныс ала алмаймыз)

Балалар сендер білесіңдер ме? Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен күнделікті кездесіп отырасыңдар. Бірақ оны көрмейсіңдер, тек сезесіңдер. Ол үнемі сендерді қоршап тұрады.

Бұл не? \Ауа\

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Таза ауа».

Ауа тіршілік үшін өте пайдалы. Ал ауа болмаса айнала қандай күйге түсер еді?

Бір уақыт мұрындарыңды қысып, дем алмай көріңдерші. Қанша уақыт шыдай аласың. Бізге не жетпейді? \Ауа\

Яғни біз ауамен дем аламыз. Ауа тірі табиғат үшін өте қажет. Бізді қоршап тұрған ауа бізді түрлі қауіптен сақтайды.

-Қане, бәріміз суретке қарайықшы. Біздің табиғатымыз өте керемет.

Ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, сондай-ақ жан-жануарлар мен құстар, жәндіктер. Ал біз өзімізді табиғаттың бір бөлшегіміз деп айта аламыз. Табиғаттың маңызды бір бөшегі ағаштар.

Айтыңдаршы ағаштардың адамдарға қандай пайдасы бар?

-Жарайсыңдар балалар, ағаштар көлеңке болып қана қоймай ауаны тазартып тұрады екен. Ауаны нелер ластап жатыр? Міне қараңдаршы үлкен қалалық жерлерде қағаз, машина, әр түрлі бұймдар шығаратын фабрика, заводтар көп, олардың мұржаларынан шыққан улы газдар, аспанда ұшып жатқан ұшақтар, зымырандар, көшеде көптеген машиналардан шыққан түтіндер ауаны ластап жатыр. Ал ағштар осы улы газдарды, түтіндерді бойына сіңіріп алып, бізге таза ауаны жіберіп тұрады екен. Сондықтан ағаштарға қамқорлық жасап, оларды сындырмай көп өсіруіміз керек.

Аймақтарға бөлу:

Енді міне сендерді аймақтарға шақырғым келіп тұр.

Көк түс. Көркем әдебиет орталығында «Күн, жер, су, от және ауа» ертегіні кейіптендіреді.

Сары түс. Өнер орталығында мақталы таяқшамен «ағаш» суретін салу.

Қызыл түс. Ғылым орталығында тәжірибелер жасап, ауа қасиеттерімен танысамыз. (желпуішпен желпіну, шарды үрлеу, ауа толтыру, ауа шығару, дыбысын есту.

Карандаштармен жол жасап, шариктерді түтікшелермен үрлеу.

Стакандарға су құйып, түтікшелермен үрлеу. Ауны көпіршіктер арқылы көру.

Аймақтарға түстер арқылы бөлу.

3. Негізгі бөлім: Орталықтармен жұмыс.

1.Көркем әдебиет орталығы: -Балалар Ертегі көрініс көрсету

«Күн, жер, су, от және ауа» /ертегі/

Бір күні Күн, жер, су, ауа қайсысы ең маңызды деп таласыпты.

Күн: -«Ең бірінші оянып мен шуақтарыммен жер планетадағы адамдарды, құс, аңдардары оятамын!» дейді.

Жер: -«Ия, ия,күн, сен жаңа өзің айттың жер планетасында тұратындар деп. Мен болмасам аңдар, жәндіктер, адамдар қайда өмір сүруші еді? Ағаштар, гүлдер, қайда өсуші еді? Өзен, теңіз, мұхиттар қайда тасушы еді? Ең маңызды менмін!»

Су: - Ал мен болсам, - таласқа су кірісті – балықтар, пингвиндер, су құстары болмаушы еді? Менсіз адамдар өмір сүре алмаушы еді.

От: -«Мен олардың үйлерін жылытамын» — таласқа от кірісті.

«Сендер мен туралы ұмытып қалдыңдар!»

Ауа: -Ауа даусын шығарды. Мен көрінбесем де адамдардан басқа, әр тірі зат өмір сүре алмайды! Менсіз от та болмайды.

Бұл талас ұзаққа дейін созылды. Ешкім білмейді қашанға дейін созылатынын, егерде адам бұл әңгімеге кіріспесе.

Адам: -«Сендердің әрқайсың маңыздысыңдар. Сендерсіз жерде өмір болмаушы еді» Адам тыныс алып, жерден астықты теріп, бұлақтан таза суды ішіп, үйіне кіріп отты жақты. Содан бері күн, су, жер, от, ауа, бір бірімен таласпайды.

2.Өнер орталығында: Табиғаттың маңызды бір бөлшегі ағаштардың суретін мақталы таяқша әдісі арқылы салу. Салу жолдарын көрсетіп, түсіндіру.

3.Ғылым орталығы:

Тәжіірибелер жасап көрсету.

1 тәжірибе: Желпуішпен желпінеміз. Не байқадыңдар, ия бетімізге жел соқты, бұл не? Ауа.

2 тәжірибе: - Шарды үрлейміз де ауа сиқыршыны ұстап аламыз. Балалар, қазір біз ауаны естиміз, шардағы ауаны шығарамыз.

Карандаштармен жол жасап, шариктерді түтікшелермен үрлеу.

Стакандарға су құйып, түтікшелермен үрлеу. Ауаны көпіршіктер арқылы көру.




Сергіту сәті.
Ал, балалар, бір ауық
Дұрыс- бұрысты ұғалық,
Дұрыс болса, отырып
Бұрыс болса, қол соғалық.
Су-сұйық (отыр).
Су-қатпайды (соқ)
Сумен жуынамыз (отыр)
Суды жейміз (соқ)
Суды ішеміз (отыр)
Ауаны жұтамыз (отыр)
Ауаны жейміз (соқ)
Ауаны көреміз (соқ)

Қорытындылау :Іс- әрекетіне белсене қатысқан балаларға мадақтау айтып, әр аймақ бойынша сұрақ қойып балалардан жауап алып, қорытындылау.

Балалар сендер осы ойындарда не істедіңдер.

  1. Көркем әдебиет орталықтан сұрау.

Табиғаттың нысандары «Күн, жер, су, от және ауа» ертегіні кейіптендірдіңдер. Бұл ертегіде осы кейіпкерлер бір – біріне керек пе? Бір – бірімен байланысты ма?

Ия, балалар, бұларсыз тіршілік болмайды екен.

  1. Өнер орталықтан сұрау.

Ағаштың суретін салдыңдар. Оның пайдасы қандай?

(Ауаны тазартады).

  1. Ғылым орталықтан сұрау.

Қандай тәжірибе жасадыңдар?

Бұл тәжірибеден не түсіндіңдер?

(Ауаны сездік, судағы көпіршіктер арқылы көрдік).





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ