400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Таза ауыл-таза болашақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеудің мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу .Қоқысты пайдаға асыру тәсілдерін анықтау. Зерттеудің міндеттері: мектеп және үй тұрмысында қандай қоқыс түрлері көп кездеседі; - өзім және сыныптастарды қоқысты топтастыруға үйрету ; - тәжірибе жасау арқылы қоқыстын қай түрі тез ыдырайды ; - қоқыстын әрбір тобын пайдаға асырудың танымал тәсілдерін білу және оларды қолдану ; - өздігінен қоқыстын түрлерін өндеу жөнінде тәжірибе жасау; - ересектер және сыныптастардың аталған мәселеге барынша назарын аударту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы

№1 мектеп-гимназиясы



Ізденуші:Төлеген Еркежан Қайратқызы

5 ә сынып оқушысы


ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

«Таза ауыл-таза болашақ»



Секция:Химия,биология




Ғылыми жетекшісі:Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы

биология пәнінің мұғалімі







2018 жы







Түйіндеме

Зерттеудің мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу .Қоқысты пайдаға асыру тәсілдерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

мектеп және үй тұрмысында қандай қоқыс түрлері көп кездеседі;

  • өзім және сыныптастарды қоқысты топтастыруға үйрету ;

  • тәжірибе жасау арқылы қоқыстын қай түрі тез ыдырайды ;

  • қоқыстын әрбір тобын пайдаға асырудың танымал тәсілдерін білу және оларды қолдану ;

  • өздігінен қоқыстын түрлерін өндеу жөнінде тәжірибе жасау;

- ересектер және сыныптастардың аталған мәселеге барынша назарын аударту

Зерттеудің болжамы:Егер де әртүрлі тұрмыс қоқыстарын топтарға іріктесек және де оларды әрбіреуін қайта өндеу жолдарын тапсақ, онда қоқыстардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға болады.

Зерттеудің кезеңдері:

1.Сарыкемер ауыл көшелердің тазалығы қандай жағдайда қаралып, тексерілді.

2.Коммуналдық мекеме «ИП Заурбеков» тығыз байланыс жасалды.

3.Баспа беттерінен мәліметтер алынып, жинақталды.

4.Кітапханадағы кітаптармен танысып , керек мәліметтер алынды.

Зерттеудің әдістері:

Жинақтау, жүйелеу, анықтау, талдау, салыстыру сипаттау.

Зерттеудің жаңалығы:

Қазіргі уақытта қала, ауыл оқушыларына қоқыстын қайта өңдеу мәселесіне көз қарасын зерделеп шығармашылық жұмыстарға қызықтыру арқылы, адамзаттық рухани байлығын бойларына сіңіру, жан-жақты тұлға қалыптастыру.

Зерттеудің нәтижесі:

Біздің болжамымыз бойынша тұрмыстық қоқыстарды топтастырып, сорттау арқылы қайта өңдеуі дәлелденді.

-Мектеп және үй маңында сенбіліктер өткіз.

-Кез келген жерге қоқысты тастама

-Саяхат серуен кезінде орманда, көл жағасында қоқыстарды қалдырып кетпе, жинап кет.

-Қағаз қалдықтарын жинап, қайта өндетін мекемелерге тапсыр.

-Дәптер, альбом қағаздарын үнемдеп пайдалан.

-Оқулықтарды ұқыпты ұста.

-Өз заттарынды бағалай біл- сонда олар көп уақыт қолданыста болады.

-Өзін кимейтін, жағдайы жақсы киімдеріңді тұрмыс жағдайы төмен адамдарға көмек ретінде бер.

-Азық-түлікті үнемдеп пайдалан.

-Қолданыстан шыққан затқа жаңа өмір сыйла.

І. Кіріспе

1.1.Жер бетіндегі қоқыс туралы мағлұмат

Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау­лының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасай­тын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, сана­лы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделік­ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара­ды. Қа­сиет­ті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ дала­сын­да бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаң­дарына төгілгені. Ұлы даламыз­дағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнау­лы күл-қоқыс алаңдарына төгу­мен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.

Жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты, яғни ауыл шаруашылығын химикаттау, көліктердің көбеюі, өндіріс орындарымен фабрикалардың экологиялық нормаларды сақтамай жұмыс істеулерінің салдарынан қоршаған ортаның адам баласына, жалпы тірі организмдерге жағымсыз әсерлері арта бастады.

Дәл қазір облыс аумағында 41 миллион тонна тұрмыстық және өндірістік қалдықтар жиналып қалыпты. Оны қайта өңдеуден өткізуге, белгілі бір уақыттан соң жер астына көмуге ешкім назар аударып жатқан жоқ. Соның салдарынан жаңағы қараусыз қалған қатты қалдықтар күн өткен сайын көбейіп келеді.

Ғылымдар сендіру бойынша тұрмыс қалдықтарының әрбір тобында өз ыдырау мерзімі бар және өндірісте шығарылған материалы мен мерзіміне байланысты ол қоршаған ортаға өз зиянын әкеледі.

Мен үйдегі және мектептегі қоқыс шелектерінде көп болған қалдықтар тобына ыдырау уақытын анықтау үшін практикалық жұмыс жүргізуді шештім.

ІІ.Зерттеу бөлімі

II.1. Қоқыс – ғасыр мәселесі

Диван, чемодан, саквояж, кәрзеңке, картина, картон, велосипед, теледидар, тоңазытқыш – бұл бір текті емес заттар бірнәрсені құрайды: уақыт өткен сайын олар тозады және қоқысқа айналады.Біздің планетамыздың тұрғындарының әрбір 6 млрд-на жылына 1 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс сәйкес келеді. Бұл миллиондаған тозған және соғылған автомобильдер, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды санамағанда. Егер бір жылда жиналған барлық қоқысты құртпай және өңдемей, үйіңдіге айналдырса, Еуропаның ең биік тауының шыңы – Эльбрус тауының биіктігіндей (5642 м) – болар еді.
Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіп салаларының пайда болуына әкелді. Тіпті аудармасында қоқыстану дегенді білдіретін гарбология жаңа ғылыми бағыт пайда болды. Әлемнің 
гарбологтары адамзат өміріне енген қоқыс тұйығынан шығудың жолдарын іздеуде.Ал қоқыс жыл өткен сайын көбею үстіне көбеюде. Неге?Уақыт өтіп жатты, адамдар қалалар сала бастады, қоқыс күннен күнге көбейе түсті. Бірақ оны әдеттегідей үйдің жанына тастап жатты. Көң және үй жануарларының еліктері, көмір және күл өнеркәсіпті қаллардың көшелері мен көлденең көшелерін басып жатты. Шошқалар көше бойын ас қалдықтарын жеп кезіп жүрді.Қоқысты қала сыртындағы қоқыс тастайтын жерге апарып тастай бастады. өткен ғасырдың аяғынан бастап, қоқысты арнайы заводтарды жағып жіберетін болды. Жағып жіберу қоқыс көлемін азаюға әкелгенімен тұрғындар бұл заводтардың маңайындағы жағымсыз иіске және денсаулықтарының нашарлауына наразылық білдіре бастады.Осының барлығы – қоқыстың біздің үйімізге көбеюіне әкеліп соқтырады. 

II.2. Гарбология – қоқыстану ғылымы

Горбология – қоқыстану ғылымы. Әлі толық зерттеліп, құпия сыры ашылмаған жас ғылым. Бұл зерттеу жұмысында эколологияның саласы горбология туралы деректер және қоқыстан арылу, оны екінші рет пайдалану яғни қоқыс өңдеу зауыттарыжайында деректер берілген. Қаламыздың әдемі, әсем, таза қалаларына теңдестіру мәселесі жайлы мәліметтер жинақталған.Бұл жоба жас жеткіншектерді тұрмыстық қалдықтарды ысырапсыз пайдалануға, үнемшілдікке тәрбиелейді.

 Қалдықтарды жою – үлкен төзім мен уақытты қажет етеді. Біріншіден оны сорттау керек. Одан кейін оның бір бөлігі арнайы жоғары қызатын пештерде жағылады. Бұл улы заттарды зиянсыз жою жолы. Ал қалған бөлігі тереңге қазылып көміледі. Ал мұның зардаптары кейінгі ұрпаққа білінеді. Гарбологтардың пікірінше «Қоқыстан зиянсыз құтылудың бірден бір жолы қоқысты қайта өңдейтін зауыттарды ашу».

II.3.Қоқыстың зияны

Мектебіміздің медбикесі Н.Төлегеновамен сұхбат: Жерді қорғау адам баласының ең басты міндеті болып табылады, өйткені жердегі кезкелген зиянды қосылысы ерте ме, кеш пе адам ағзасына түсіп жатады.
Күл-қоқыс қайтадан жер астынан келетін ластанған су, уландыратын шаң ретінде ортамызға оралатынына мән бермейміз, тіпті көпшілікті бұл мәселе алаңдатпайды да, сол себептен шығар күл-қоқыстарды тастауға болмайтын жерлерге күл-қоқыстарды тастай береміз. Бұл қоқыстар адам үшін қауіпті. Күл-қоқыстарды жел ұшырып, иттер тасып жүреді. Қалдықтар іріп-шіріген кезде пайда болатын заттар атмосфералық ауаны ластандырады, іріп-шіріген қалдықтардың улы заттары жауын суымен шайылып, таралады. Күл-қоқыс қоршаған ортаның эстетикалық түрін бүлдіріп қана қоймай, қаншама зиянын әкеледі. Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар болуы мүмкін.

Көршілермен сұхбат: . Ғабитұлы Мейірхан: Қоқыс ауаны ластап, түрлі жұқпалы аулуларға әкелетінін айтты. Самал-3 мөлтек ауданындағы қоқысты басқа жаққа көшірсе, өскелең ұрпақ, болашақ жастар, халық денсаулығы үшін өте үлкен игі іс болатынын айтты.А.Кадирбеков:Қоқыс- адамға зиян. Қоқысты құрту қажет. Қоқыс өртеген сайын түтін, жаман иіс келеді. Сол иістен адам түрлі ауруларға ұшырайтынын айтты.
БҰЛ ЕРЕЖЕНІ КЕЗ КЕЛГЕНАЗАМАТ БІЛУ ҚАЖЕТ!

«Қоршаған ортаны қорғау туралы»Қазақстан Республикасының Заңы5.Статья.

3 бап. Кез келген азамат қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға міндетті, қоршаған ортаны қорғау заңын қадағалау міндеті де жүктеледі.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының Кодексі240 Статья. 1 бап. Қоршаған ортаны қорғау бойынша тағайындалған экологиялық және санитарлы-эпидемиялық стандарттық нормаларды бұзғаны үшін:- жеке тұлғаларға ескерту немесе айлық есептік көрсеткіштік бойынша 10 мөлшеріне дейін, лауазымды адамдарға 20 мөлшеріне дейін, ал заңды тұлғаларға 200 мөлшерде айлық есептік көрсеткіштік бойынша айып салынады.

249 статья. Көрсетілген қоқыстарды өртеу барысында туындаған өрттің әсерінен және ауаның ластануына әсерін тигізетіні үшін, ауаны сақтау талаптарын орындамағаны үшін, тұрмыстық және өндірістік өнімдер мен қоқыстарды нормаға сай пайдаланбағаны үшін жауапқа тартылады:-ескерту немесе айлық есептік көрсеткіштік бойынша жеке тұлғаларға 3 мөлшеріне дейін, ал лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштік бойынша 50 мөлшерде айып салынады.
Қолданылған  әдебиеттер тізімі:

1. «Экология Ә. Бейсенова, Ж.Шілдебаев, «Мектеп» баспасы, 2005 жыл;

2. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.

3. «Экология краткий справочник школьника», М.Дрова, 1997 г

4. Экология негіздері.Ғ. Сағымбаев. 3. Экология.Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева. 

5. Денсаулық журналы.

6. Экология.Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З.Сауытбаева

7.Энциклопедия ,4 том





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
1143
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі