«Таза болса табиғат, Аман болар адамзат!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Таза болса табиғат, Аман болар адамзат!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Таза болса табиғат, Аман болар адамзат!»
Материалдың қысқаша нұсқасы
















«Таза болса табиғат,

Аман болар адамзат!»

(ортанғы топтарымен ұйымдастырылған танымдық ойын-сауық)























Мақсаты: Балалардың табиғи ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру. Табиғат пен адамзаттын бір –бірімен байланысты екенін ұғындыру. Табиғаттың адамзатқа деген пайдасы мол екенін түсіндіру.

1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті балалар мен балабақша ұжымы. Бүгінгі «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты ойын –сауығына қош келдіңіздер.

Балалар бүгін біз аты айтып тұрғандай табиғат туралы әңгімелесеміз. Жалпы сіздер табиғат туралы не білесіңдер?

2 жүргізуші: Табиғатты таза ұста аялап,

Ыстық күні ағаштарын саялап.

Табиғатқа қамқор болу, балалар

Адамзатқа ең алғашқы мақсат.

1 жүргізуші: Таза болса табиғат,

Аман болар адамзат.

Сондықтан да балалар,

Бізге ана –табиғат.

Дей келе бүгінгі ойын –сауығымызды бастайық. Ең әуелі бүгін бізгі бағалайтын әділ –қазылармен таныс болайық.


2 жүргізуші: Енді ортаға сайысымызға қатысушы топтарды шақырайық.

1. «Жасыл желек» («Қайнар» ересектер тобының бүлдіршіндері)

2. «Күн нұры» («Болашақ» ересектер тобының бүлдіршіндері)

3. «Күншуақ» («Күншуақ» ересектер тобының бүлдіршіндері)

1 жүргізуші: Табиғат көркейіп өседі.

Адамдар қамқор боп келеді.

Табиғатқа жанашыр достары

Өздерін таныстырып өтеді.

1кезең: Таныстыру.

Шарты: Әр топ аттарын, төсбелгісімен және өздері дайындаған шиырма немесе қабырға газеттерін таныстырып өтеді.

2жүргізуші: Мақал –мәтел жарысында,

Болмайды еш қалысуға.

Табиғатқа байланысты мақалдарды

Тырысайық мүдірмей аяқтауға.

2 кезең: Мақал –мәтелдерді жалғастыру.

Шарты: Балалар үш түрлі тақырыптың біреуін таңдап, берілген мақалды жалғастырып айтады.

Өсімдіктер туралы мақал –мәтелдер:

1. Гүл өссе –жердің көркі.

2.Жалғыз ағаш –сая болмас.

3. Жердегі өскен көкті жұлма.

Жануарлар туралы мақал –мәтелдер:

1. Ер қанаты –ат.

2. Мал жуасы –қой,

Аң жуасы –қоян.

3. Аттың бәрі тұлпар болмас,

Құстың бәрі сұңқар болмас.


Өлі табиғат туралы мақал –мәтелдер:

1. Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

2. Бұлақ көрсең көзін аш.

3. Көлдің көркі құрақ,

Таудың көркі бұлақ.

1 жүргізуші: Ал енді ортаға «Балдәурен» тобының балаларын табиғат туралы тақпақтарымен шақырамыз.

2 жүргізуші: Табиғатты сүйеміз,

Баптап оны күтеміз.

Табиғат туралы жұмбақты

Біз оп –оңай шешеміз.

3кезең: Жұмбақ шешу.

Балалар оқылған жұмбақтарды шешіп, жауабын үш тілде айтып береді.

1-топқа.

1. Жарқ етсе сабау қамшы,

Нөсерлетіп жауар тамшы.

Найзағай-молния-lightning

2. Бұлаңдаған құйрығы бар,

Бір алдарлық қулығы бар.

Түлкі-лиса-fox

3. Өзі жуас, өзі момын,

Бір шешпейді тонын.

Қой-овца-sheep

1 жүргізуші:

2-топқа.

1. Жылт –жылт еткен,

Жылғадан өткен.

Су-вода-water

2. Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

Қоян-заяц-hare

3. Өзі үлкен жануар,

Үстінде үлкен тауы бар.

Түйе-верблюд-camel

2 жүргізуші:

3-топқа.

1. Әдемі түнде,

Мен жүрсем жүреді бірге.

Ай-луна-moon

2. Орманнан, жалпақ даладан,

Бал іздеп бір аң жортады.

Аю-медведь-bear

3. Адамға серік,

Күзетке берік.

Ит-собака-dog

1 жүргізуші: Ортаға «Тамшылар» биімен «Балдәурен» тобын шақырамыз.

2жүргізуші:

Аң, өсімдік, құстарда

Табиғатқа жатады.

Білсеңдер олар кәнекей

Нені қорек қылады?

Кім тез таба алады?

4 кезең: Ойын: «Не нені жейді?»

Шарты: Балалар алдарыңа берілген карточкадан не нені жейтінін тауып сызықпен қосу қажет.





1топқа 2топқа 3топқа

1 жүргізуші: «Дождик» әнімен ортаға «Ақниет» тобын шақырамыз.

2 жүргізуші: Табиғат жайлы білеміз,

Анамыздай сүйеміз.

Табиғат жайлы үш тілде

Көрініс қойып береміз.

5 кезең: Көрініс.

Шарты: Әр топ өзінің таңдаған тілінде көріністерін қойып береді.

1 топ: қазақ тілінде «Таза бұлақ» көрінісі

2 топ: орыс тілінде «Что такое природа?» көрінісі

3топ: ағылшын тілінде «The nature has no bad weather!» көрінісі

1 жүргізуші: Енді ортаға «Гүлдер мен көбелектер» биімен «Ақниет» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.

2 жүргізуші: Бүгінгі ойын –сауықты қорытындылау үшін әділ –қазыларға сөз кезегін береміз.

Ойын –сауықты қорытындылау, топтарды мадақтау.




































«Күншуақ» тобы таныстыру сәтінде

Көрермендер көп жиналды

«Жасыл желек» тобы дидактикалық тапсырмаларды орындауда

Қатысушы топтар марапаттау сәтінен кейін








«Күн нұры» тобы дидактикалық тапсырмаларды орындауда

















«Ақниет» ересектер тобы «Дождик» әнін орындауда







«Балдәурен» ересектер тобы «Тамшылар» биін орындауда

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
794
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі