Ақтөбе
облысы
Алға
ауданы
Бестамақ "Болашақ "балалар
бақшасының музыка жетекшісі
Наурзалиева Айгуль
Алихановна
Тобы:
Балдырған ортаңғы
тобы
Білім беру
саласы: Шығармашылық Бөлімі:
Музыка Тақырыбы Тазалықты сүйеміз .
Мақсаты: Музыкалық шығарманы сұрақ-жауап сипатында көңілді
орындауға
үйрету,төменгі және жоғарғы
дыбыстарды ажырата білу,ырғақты қимыл
қозғалыс
дағдыларын қалыптастыру.Музыка
арқылы балаларды тазалыққа тәрбиелеу.
Балалардың денсаулығына көңіл
бөлу . Дидактикалық жаттығу арқылы
балалардың
артикуляциялық аппараттарын
,саусақ маторикаларын дамыту. Музыкалық терминдер жиынтығы:
Жоғары-төмен дыбыстар,гамма до мажор Музыкалық репертуар: «Бұл
не?»әні, "Тазалықтың досы" әні, Музыка Л.Делиба
Пиццикато ,Е.Өтетілеуұлы "Тазалық"
өлеңі,
Көрнекілік: Қолжуғыш суреті
,сабын,тарақ,айна.. Билингвалдық компонент:
Кірқоймас-Мойдодыр,сабын-мыло
Балалар әуенмен залға
келеді.
Муз.жетекшісі : Сәлеметсіңдер
ме?Біз музыкамен амандасып алайық.
Музыка Л.Делиба Пиццикато
.
-Балалар,мен сіздерге бір өлең
жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Е.Өтетілеуұлы:Дос бол сабын,сумен
сен,
Жиі-жиі жуын
сен:
Таңертең де,кеште
де,
Жуын күндіз ,түсте
де,
Жуын тамақ
алдында.
Жуын тамақ
соңында,
Жуын ұйықтар
кезінде
Жуын тұрған
мезгілде.
Су мен сабын -бір
жолдас,
Жоймас олар кір
болмас!
-Балалар бұл өлең шумақтары не
туралы айтқан?Дұрыс тазалық туралы бүгін денсаулық туралы айтамыз.
/Сурет көрсету./ Ендеше, қол -аяғымызды
қыздырып ырғақты
жаттығулар жасап
алайық.
Аюға ұқсап аяқтың сырт жағымен
маймаңдап , түлкіге ұқсап аяқтың ұшымен, қоянға ұқсап екі аяқпен
секіріп жүрейік.
Айболиттің
кіруі:-Мен Айболит
дәрігермін
Ауырсаңдар жануарлармен қоса
балаларды да емдеймін Муз.жетекшісі:Жоқ,жоқ,біздер ауырмаймыз,
ауырмаудың жолын іздейміз.Кәне,Айболит көріңіз,балалар қалай естиді
екенін.
Тыңдау: -Балалар біздер жоғары-төмен
дыбыстарды білеміз, қазір әуендерді тыңдап қолдарыңдағы үлестірмелі
карточкаларды көрсетесіңіз.Естіген әуен аюға келе ме,әлде құстың
дауысына келе ме? Балалар қолдарына үлестірмелі карточкалар
алып,естігендері бойынша тауып көрсетеді.
-Құлағымызды тексердік,енді ән
айтуға дайындалайық.
Дидактикалық жаттығу
"Жел"
Балаларға жіппен байланған қар
беріледі.Бала жіптен ұстап тұрып үрлеуі керек.үш рет
қайталайық.
Дауыс
жаттығуы: Музыкамен жеті нотаны атай
қолмен көрсету.
Теледидардан "Гамма до
мажор"
-Балалар мен сіздерге
жұмбақ-ән айтып бергім келіп тұр,сіздер де маған әндетіп жауап
берулеріңіз керек.
Ән
айту:"Тазалықтың досы"әнін
үйрену.
Музыкалық-ырғақты
би: "Достасу"
Дидактикалық ойын: "Серуен
"
Керекті құралдар: Барлық
балаға музыкалық
балға,бубен,сылдырмақ,таяқша,
Ойын
барысы:Балалар жарты шеңбер болып
отырады. Т: "Балалар ,бүгін біздер
серуенге
шығамыз,бірақ бұл ерекше
серуен,топтағы серуен.Ал,сеуенге шығу үшін бізге музыкалық аспаптар
көмектеседі.Міне біздер баспалдақтан түсіп келеміз/ жетекші жәймен
ұра бастайды.
Ал, енді көшеге шықтық,күн
шығып тұр ,балалар
көңілденіп былай жүгіре
жөнелді /балғамен тезірек ұра бастайды. Ал,Үмітжан допты алып
жәймен жерге ұра бастады. Ал,басқа балалар
секіріп ойнап жүр. Бір кезде
аспанды бұлт күннің бетін жауып жәймен жаңбыр жауа бастады, бара-
бара қатты жауынға айналды . Балалар жауыннан қорқып тез-тез
балабақшаға кіріп кетті.
Ойын:
«Мен сияқты
қайтала»
Шарты: Ойынға бар бала қатыса
алады.Балалар шеңбер бойына тұрады,жетекші ортада музыка әуенімен
қимылдар көрсетеді.Музыка өзгереді де жетекші ортаға баланы
шығарады.
Релаксация.Жіппен көрсететін
қуыршақ.
-Балалар сіздерге бүгінгі
әрекетіміз ұнады ма?Ұнаса қолымызды
шапалақтайық.
Сіздердің дендеріңіз сау болуы
үшін Айболит дәрумен береді.
Іс-әрекетті
қорытып,бағалау.
Күтілетін
нәтиже: Біледі: төменгі және жоғарғы
дыбыстарды ажырата біледі.
Игереді: Дидактикалық жаттығу
арқылы балалардың артикуляциялық аппараттарын
,
саусақ маторикаларын
игереді.
Меңгереді: Музыкалық шығарманы
сұрақ-жауап сипатында көңілді орындауды ойынды ,биді
меңгереді.