15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тазалық-денсаулық кепілі
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану
|
Мектеп: №71 жалпы білім беретін орта мектеп |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Денсаулық пен қауіпсіздік |
Ортақ тақырып: |
Дені саудың- жаны сау |
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Дошаева Амангүл Қуатқызы
|
Қатыспағандар саны: |
Қатысқандар:
|
Сабақтың тақырыбы |
Тазалық - денсаулық кепілі
|
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме) |
1.1.4.1. Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: жеке бас гигиенасына қажетті заттарды атайды және әр заттың қолданылуын анықтайды;
Көптеген оқушылар: жеке бас гигиенасы ережесімен танысады. Қажетті суреттерді сөздермен сәйкестендіреді. Тазалық, денсаулық туралы мақалдың мағынасын түсіндіреді;
Кейбір оқушылар: дене мен жеке басты таза ұстау - гигиена екендігін дәлелдейді және жеке бас гигиенасының ережелерін құрастырады;
|
Бағалау критерийлері |
1. Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды атайды. 2. Әр заттардың қолданылуын анықтайды. 3. Мақалдың мағынасын түсіндіреді. 4. Гигиена ережелерін құрастырады. |
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: гигиена – гигиена – hygiene; тазалық – чистота – cleanliness; Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері: Гигиена ережесі -Оқушылар мына заттар туралы не айта аласыздар? -Бұл заттарды не үшін қолданады екенбіз? -Өзіңнің жеке бас гигиенаң туралы ереже құрастыра аласың ба?
|
Құндылықтарды дарыту |
Құрмет- сурет пен сөздерді сәйкестендір. Ынтымақтастық-"Еркін микрофон"әдісі арқылы мақалдың мағынасын айтады. Ашықтық-. «Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі арқылы гигиена ережелерін құрастыр.
|
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек -дәптермен жұмыс кезінде суреттерді бояуда. Дене шынықтыру-ширату жаттығуда. Сауат ашу-мақал,тыңдалымда.
|
АКТ қолдану дағдылары:
|
Интербелсенді тақта – ширату жаттығуы, үнтаспа-тыңдалым. |
Бастапқы білім |
Денсаулықты қалай сақтауды біледі.
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы
0-4 минут |
Зейінін шоғырландыру. «Серпілген сауал» әдісі арқылы алдыңғы білімді қайталап және жаңа сабақтың оқу мақсаты жарияланады. -Ұйқыдан тұрған соң не істейміз? -Неліктен біз таза болуымыз керек? -Тазалықтың досы ол не деп ойлайсыңдар? -Тазалықты қалай сақтаймыз? Бүгінгі сабағымыз тазалықты сақтаудың белгісі жеке бас гигиенасының маңыздылығы туралы болады. Сабақ барысында жақсы жауап берген,белсенді оқушыларға суреттер беру арқылы бағалаймын. Жеке бас гигиенасын атап және әр заттың қолданылуын анықтай білген оқушыға тарақтың суреті беріледі. Берілген ребусты шешіп, мақалдың мағынасын түсіндіре білген оқушыға сабынның суреті беріледі. Гигиена ережелерін құрастыра білген оқушыға сусабынның суреті беріледі.
«Қажетті заттар» әдісі арқылы топқа бөлінеді. Алдарына тазалыққа қажетті заттар және тазалыққа қажетті емес заттар қойылады. Оқушылар тазалыққа қажетті құралдарды таңдап, топқа бөлінеді. Сабынды таңдаған оқушы І топқа, тіс щеткасын таңдаған оқушы ІІ топ, тарақты таңдаған оқушы ІІІ топ. 1-топ : «Сабын» тобы 2-топ: «Тіс щеткасы» тобы 3- топ: «Тарақ» тобы. |
Суреттер |
||||||||||||||||||
Сабақ ортасы
4-7 минут
7-20 минут
20-22 минут
22-27 минут
27-33 минут
33-37 минут |
М.Т. «Сен білесің бе?» әдісі. (Ұ) Оқушылар мына заттар туралы не айта аласыздар?(Сабын, сүлгі, тарақ, тіс пастасы, тіс щеткасы т.б) -Бұл заттарды не үшін қолданады екенбіз?( Бұл заттар шашты, тісті, теріні күту үшін қажет.тағы басқа жауаптары күтіледі) - Мына суретті салыстырайықшы. (таза бала мен жуынбайтын баланың суреті) Оқушылар суретті салыстыра отырып жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсінеді.
(Ұ)Тыңдалым. гигиена – гигиена – hygiene; тазалық – чистота – cleanliness; Гигиена (грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші») –адам денсаулығын сақтау және жақсарту туралы ғылым. Дене тазалығын сақтау қажет. Тазалық сақтау дегеніміз –үнемі жуыну, суға түсу,аяқты, басты, қолды жуып отыру, тырнақ алу, тіс тазалау. Қолды тамақ ішер алдында,дәретханаға барғаннан кейін, көшеден келгенде жууды естен шығармау керек.
М.Т. Мәтін не туралы? Жеке бас гигиенасы деген не екен?
І топ. «Ойлан тап» әдісі. (Т) Тапсырма. Сурет пен сөздерді сәйкестендіру.
Қолды тазалайды
Дескриптор: - Сөздер мен суреттерді мұқият қарайды. - Сөздер мен суреттерді ажыратады. - Сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.
ІІ топ (Т) Тапсырма. Ребус шешу. Мақалдың мағынасын айту.
"Еркін микрофон"әдісі арқылы мақалдың мағынасын айтады.
Дескриптор: - ребусты шешеді. - мақалды жазады. - мақалдың мағынасын айтады.
Кері байланыс ауызша жүргізіледі (мадақтау).
ІІІ топ (Т) Тапсырма. Гигиена ережелерін құрастыру. «Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі бойынша суретке қарап отырып гигиеналық ережелерді құрастыр.Ол ережені досыңа айтып бер.
Дескриптор: -гигиена туралы талқылайды. - гигиена ережесін құрастырады.
(Ө) Барынша қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма. Тапсырма. Балаға жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті заттарды алуға көмектес.
Дескриптор: - заттарды қарайды. - қажетті заттарды ажыратады. - қажетті заттарды белгілейді.
(Ө) Орташа қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма. Тапсырма. Тазалыққа, денсаулыққа байланысты мақал айт. Дескриптор: -тазалық туралы мақал айтады. -денсаулық туралы мақал айтады.
(Ө) Аз қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма. Тапсырма. Тазалыққа, денсаулыққа байланысты бес жолды өлең құрастыр. Дескриптор: -тазалық, денсаулық туралы өлең құрайды. -өлеңді оқып береді.
Ширату жаттығулары. «Тазалық» өлеңін қимылмен көрсету арқылы жүзеге асады. Орнымыздан тұрайық, Қолымызды жуайық. Сабын, суды аямай Тазалықты ұғайық.
Қ.Б.1-тапсырма Сурет бойынша жеке бас гигиенасы және оны сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелеңіз. Бағалау критерийі: Білім алушы 1.Жеке бас гигиенасының құралдарын атайды; 2.Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін анықтайды. 3.Гигиена сақтаудың қажеттілігі туралы әңгімелейді. Дескриптор: Білім алушы - жеке бас гигиенасы туралы әңгімелейді; - жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын айтады.
(Ө) «Орнын тап» әдісі. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.
Дескриптор: - Бос орынға қажетті сөздерді қойып оқиды. - Бос орынға қажетті сөздерді қойып жазады. -Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды анықтайды. -Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды бояйды.
ЖЖ. «Иә,жоқ» әдісі Жеке бас гигиенасы дегенді қалай түсінесіз?Жұпта тақылаңыз.Берілген сөйлемдерді мұқият тыңдаңыз және тұсына «+», «-»таңбаларының тиістісін қойыңыз.
Дескриптор: -жеке бас гигиенасы туралы ой бөліседі; -сөйлемдердің дұрыс / бұрыстығын көрсетеді. |
Сабын, сүлгі, тарақ, тіс пастасы, тіс щеткасы,
Суреттер
Үнтаспа
Суреттер
Микрофон
Оқулық
Бейнежазба
Жұмыс дәптері, қалам, түрлі түсті қарындаштар
Қима қағаздар |
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
37-40 минут |
Рефлексия. Нені білдім? Нені үйрендім? Оқушылар қалаған суретінің жанына барады. (таза бала мен жуынбайтын баланың суреті)
Кері байланыс «Білім қоржыны» әдісімен.(оқушылар алған суреттерін қоржынға салады)
1-қоржын:өте жақсы түсіндім 2-қоржын:сабақты жақсы түсіндім 3-қоржын:әлі де ізденуім керек |
Сурет
Қоржын |
|
Бағалау |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. |
Оқыту барысында оқушыларға сенім арту арқылы қолдау көрсетіп,жетістікке жетуіне ықпал жасаймын. Барынша қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма. Тапсырма. Балаға жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті заттарды алуға көмектес. Дескриптор: - заттарды қарайды. - қажетті заттарды ажыратады. - қажетті заттарды белгілейді. (Ө) Орташа қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма. Тапсырма. Тазалыққа, денсаулыққа байланысты мақал айт. Дескриптор: -тазалық туралы мақал айтады. -денсаулық туралы мақал айтады. (Ө) Аз қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма. Тапсырма. Тазалыққа, денсаулыққа байланысты бес жолды өлең құрастыр. Дескриптор: -тазалық, денсаулық туралы өлең құрайды. -өлеңді оқып береді. |
Сабақ барысында жақсы жауап берген,белсенді оқушыларға суреттер беру арқылы бағалаймын. Жеке бас гигиенасын атап және әр заттың қолданылуын анықтай білген оқушыға тарақтың суреті беріледі. Берілген ребусты шешіп, мақалдың мағынасын түсіндіре білген оқушыға сабынның суреті беріледі. Гигиена ережелерін құрастыра білген оқушыға сусабынның суреті беріледі. Оқушылар тапсырманы орындау барысында жинаған суреттерін «Білім қоржынына» салады.
|
Ширату жаттығуына барлық оқушыларды қатыстыра отырып,қимыл-қозғалыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін ескерту. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды? |
Сaбақ мақсаты оқу мақсаттарына сәйкес құрылды.
Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді.
Сабақта диалог және қолдау арқылы саралау жүргізілді, болашақта барлық балаға бір саралау тапсырмасын беруді жоспарлап кұруді мақсатыма аламын.
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.
Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ,тапсырмалар дәл,нақты қойылды. Тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алдым. |
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. Тәжірибе жасау барысында оқушылардың өздері қорытынды жасағаны 2. Сабақ соңында оқушылардың өзін-өзі бағалауы
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1.Әріптесім Қалима апайдың пікірінше топтық жұмыс жақсы өтті. 2.Ашық сұрақтарды көбірек алу.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? - Топтық, жұптық және жеке жұмыстар орындау кезінде оқушыларды толық жауап беруге ынталандыруды тренерім ұсынды. Қолдауды аз мөлшерде қажет ететін оқушыларға деңгейлік тапсырма дайындауда-әріптесім Гүлнұрдың ұсынысы. |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген