Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тазалық-денсаулық кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы




Білім беру салалары: «Коммуникация», «Таным», «Денсаулық», «Әлеумет» «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметтері:Көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру, қоршаған ортамен танысу, жаратылыстану, ән-саз.

Тақырыбы: «Тазалық-денсаулық кепілі»

Мақсаты:Балалардың бойында денсаулық сақтаудың бірден-бір жолы тазалық сақтау екендігі жөнінде түсініктерін тереңдету. Салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Салауатты өмір жолын қалыптастыруда, ең басты көмекші Дәрігер екендігін түсіндіру. Бөлме өсімдіктерінің пайдасы туралы оның ішінде олардың бөлме ауасын тазалау мен қатар адамзаттың көңіл күйін көтеруге де пайдасы бар екенін айтып, оларды отырғызу және күтім жасауды өздерімен бірлесіп тәжірибе жасау арқылы түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру, ғажайып сәт,сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: Жаттығуға арналған жалаушалар, тазалық құралдары сабын, сүлгі, тіс пастасы, тіс щёткасы, ысқыш. Гүл отырғызуға арналған құм, құмыра, құм салуға арналған күрекше, тырма, суқұйғыш, құм астына арналған ұсақ тастар, тамырланған өсімдік.

(Балалар сырттан кіріп екі қатарға орналасқан орындықтарға келіп орналасады)

Тәрбиеші: Балалар, жаңа ұйымдастырылатын оқу қызметін бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, амандасып алалық.

Армысың ашық аспан.

Армысың алтын күн.

Армысың асыл жер.

Армысың менің достарым!

Армысыздар қонақтар!

Тәрбиеші:Өте тамаша балалар күніміз сәтті өтсін. Балалар бүгінгі ұйымдастырылатын оқу қызметіміз ерекше болмақ. Бүгін біз өзіміздің денсаулығымызға пайдалы заттар туралы айтатын боламыз. Балалар назар салайықшы бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.

Ғажайып сәт: Топқа Дәрігер апай келіп кіреді.

Тәрбиеші:

-Сәлематсыз ба? Балалар бұл Дәрігер апайымыз ғо, дәрігер апай бұл жерге не себепті келді екен?

Балалар:

-Бұл дәрігер апай, дәрігер апай біздің денсаулығымызға алаңдайды.

Дәрігер:

-Сәлематсыздар ма балалар, денсаулықтарың жақсы ма? Мен сіздердің күнделікті уақыттырыңды қалай өткізіп жүргендеріңді байқап, қарауға келдім.

Тәрбиеші:

-Иә дәрігер біздің балалар күнді әр қашан ертеңгілік жаттығу жасаудан бастайды. Сіздің айтқан ақыл кеңестеріңізді естерінен шығармайды.

Дәрігер:

-Ендеше қане шеңбер құрып ертеңгілік жаттығуымызды басталық.

(Балалар музыка сүймелдеуімен, дәрігердің басшылығымен ертеңгілік жаттыуды орындайды)

Тәрбиеші:

-Жақсы балалар орындарыыңа келіп орналасып отыра қойыңыздар.

(Музыка ойналып ортаға Кірқожалақ келіп кіреді)

Тәрбиеші:

-Балалар мына кірқожалақ қайдан келе жатыр екен?

Кірқожалақ:

-Өй сіздердің жаттығу жасап жатқандарыңызды естіп қалдым. Жаттығу жасап не керек, мен құсап бос жүрмейсіз бе?

Дәрігер:

-Сен Кірқожалақ неге айтқан тілді алмайсың. Неге жуынбай, ертеңгілік шынығу жаттығуларын жасамай жүрсің?

Тәрбиеші:

-Бұлай болмайды сен осылай Кірқожалақ болып жүре берсең ауырып қалуыңда мүмкін. Ендеше құлақ түр, біздің балалар саған денсаулық пен тазалық туралы айтып береді.

1-бала:

Сырттан келіп үнемі,

Сабынмен қол жуамыз,

Тамақтың алды – артында,

Қолыңды бала жуып жүр.

2-бала

Қоршаған ауамен

Шығып кең далаға.

Шынық сен әрдайым.

Керемет ауада.

3-бала:

Тазалықты іздесең,

Мөлдір судан аласың.

Жиі-жиі жуынсаң,

Аппақ таза боласың.

4-бала:

Тазалық сенің серігің

Жанға дауа – тазалық

Сергітетін адамды –

Қимыл менен қозғалыс.

5-бала:

Денсаулық ол күлуің

Көңіл күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Дәрігер:

-Балалар дұрыс айтады, ендеше қарашы балалардың алдарында нелер жатқанын. Бұның бәрі бізге күнделікті керек заттар.Балалар алдарыңыздағы заттарды ендеше Кірқожалаққа табыстайық ол үйіне барып жуынып тазалансын.

(Балалардың алдарында сабын, сүлгі, тіс пастасы, тіс щеткасы, ысқыш)

Балалар:

-Денсаулық – зор байлық

-Әуелгі байлық-денсаулық

-Ауырудың алдын ал!

-Тазалық- саулық негізі

-Тазалық-денсаулық кепілі.

(Балалар мақал-мәтелдерді айта отырып қолдарындағы тазалық заттарын Кірқожалаққа ұсынады)

Кірқожалақ:

-Тамашабалалар қандай ақылды балаларсыз. Рахмет мен сіздерге риза болдым.

Сау болыңыздар мен тезірек барып жуынып жаттығу жасайын.

Дәрігер:

-Ал сіздер күнделікті бөлме ауасын тазартып тұрасыздар ма?

Балалар:

- Иә

Тәрбиеші:

-Иә Дәрігер біздің балалар, күнделікті бөлмені тазартып желдетіп қана қоймайды соны мен қатар олар үнемі бөлме ауасын таза ұстау мақсатында бөлме гүлдерін отырғызу менде айналысып тұрады. Қазір біздің балалар бөлме өсімдіктерін өздері отырғызып көрсетеді.

(Балалар екі топқа бөлінеді. Әр үстел үстінде өсімдікке арналған құмыра,су құйғыш,тырма,тастар құм астына арналған,дастархан,құм салынған ыдыс,күрекшелер,әр балаға алжапқыш,сүлгі, тамырланған өсімдіктер)

Тәрбиеші:

-Балалар бізге өсімдікті отырғызу үшін алдымен не қажет?

Балалар:

-Гүл отырғызатын құмыра қажет.

Тәрбиеші:

-Одан соң не қажет?

Балалар:

-Өсімдік жақсы дем алуы үшін құмыра астына тастар салуымыз қажет.

Тәрбиеші:

-Ендеше жұмысымызды жалғастырайық, енді бастысы құмымызды құялық. Құм ортасын үңгірлеп азғантай су құйып өсімдігімізді отырғызалық. Ендігі гүліміз жақсы өсуі үшін не істеуіміз керек?

Балалар:

-Су құямыз.

Дәрігер:

-Міне керемет сіздер үнемі бөлмелеріңе өсімдіктер өсіріп тұрсаңыздар, әрине бөлме ауаларың тазарып тұрады.

Тәрбиеші: Міне Дәрігер біздің балаларымыз өз тазалықтарына, денсаулықтарын сақтауға аса мән береді. Енді балаларымыздың көңілдерін ән мен сергітіп ұйымдастырылған оқу қызметімізді аяқтайық.

Ән: «Балабақша»

Балалар: Қош сау болыңыздар!





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2021
436
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12