400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Таза заттар және қоспалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен 7-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар. 2018 жылы "Атамұра" баспасынан шыққан оқулық бойынша жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ

Сабақ тақырыбы: Таза заттар және қоспалар

Бөлім

Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

Педагогтың аты-жөні

Аубакирова Ардак Машановна

Күні


Сыныбы

7 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы

Таза заттар және қоспалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.4.1.1 элементті бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну

7.4.1.2 таза заттың құрамы тұрақты екенін білу

7.4.1.3 элемент- жай зат, қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар таза заттар мен қоспалардың анықтамасын береді және қоспалардың түрлерін ажыратады.

Оқушылардың басым бөлігі таза заттар мен қоспаларға мысалдар келтіре алады және біртекті және әртекті қоспаларды сипаттай алады.

Кейбір оқушылар элементті бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсінеді және таза заттың құрамы тұрақты екенін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

1.Сәлемдесу

2. «Қарлы кесек» тәсілі көмегімен, оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы үй жұмысы қайталанады (5 мин)

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау (1 мин)

3. Оқушыларды музыкалық аспаптар көмегімен топқа бөлу (2 мин)

















Музыкалық аспаптар бейнеленген суреттер

Сабақтың ортасы

25 мин


Жаңа тақырыппен «Борт журналы» әдісіне негізделген топтық жұмыс: (5 мин)

1-топқа: таза заттар

2-топқа: қоспалар

3-топқа: біртекті қоспа

4-топқа: әртекті қоспа


Оқушылардың жасаған «таза заттар», «қоспалар», «біртекті қоспа» және «әртекті қоспа» жұмыстарын «Борт журналы» әдісіне негіздеп, постер түрінде қорғауы (10 мин)


Жасалған жұмыстарды бағалау (постерлерге смайликтер қою)

Тапсырма критерийі: ережелерді айта алады, мысалдар келтіріп түсіндіре алады

Дескрипторлар: 1. Ережелерді айтады

2. Мысалдар келтіреді

3. Тақырыпты түсіндіреді

Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап алу мақсатында тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмалар «Кластер» әдісі көмегімен жеке жұмыс ретінде орындалады және сыныппен талқыланады (15 мин) Қосымша ақпарат ретінде 1-кесте көрсетіледі.

  1. Таза заттар мен қоспаларды бөліп жаз: тіс пастасы, лимон шырыны, парафин, дистилденген су, сынап, болат, қант, топырақ, күкірт, йод тұндырмасы, мұз.

  2. Біртекті және әртекті қоспаларды бөліп жаз: тұман, топырақ, газдалған су, түтін, сүт, гранит, қола, бұлақ суы, теңіз суы, 583 көрсеткішті алтын.

  3. Әр қоспа үшін заттың агрегаттық күйін көрсет.

Тапсырма критерийлері: таза зат пен қоспаларды ажырата алады, біртекті және әртекті қоспаларды бөліп жаза алады, заттардың агрегаттық күйлерін ажырата алады.

Дескрипторлар: 1. Таза зат пен қоспаларды ажыратады

2. Біртекті және әртекті қоспаларды бөліп жазады.

3. Заттардың агрегаттық күйлерін ажыратады

Ватман, маркерлер











Смайликтер



















1-кесте

Сабақтың соңы

10 мин

Сабақты бекіту үшін оқушыларға «Сіз қаншалықты сенесіз» әдісі бойынша жасалған кесте таратылып беріледі. Оқушылар сұрақтардың жауаптарын «сенемін», «сенбеймін» және «білмеймін» сөздерінің көмегімен бейнелейді (5 мин) (2-кесте)

Дұрыс жауаптар презентация көмегімен тексеріледі. Оқушылар оң жақта отырған көршілерінің жұмысын тексереді (2 мин)

Үйге тапсырма: осы тақырып бойынша 3 сұрақтан құрастыру, қоспа тұрлеріне 3 мысалдан жазу.

Сабаққа рефлексия: «2 жұлдыз, 1 тілек»

Интербелсенді тақта

2-кесте



1-кесте

Таза зат пен қоспаның салыстырмалы сипаттамалары

Салыстыру белгілері

Таза зат

Қоспа


Құрамының тұрақтылығы

Тұрақты

Тұрақсыз


Заттар құрамы


Бір зат

Әртүрлі

Физикалық қасиеттері

Тұрақты

Тұрақсыз


Бөлу тәсілдері

Химиялық әдістермен

Физикалық әдістермен












Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

2-кесте

«Сіз қаншалықты сенесіз» әдісі

№

Сұрақтар

Сенемін

Сенбеймін

Білмеймін

1

Физикалық қасиеті тұрақты заттар таза заттар деп аталады




2

Қоспалар 4-ке бөлінеді




3

Таза заттар мен қоспалардың айырмашылығы болмайды




4

Қоспа құрамындағы әр зат өзінің қасиетін сақтайды




5

Таза заттар екі немесе одан да көп зат бөлшектерінен тұрады




6

Теңіз суы таза затқа жатады




7

Ауа газдар қоспасына жатады






Дағдылар: білу, түсіну, қолдану

Критерийлер: таза заттардың физикалық қасиеттерінің тұрақты екенін біледі, қоспалардың түрлерін ажыратады, таза заттар мен қоспалардың айырмашылығын біледі, қоспа құрамындағы заттардың өз қасиеттерін сақтайтындығын, таза заттың құрамы бір ғана бөлшектен тұратынын біледі және теңіз суы мен ауаның қоспаларға жататындығын айтады.

Дескрипторлар:

  1. Таза заттың физикалық қасиетінің тұрақты екенін білді.

  2. Қоспа түрлерін ажыратты.

  3. Таза зат пен қоспа айырмашылығын білді.

  4. Қоспа құрамындағы заттардың өз қасиеттерін сақтайтындығын айтты.

  5. Таза зат құрамының тек бір бөлшектен тұратындығын дәлелдеді.

  6. Теніз суының қоспаға жататындығын білді.

  7. Ауа газдар қоспасына жататынын айтты.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі