400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тазалық-денсаулық кепілі" Дүниетану 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: «Шолаққорған» жом

Күні: 05.05.2017 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Нарметова Р

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Тазалық -денсаулық кепілі



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар: жеке бас гигиенасы ережелерін үйренеді.

Көптеген оқушылар: үйде және мектепте жеке бас гигиенасын сақтауды үйренеді.

Кейбір оқушылар: алған білімдерін өмірде қолдана алады. Ойын жүйелі жеткізе алады.

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

- " денсаулық", "жеке бас гигиенасы" ұғымдарын біле алады.

- гигиена ережесін құрастыруды үйрене алады.

- салыстыру мен талқылаудың тәжірибелік дағдыларын және іскерлігін бекіте алады.

Дескрипторлар

Денсаулық пен жеке бас гигиенасын ажыратады.

Салыстырады.

Суреттің көмегімен бір - біріне түрткі сұрақ қояды.

Тілдік мақсаттар


Гигиена - тазалықты сақтау шаралары, дене мен киімді таза ұстау.

Денсаулық - адам ағзасының қалыпты жағдайы

Құндылықтарды дарыту




Қарым-қатынас дағдылары арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру қарастырылады.

Бірін - бірі тыңдау, сыйлауды үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика, бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

Бейне көрсетілім. Электрондық оқулық

Бастапқы білім

Бұл сабақ бойынша өзара және өзін - өзі бағалау жүргізуге болады, себебі әр оқушы жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаудың маңызды екенін түсінуі қажет. Жұмысты жұппен өткізуге болады. Ол үшін мынадай сұрақтарға жауап беруді тапсырамын:

"Қолды қашан жуу қажет?", "Тісті күніне неше рет жуады?", "Адамдар не үшін шаш тарайды?", "Күніне неше рет жуыну қажет?"т.б.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

15 мин






























Ынтымықтастық атмосферасын орнату:

Тазалықты сүйеміз

Таза болып жүреміз

Біз баламыз шыныққан

Денсаулығы мықты жан

Топқа бөліну: Ұқыпты бала , ұқыпсыз бала, киім, аяқ киім







Т оптық ережені еске түсіреміз.









" Қоржын" ашу ойыны

Қоржында не бар екенін табу үшін жұмбақ шештіреміз ( сабын, тіс пастасы, щетка, тарақ) шыққан заттарды санатамыз.

- Осы заттар не үшін қажет?

Сұрақтарға жауап ала отырып, суреттерді салыстыру. Бұл тапсырма оқушыларға сабақ тақырыбын құруға көмектеседі.





Оқушыларға оқулықтағы сұрақтарға жауап беруге тапсырма беріледі.



Талқылау барысында тазалық - денсаулық кепілі екенін анықтау қажет.

Оқулықтағы мәтінді оқу оқушыларға "гигиена" сөзінің лексикалық мағынасын өз бетімен құруға көмектеседі.







Дескриптор:

Суреттер бойынша әңгіме құрады, берілген сұрақтарға жауап берді.

Сыныптастарымен бірге орындайтын әрекеттерге мысал келтірді, сипаттады.

Суреттерге сүйеніп, тазалық сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімеледі, сөйлемдерді толықтырып жазды.








Парақшадағы қиылған суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.












Қ оржынға салынған заттар








Оқулықпен жұмыс


















Сабақтың ортасы

15 мин

" Ымдау" тәсілі

Әр топ оқушылары өздерінің топ аттарын дене қимылымен немесе ымдау арқылы көрсетуі тиіс.

- Оқушыларға жұпта жеке бас гигиенасын құруға және бір - біріне әңгімелеуге тапсырма береміз.

- Бұл тапсырма жеке бас гигиенасын сақтаудың өмірлік дағдыларын бекітуге, шығармашылық ойлауды дамытуға көмектеседі.




Дескриптор


- Жеке бас гигиенасын сақтаудың ережелерін айтады.

- Сюжетті суреттермен жұмыс жасайды.

Гигиена ережелері

- Күнделікті жылы сумен және балалар сабынымен жуыну қажет.

- Шұлықтарды жиі ауыстыру қажет.

- Шашты таңертең және кешке тара.

- Таза киім ки.

- Тырнағыңды уақытында ал.

Сабақтың соңы

15 мин




















Сен білесің бе? тақырыбы бойынша білімін кеңейту үшін 1 - ші тапсырманы ұсынамын.

Топпен жұмыс жүргізеді.









Ги - ги - е- на, та - за - лық сөздерін алақан соғуымен дыбыстық талдау жасатамын.




Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.


- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?


Сергіту сәтін дене қимылын жасай отырып, тірек сөздермен жаттығу жасайды.






Парақшаларға жаңа сөздерді жазып, сынып бөлмесінің қабырғасына іліп қоямыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылардың қабілетіне қарай түрлі деңгейлік тапсырмалар беріп отырамын.



Бағалауды " Смайликтерге қыстырғыш қыстыру " әдісімен бағалаймын.


Денсаулық сақтау қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуы




- Оқу мақсаттарына сай сабақ мақсаты дұрыс қойдым.

- Оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздім.

- Уақытты тиімді пайдаландым.

Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.


2. Жоспарланған әдіс - тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне ықпал етті..


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Сабақты жақсартуға жұптық жұмыс, топпен жұмыс ықпал етті.


2. Ресурстар сабақты жақсы түсінуге көмектесті.


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушылардың жеке жұмыс кезінде жекелеген оқушылардың белсенділік танытқанын және көптеген оқушылардың тіл байлығы мен сөздік қорының төмендігін білдім.Алдағы уақытта қызықты ойын түрлерін пайдалансам, тіл байлығын, сөздік қорын молайтамын..








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі