400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тазалық сақтаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
"менің аулам"модулі бойынша 2 сыныпқа арналған сабақ жоспарымда оқушылардың сөздік қорынларын дамыту мақсатында бірнеше жұмыс түрлері қамтылған.Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне оқушыларды жетелеу.Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс істеуге бағыттау, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын сақтауға баулу көзделіп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сыныбы

2 А

Мұғалімі

Исмагулова Э.У.

Сабақ тақырыбы:

Тазалық сақтаймыз

Осы сабақта қол жеткізілітін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтеме

2.1.2.1. күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

2.4.4.1.бас әріптермен кіші әріптердің биіктігін, енін,көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу.

2.5.1.1.мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/ іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Көбі: бас әріптермен кіші әріптердің биіктігін, енін,көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады

Кейбіреуі: заттың атын/сынын/ іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша қолданады.

Күтілетін нәтиже

Өз ауласын сипаттайды, сурет бойынша мәтін құрайды

Жаңа сөздер

Аула сыпырушы, сыпыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, плакаттар, маркерлер, смайликтер

Оқыту әдістері:

Түсіндірі, көрнекілік сұрақ-жауап, дәлелдеу,әңгімелеу, топтық жұмыс, «Ыстық алақан» тренингі, ассоциаграмма,синквейн, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы,сергіту жаттығуы

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Шаттық шеңбері» тренингін өткізеді.

Оқушылар «Шаттық шеңбері» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтан өткен тақырыптарды қайталатады.Кемшіліктерді анықтайды,түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

I.Қызығушылықтыояту

Т.Жексенбайдың «Мектеп ауласы» әңгімесін оқып береді.Әңгіме желісі бойынша оқушыларға сұрақтар қояды:

-Мектеп ауласында не бар?

-Гүлзарларда не өсіп тұр?

-Балаларға арналған қандай ойын алаңқайлары бар?

-Балалар қандай ойын ойнады?

Тыңдалым.Айтылым.Мәтінді тыңдайды.Сұрақтарға жауап береді

II.Мағынаны тану

1 Сөздікпен жұмыс А/Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңасөздермен таныстырады,аудармасын айтады. Оларды оқиды,оқушыларға қайталатады

Тыңдалым.Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды,қайталайды.

Айтылым.Дұрыс айтылумен ауызша жаттығу жүргізеді

Ә/ «Дұрыс айт» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше қайталатады.

Айтылым.Сөздерді айтуға жаттығады,қайталайды

2.Мәтінмен жұмыс. тыңдалым.Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді.


Мәтінді тыңдайды,жаңа сөздерді қайталайды.


3.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.А/Жазылым.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым.Жазылым.Тыныс белгілерін қойып,сөйлемдерді жазады.

Ә/Айтылым. Оқулықтағы 2,4-тапсырманы орындатады.


Айтылым.Мәтін құрайды., «Бұл дыбысты айтпа!» ойынының шартын орындайды.

4.Мәнерлеп оқу. Ғ. Өкеевтің «Аула-біздің үйіміз» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Ауламызда ойнаймыз

Ойнап қана ойнаймыз.

Жаңа қоныс-жаңа үйді,

Әнге бөлеп жинаймыз.

Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады,жаттайды.

Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардың бой жазуы үшін орындарынан тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады.

Ал, балалар тұрайық!

Алақанды тұрайық!

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып,бір тұрып,

Бой сергітіп алайық!

Орындарынан тұрып сергіту жаттығуын жасайды, мұғаліммен бірге қайталайды.

IIIОй толғаныс

Тірек сөздерді пайдаланып, «Менің аулам қандай? Деген шағын мәтінді құрастырады.

Айтылым. Айтылым мәтін құрайды.

IV.Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді,оқиды,талдатады.

Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты тірек сөздерді береді,оқушылар соның негізінде диалог құрайды.

Ә/ «Есте сақтау» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды,талдатады

Сөйлемдерді оқиды,талдайды.

V.Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«баспалдақ» тәсілі бойынша бірін-бірі бағалайды.

VI.Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындайды


VII.Рефлексия

Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді

Оқушылар алған сабақтан әсерлерін желімқағаздарға жазып ,тақтаға іледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
754
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі