400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Таза болса табиғат,аман болар адамзат"2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа арналған экология туралы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Таза болса табиғат,аман болар адамзат»!

Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, «Қазақстан қорықтары» суреттері, «Қ.Сәтбаевтің суреті», мултимедия кешені, видеотаспа және т.б

Өткізу әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап , жарысу, өлең оқу, ойыншық жасау, есептеу әдістері.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Ашық сынып сағатының мақсатымен таныстыру.

«Сәлемдесу»

Жапония жапон халқы бір-бірін көрген кезде олар иіледі.

Кения масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды.

Қытай халқы қолдарды бүгіп, иілу қажет.

Замбезияда отыра қалып, қол шапалақтайды.

Бейнежазба. https://www.youtube.com/watch?v=E1OCd78QEjk

Бейнежазба не туралы?

Көріп отырғанда қандай сезімде болдыңыздар?

Дұрыс айтасыңдар бейнежазба табиғат,экология туралы.Ендеше бүгінгі біздің ашық сынып сағатымыздың тақырыбы «Таза болса табиғат,аман болар адамзат». Экология – лат.«эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді.Табиғат-бізді қоршаған орта.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ 

үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді. Ал,табиғатты қорғау дегеніміз-ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау.Адамдар табиғат байлықтарын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшырады.  Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендерінің ластануы, қоқыстардың көбеюі, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы – бұл экологиялық мәселе.

Оқушылардың өлең –шумақтарына кезек берейік.

М.Данияр: Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
Мөлдір: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Т.Данияр:Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Ж алғасын тап ойыны.

1-г

2-з

3-е

4-ғ

5-б

6-д

7-в

8-а

9-ә

10-ж


Мұғалім:Табиғат дегеніміз бұл бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ендеше, осы табиғи тепе-теңдік сақталып отырылған жоқ. Өйткені адамдар табиғат байлығын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшыратады.

https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU

-Кәне, кім айтады туған өлкемізде қандай экологиялық проблемаларды?

(слайд арқылы проблемаларды көрсету,түсіндіру)

Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=AuDZ2BQJGp0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX&index=6

«Жеті жұрттың тілін біл»

Адасқан әріпттер

Дұрыс жауап

Орысша мағынасы

Ағылшынша мағынасы

рже

жер

земля

Еarth

яголоэки

экология

экология

Ecology (еколоджи)

абитғат

табиғат

природа

Nature (нейча)

раужан

жануар

животное

Animal (аннмал)

дөсмікі

өсімдік

растение

Plant


Shape1





































Ендеше, ауыр табиғат

жағдайына қарсы күресу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.Мемлекетіміз табиғаттағы жойылып бара жатқан жануар мен өсімдіктерге арнайы қорыктар ашқан болатын.
Қазақстанда қанша қорық бар?
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған.
1. Ақсу-Жабағылы қорығы —  1926 Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігінде
Алматы қорығы- Іле Алатауының орталық бөлігінде 1931ж  құрылған.
2. Наурызым мемтекеттік табиғи  қорығы, Қостанай облысында 1931 ж  
3. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Қызылорда обл. 1939 ж құрылған.
4. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Алматы және Қарағанды обл. 1968 ж құрылған.
5. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан обл. 1976 ж құрылған.
6. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Қызылорда обл. 1939 ж құрылған.
7. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау обл. 1984 ж құрылған.
8. Батыс Алтай  мемлекеттік табиғи қорығы  Шығыс Қазақстан обл.1982 ж құрылған.
9. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Алматы, Шығыс Қаз. обл. 1998 ж құрылған.
10. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Қазақстан обл. 2004 ж құрылған.

«Он сұрақ»әдісі

Жер,Экология,Жануар

Қорытынды

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.

Оқушылардың орындауында «Атамекен» әні.















Мамай негізгі мектебі





Ашық сынып сағаты

Тақырыбы: «Таза болса табиғат,аман болар адамзат»!






Сынып жетекшісі:Кеңшілік Б.К














2020-2021 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.11.2020
1102
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі