Тазалықты сүйемін.
Мақсаты: Тазалық туралы
мағұлымат бере отырып,
оқушылардың тіл байлығын,
сөйлеу қабілетін
дамыту, сабынның шығу
тарихымен таныстыру,
тазалыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу,
түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты
сөздер, айна, тарақ, сабын, сүлгі,
суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
Кіріспе сөз.
Балалар
бүгін сыныптан тыс «Тазалықты сүйемін» атты жұмысымызды бастағалы
отырмыз. Тазалық бұл адамның рухани, мәдени жетілу деңгеиінің,
кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі. Ол адамның
денсаулығы, өң-түсімен шырайлылығы, өмір жасының ұзақтығы, тұла
бойының сәнділігі, өз қадір-қасиетін бағалауы, айналасына
тартымдылығы, сүйкімділігі деген сөз.
Оның бер жағында алуан түрлі
аурулар, індеттер, оларды
тарататын микроптар нақ сол
тазалықтың жоқтығынан.
Сондықтан деннің саулығын
басты байлық санаған-тазалық.
Енді біздің мына кішкентай
бүлдіршіндеріміз осы тазалық
туралы не айтар екен? Әр
уақытта таза,ұқыпты, жинақы
жүретін баланың достары нелер
екен, көрейікші!
Кірқоймас:
-Саламатсыңдар ма, балалар!
Мен Кірқоймаспын. Мені сендер жақсы білесіңдер. Күнделікті
ертеңімен жуынсаңдар, үнемі қолдарыңды шаясыңдар.
1-оқушы:
-Салематсың ба? Кірқоймас. Жоғары шығып, төрге
отырыңыз.
Мұғалім:
-Тағы бір қонағымыз екелді( таза, ұқыпты бала
кіреді)
2-оқушы:
Бұл бала, қай
бала?
Пай, пай!
Қарашы үстіне, өзіне!
Бір кіршік түспейме, көзіне?
Пай, пай!
3-оқушы:
Тап-таза, ақ қағаздай.
Киімі мұнтаздай.
Пай, пай!
Жарайсың, балақай!
Дейміз біз, мадақтай!
Пай, пай!
Таза бала.
-Мен таза баламын. Кірқоймас
екеуміз доспыз. Мен үнемі таза жүруді ұнатамын.(осы кезде есік
ашылады)
Мұғалім:
-Балалар, қонағымыз түгел
келген сияқты еді ғой. Бұл кім болды екен!
-Кіріңіз
Тазалық секторы:
-Осы сыныпқа Кірқоймас пен Таза бала келді деген
соң, біз мына Қарабайды ертіп келдік. Бұған не
айтасыздар?
4-оқушы:
Бұл бала,
Қай бала?
Пай, пай!
Қарашш
Үстіне, өзіне.
Адам ба? Түсті не,
Көзіңе, бет-ауыз
Кір айғыз. Бес батпан
Мойыны-күс қатқан
Тырнағы сояудай,
Пай, пай!
5-оқушы:
-Аяқ-қол, жарылған,
Батпаққа малынған
Пай, пай!
Ұят-ай, балақай!
Дейміз біз мазақтай!
Көрінбе ешкімнің көзіне
Жүрме енді сен бұлай!
Пай, пай, пай!
6-оқушы:
-Бақа, бақа, бақ-бақ,
Сеніп жүрсем мақтап,
Бетің неге сатпақ?
Бақа, бақа, бақ-бақ,
Жүру үшін мақтап
Болу керек аппақ.
Қарабай:
-Балалар мазқтамаңдаршы. Мен қателігімді
түсіндім(жылайды)
7-оқушы:
-Тазалық керек басқада,
Тазалық керек шашқада,
Шашы таза келісті,
Болсаңшы анау баладай!
Кірқоймас -Балалар, Қарабай
қателігін түсінді. Қарабайға көмектесейік. Ол үшін менің
көмекшілерім керек. Оларды шақыруға көмектесесіңдер
ма?
-Баплалар: -Ия! Ендеше, жұмбақтар
шешейік.
8-оқушы:
-Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не? (сабын)
9-оқушы:
Шомылған баланы,
Аймалап алады,
Сипайды қолын да,
Сипайды жонын
да.(сүлгі)
10-оқушы:
-Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісіде жоқ.(су)
11-оқушы:
-Қалтамда жатыр тісі бар,
Тістемей-ақ істер ісі бар.(тарақ)
12-оқушы:
-Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді - өзіңе. (айна)
Кірқоймас:
Қарабай! Міне сенде тазалыққа
керек заттың бәрі болды.
Енді не
істейсің?
-Қарабай: Мне жуынып таза
болып жүремін. Кір болып
жүру шынында
екен.
-Мұғалім: Міне балалар
тазалықтың пайдасы бар екен.
Қарабай өз қателігін түсінді
ме? Қарабайдың
кірін кетіретін нелер
екен?(су,сабын)
-Дұрыс айтасыңдар. Сабын қалай
жасалады
екен.
Сабынның шығу тарихымен таныстырамын.
Топтастыру:
Қорыту: - Дені сау адам-
табиғаттың ең қымбат жемісі. Денсаулық- байлықтан қымбат. Балалар,
міне тазалықтың пайдасы өте зор. Таза жүретін баланы қалай айтады
екенбіз. «Ұқыпты бала» Таза жүрсек, деніміз сау болады. «тазалық-
денсаулық кепілі» деп халқымыз бекер айтпаған.
№27 Дихан орта
мектебі.
Тәрбие сағаты:

Өрісбаева Қымбат Асанқызы.