400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тазалық денсаулық кепілі 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың денсаулық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Тазалық құралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету,қоршаған ортаны таза ұстап аялауға,өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні

15.01.2024ж

Класы, жетекші

1 «А» \ Әбиева Б.Қ

Сабақтың тақырыбы

«Тазалық денсаулық кепілі»

Мақсаты

Балалардың денсаулық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Тазалық құралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету,қоршаған ортаны таза ұстап аялауға,өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.

Күтілетін нәтижелер


Оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта, суреттер, нақылсөздер,

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу

Құндылықтар

Ұлттық мәдениетті дәріптеу;
Салауатты өмір салтын ұстану;

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)





Тұсаукесер

(5мин.)


1.Ынтымақтастық атмосферасы шаттық шеңберінде «Тазалық» өлеңін қимылмен көрсету арқылы жүзеге асады. Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды жуайық.

Сабын, суды аямай

Тазалықты ұғайық.

«Серпілген сауал» әдісі арқылы оқу мақсаты жарияланады.

-Балалар, сендер болашақта қандай болғыларың келеді?

-өжет,күшті,төзімді,..нәзік, шыншыл, әдемі

--Әдемі, нәзік, күшті болу үшін не керек?

-Денсаулық керек

Онда ауырмай әдемі таза болу үшін өз-өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз.

Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар бір-біріне тілек тілеп,орындарына отырады.

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.

Презентация тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.

Негізгі бөлім

(20мин)



Кіріспе.

-Балалар,денсаулық дегенді қалай түсінеміз?

-Неліктен біз таза болуымыз керек?

-Тазалықтың досы ол не деп ойлайсыңдар?

-Тазалықты қалай сақтаймыз?

Мектеп медбикесімен кездесу-Шынбаева Разия

1-тапсырма «Сәйкестендіру» әдісі арқылы орындалады. Берілген суреттен жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті заттарды анықта, оларды сәйкестендір.

2) (Ж) «Екі жақты күнделік» әдісі

«Кір қожалақ» мультфильмін көрсету.

Кейіпкердің қандай кеңес бересің жағымсыз жақтары

берілген суреттің ішінен жеке бас гигиенасына арналған заттарды белгіле:

3 мин ә) Жеке бас гигиенасы дегенді қалай түсінесің?

1 Жеке бас гигиенасы дегеніміз – тазалық сақтау

2 Әр адамның жеке құралдары болған жөн

3 Жеміс – жидектерді жеу міндетті емес

4 Тісті күнделікті тазалап тұру керек.

5 Тырнақты өсірмей, уақытында алып тұру керек

б) Сөйлемдерді толықтыр

Дене мен киімді ........ ұстау – бұл жеке бас гигиенасы.

Тазалық денсаулықты .............. көмектеседі.

Әр адамның жеке бас гигиенасына арналған .............. болуы тиіс.

Хормен:

Тазалықты сүйеміз,

Таза болып жүреміз.

Біз баламыз шыныққан

Денсаулығы мықты жан

«Сиқырлы сандық». Балалар, сандықтың ішінде сөздер бар екен. Сол сөздерге байланысты мақал-мәтел,нақыл сөздер айтамыз.

-Денсаулық-зор байлық.

-Дені саудың-жаны сау

-Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.




Дескриптор: - жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті заттарды анықтайды. - суреттерді сәйкестендіреді.


ҚБ): «Қошемет» әдісі

















Қорытынды

(10мин.)




Қорытындылау.

- Гигиена дегеніміз не? Оны қандай сөзбен алмастыруға болады? - Үйде қандай гигиена ережелерін сақтайсыңдар?

-Тазалық деген не?

-Тазалық не үшін керек?

Сау болыңыздар!




Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18.06.2024
321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі