400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тазалық– денсаулық кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: «Денсаулық» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез- құлық негіздері. Тақырыбы: «Тазалық– денсаулық кепілі» Мақсаты:Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Тазалыққұралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету. Қолданылатын: тазалыққа керекті заттар суреттер (сабын,сүлгі, тарақ,тіс щеткасы,тіс пастасы) Сөздік жұмысы: Дені саудың -жаны сау.Салауатты өмір салты. Тәрбиеші: «Білер қазақ баласы, Сәлем сөздің анасы»- дегендей сәлемдесіп алайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Базаргалиева Гулшат Базаргаликызы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

«Наурыз» мектепке дейінгі шағын

оқу тәрбие орталығының тәрбиешісі.


Білім беру саласы: «Денсаулық»       
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез- құлық негіздері.
Тақырыбы: «Тазалық– денсаулық кепілі»
Мақсаты:Балаларды  тазалыққа,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.Тазалыққұралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету.

Қолданылатын: тазалыққа керекті заттар суреттер (сабын,сүлгі, тарақ,тіс щеткасы,тіс пастасы)

Сөздік жұмысы: Дені саудың -жаны сау.Салауатты өмір салты.

Тәрбиеші: «Білер қазақ баласы, Сәлем сөздің анасы»- дегендей сәлемдесіп алайық.

Шаттық шеңбері:  Арайлап таң атты ,

                               Алтын сәуле таратты,

                               Қайырлы таң,қайырлы күн!

                               Күн күліп шықты,күн бүгін!.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күзде ауа райы қандай болады?

-Тағы қандай табиғат өзгерістерін білесіңдер?

-Балалардың жауаптары.

- Бүгін біздер сабағымызда тазалық туралы айтамыз, яғни сабағымыздың тақырыбы « Тазалық – денсаулық кепілі». Тазалық дегеніміз қол, денесін, киімін таза ұстау, уақытылы жуынып жүру. Мысалы: тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды жуып отыру керек. Адам ұйқыдан тұрғанда қолын, бетін, құлағының ішін жуады, тісін тазалайды ұйқыға жатар алдындада соны орындауы керек. Оған кішкентай кезінен бала дағдылану керек.

-         Ал сендер осылай тазалықты сақтайсындарма? ( жақсы)

-         Енді мұқият тындап мына жұмбақтарды бірігіп шешіп көрейікші.

Жұмбақтарды шешу:

Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең.

Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын)

Шомылған баланы аймалап алады.

Суртеді қолынды, суртеді дененді. Бұл не? ( Сүлгі)

Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ)

Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.

Қарайды  кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна)

-  Жақсы дұрыс шешуін таптық. Бұлардың бәрі тазалық құралдары.

- Міне сондықтанда адам өзінің денсаулығы болу үшін жуынып таза жүру керек.

Дені сау адам көңілді, мықты, жұмысқа қабілеті жақсы болады.

Сергіту сәті:    Жадыраған  Күндейміз,күндейміз!

                      Жайнап өскен Гүлдейміз,гүлдейміз!

                    Тұнық таза Ауамыз,ауамыз!

                 Жадыраған сумыз біз,Тазамыз,тазамыз!


-Есік қағылады: Сәламетсіздер ме, медбеке! қайдан келе жатырсыз, қасыңыздағы бұл кім екен?

-Сәламетсіңдер ме,балалар! Мен жұмысқа келе жатқанда балабақшаның ауласында мынандай қыз тауып алдым,ол сіздердің тобыңыздағы қыз емес па екен?

-Қызым-ау атын кім біздер сені танымадық?

-Мен сіздердің тобындағы Айарумын ,мен мамамды айтқанын тыңдамай қашып кеттім.

-Балалар осы істеуге бола ма?     -Жоқ

-Әрине балалар,үсті басы кір – кір болып,беті қолы жуылмаған,үсті басы лас-лас осылай жүруге бола ма?

-Ендеше балалар,көмектесейік па Айару  ға?    -ия

1-бала: Ерасыл: Мына ережелерді есіңе сақта:

-Қолыңды жумас бұрын жеңіңді түр

-Қолыңа сабынды алып аздап жақ

-Енді суды аздап ағызып қолыңды жуасың

-Беті қолымызды-сабындаймыз

Жақсылап сумен жуамыз

Орамалмен беті қолымызды құрғатып сүртеміз

 

Маржан:  Мөлдір су ,мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Мөлдір су, мөлдір су

Мөлдір суға бетіңді жу.

 

Бекжан:-Жуын тамақ алдында,

Жуын тамақ соңында

Жуын ұйықтар кезіңде,

Жуын тұрған мезгілде

 

Тәрбиеші:-Міне Айару

Тазалықты іздесең,

Төсегіңді жина

Төгіп шашпай тамақты,

Дастарханды сыйла.

Орындасаң осыны,

Тазалықты ұстайсың

Сонда ұқыпты әдемі,

Айаруға ұқсайсын.


Ойын «Жақсы-жаман»
-Балалар,мен тақпақтар оқимын.Егер жақсы бала туралы болса,қолдарыңды шапалақтайсыңдар.Егер жаман бала жөнінде болса көздеріңді жұмасыңдар.
    1.  Шашымды тарадым.
        Айнаға қарадым.
        Ерте тұрдым ұйқымнан.
        Мен бақшаға барамын.
  

  2.  Анау бала,бетін қара.
        Жуынбапты масқара.!
        Тырнағы өскен,шашы көптен
         Алынбапты масқара!
  

  3.    Мен кішкентай баламын.
         Айтқан тілді аламын.
         Көмектесем анама,
         Үйді жинап қоямын.
 

Дәрігер:Бәрекелді!Сендер бәрін біледі екенсіңдер.Сендерге риза болдым.Әрқашан осылай таза жүріңдер,ауырмаңдар, балаларға дәрумендер үлестіріп,олармен қоштасады.

Қорытындылау: Сұрақ- жауап.

Күтілетін нәтиже:  

Білуі: Күн тәртібін сақтау денсаулыққа пайдалы.

Біз не білдік:Адамныңтек қана тәні таза болмауы керек , оныңойы да, жаны да таза болуы керек

Болуы керек:  Тазалықболған жерде денсаулықболады. Таза жүруге әдеттен.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
2026
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі