"Тазалық-денсаулық кепілі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тазалық-денсаулық кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты .Оқушыларға жеке басының тазалығын сақтау туралы. "Тазалық денсаулық кепілі мағынасын түсіндіру ,жеке басының гигиенасын сақтай білуге тәрбиелеу"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты:

Тақырыбы: «Тазалық-денсаулық кепілі»


Мақсаты: 1) Балалардың денсаулық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Тазалық құралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету.

2) Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға,өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.

3) Оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау,жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд-суреттер

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнге!

Мұғалім: Балалар,сендер болашақта қандай болғыларың келеді?

Нұржан: Мен ұлмын,сондықтан өжет,күшті,төзімді,көңілді болғым келеді.

Аружан: Мен қызбын, сондықтан нәзік,шыншыл,әділ,әдемі болғым келеді.

Мұғалім: Әдемі,нәзік,күшті болу үшін не керек? (Денсаулық)

Онда ауырмай әдемі,таза болу үшін өз-өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз.

-Балалар, денсаулық дегенді қалай түсінеміз?



С п орт Денсаулық Жеміс-жидектер


Күннің көзі

Дәріхана Су

Таза ауа

І кезең: «Менің таңым»

ІІ кезең: «Қимыл-қозғалыс»

ІІІ кезең: «Сиқырлы сандық»

ІҮ кезең: «Көрініс»

Ү кезең: «Спорт-сенің серегің»

ҮІ кезең «Кім тапқыр?»

І. «Менің таңым» Балалар «Денсаулық», «Тазалық» туралы өлеңдері оқылады.

Зере: Су-өмір жүрегі

Денсаулық тірегі.

Шөлдесең, қанасың,

Жуынсан тазасың.


Қоршаған ауамен

Шығыпт кең далаға.

Шынық сен әрдайым

Керемет ауада.


Алихан: Тазалықты іздесең,

Мөлдір судан аласың.

Жиі-жиі жуынсаң,

Аппақ таза боласың.


Самал: Тазалықты іздесең,

Шампунь,сүлгі керегі.

Бірі жуып шашыңды,

Бірі сүртіп береді.

Әмір: Тазалықты іздесең,

Айна,тарақ керегі.

Бірі тарап шашыңды,

Екіншісі көреді.


Нұрай: Тазалықты іздесең,

Тіс пастадан табасың.

Тістеріңді шөткеге,

Тазалатып аласың.


Бекарыс: Дос бол сабын,сумен сен,

Жиі-жиі жуын сен.

Таңертең де,кеште де,

Жуын күндіз-түсте де.


Дамир: Жуын тамақ алдында,

Жуын тамақ соңында.

Жуын ұйықтар кезіңде,

Жуын тұрған мезгілде.

Су мен сабын бір жолдас.

Жоймас олар кір болмас!


Дана: Тасытқан соң күшімді,

Шынығуды бітіріп.

Тазалаймын тісімді,

Жуынамын күтініп.

Басты байлық-денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

ІІ «Қимыл-қозғалыс» Денсаулығымызға қимыл-қозғалыстарда пайдалы екен.

( Барлық оқушылар «Балапан» әнін орындайды.)

Хормен: Тазалықты сүйеміз,

Таза болып жүреміз.

Біз баламыз шыныққан,

Денсаулығы мықты жан.

ІІІ «Сиқырлы сандық» Балалар сандықтың ішінде не бар екен? Ішінен «Денсаулық,» «Тазалық» сөзі шығады. Оқушылар мақал-мәтел айтып, мазмұнын ашады.

Расим: «Денсаулық-зор байлық»

Анель: «Дені саудың-жаны сау»

Қуаныш: «Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде».

Бекарыс: «Бірінші байлық-денсаулық

Екінші байлық-ақ жаулық

Үшінші байлық-он саулық»

Амина: «Тазалық-денсаулық негізі

Денсаулық-байлық негізі»


«Шынықсаң-шымыр боларсың»

Дана: «Денсаулықтың кепілі тазалық»

Айдана: «Аурудың жақсысыжоқ

Дәрінің тәттісі жоқ»

Ясмин: «Ағаш-тамырымен, Адам тамағымен»

Мектебіміздің аяжаны қонаққа келеді.

ІҮ «Көрініс» «Кітапты күтіп ұстау»

Ү «Спорт- сенің серігің» Дене шынықтыру мен спорт ағзаның қабілеттілігін көтереді,адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі,ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің кепілі.

- Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар?

(Көкпар, асық ату, бес тас, қол күрес, арқан тарту, қыз қуу т.б) Ұлттық ойындарды оқушылар көрсетеді.

Ән: «Біз жеткіншек баламыз»

ҮІ «Кім тапқыр?»

Ал,балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!

1) Бес сауысқан,

Бес сауысқанның басына

Тас жабысқан. (Саусақ,тырнақ)

2) Дымқылдап күнде сен

Қолыңды сүйкесең

Кетіп кір,ласың

Тап-таза боласың

Бұл не? (Сабын)

3) Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолың да

Сүртеді жонын да

Бұл не? (Сүлгі)

4) Аузы жоқ,көзі жоқ

Тілі жоқ,сөзі жоқ

Бірақ та тісі жоқ

Басыңмен ісі бар

Бұл не? (Тарақ)

5) Үй ішінде

Отыз екі батыр,

Кіргендерді

Отап,турап жатыр. (Тіс)

6) Кішкене ғана тостаған,

Жер дүниені бастаған. (Көз)

7) Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың. (Құлақ)

8 )Жайшылықта жекесің,

Қарай қалсаң,екеусің. (Айна)

Ән: «Тук-тук»

Қорытынды: «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаған. Денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғылдану,тазалықты сақтау керек. Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият болуы-оның болашақ өмірінің алтын діңгегі.

Хормен:  Жадыраған Күндейміз,Күндейміз!

Жайнап өскен Гүлдейміз,Гүлдейміз!

Тұнық таза Ауамыз,Ауамыз!

Жадыраған Сумыз біз,Тазамыз,Тазамыз!


 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2020
441
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі