400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Тазалықты сүйеміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне тазалыққа байланысты сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тазалықты сүйеміз».
Мақсаты: Балалардың жеке басының гигиенасы, тазалық, денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту. Тазалық құралдары туралы айта білуге, оларды пайдалана білуге үйрету.Тазалықтың пайдасын суреттер арқылы көрсетіп, ой-өрісін, дамыту. Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Балаларды сөзді аяғына дейін толық, дұрыс айтқызу, логикалық ойлауын жетілдіру, тазалықты сақтау, тазалық заттарын дұрыс ажырата білгізе отырып, жеке түзете – дамыту жұмыстарын жүргізу.
Керек құрал-жабдықтар: Тазалық заттары
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, ойын.
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.    
Шаттық шеңбері.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннен жылу алайық.
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған жылы шуақты,
Бір-бірімізге сыйлайық.
-    Көңіл-күйлерің жақсы сияқты. Енді орнымызға келіп отырайық.
Мұғалім:
-    Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
-    Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолын да,
Сипайды жонын да. Бұл не? (Сүлгі)
-    Олай болса, бүгін біздің өтетін
сынып сағатымыздың тақырыбы: «Тазалықты сүйеміз» деп аталады.
Тазалық дегеніміз қол, денесін, киімін таза ұстау, уақытылы жуынып жүру. Мысалы, тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды жуып отыру керек. Адам ұйқыдан тұрғанда қолын, бетін, құлағының ішін жуады, тісін тазалайды. Ұйқыға жатар алдында осыларды орындау керек. Оған кішкентай кезінен бала дағдылану керек.
-    Ал, сендер осылай тазалықты сақтайсыңдар ма?
Суретпен жұмыс.
-    Суретте кімді көріп тұрсыңдар? (Бала)
-    Бала не істеп жатыр? (Төсегін жинап, бетін жуып, тісін шайып, жаттығу жасап жатыр)
-    Дұрыс. Яғни, бұл бала тазалықты сақтап, денсаулығын күтеді екен.
Жұмбақ шешу.
-    Енді мұқият тыңдап, мына жұмбақтарды бірігіп шешіп көрейікші.
(Тақтада жұмбақтардың шешуіне байланысты тазалық заттарының суреттері ілініп тұрады, балалар жұмбақтардың шешуіне байланысты суреттерді бір жерге топтастырып іледі)
    Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ тісі бар.
    Басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)

    Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
    Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? (Айна)

    Ертемен күнде сен,
    Қолыңды сүйкесең,
    Кетіп кір-ласың,
    Тап-таза боласың.
    Бұл не? (Сабын)
-    Жақсы, дұрыс шешуін таптық. Бұлардың бәрі тазалық құралдары.
Міне, сондықтан да адам өзінің денсаулығы болу үшін жуынып, таза жүруі керек. Дені сау адам көңілді, мықты, жұмысқа қабілеті жақсы болады.
Сергіту сәті.
    Шынықтырып денені,
    Тісін жуып, тазалап
    Мектебіне келеді,
    Міне нағыз азамат.
Ойын.
«Қима суреттерді құрастыр»
Жұмбақтардың шешуіне байланысты тазалық заттарының суреттерін құрастыру.
Ойын:.
«Сиқырлы қапшық»
    Қазір біздер ойын ойнаймыз. Мына қапшықтың ішінде заттар бар, сол заттардың ішінен тазалық заттарын тауып алып көрсетулерің керек.
-    Қане, бастайық.
Қорытынды.
    Балалардың белсенділіктеріне қарай мақтап, мадақтап, әрқашан таза жүріңіздер деп, тазалық заттарын үлестіріп беру.



































ТАҚЫРЫБЫ :ТАЗАЛЫҚ-ТАЗА БАЛАНЫҢ ДОСЫ

09.03.2016

Алматы облысы, Райымбек ауданы Қызылшекара ауылы «К. Байшығанұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Қожалимова Бақтылы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы :Тазалық-таза баланың досы.

Мақсаты : Тазалық бұйымдарымен таныстыру. Балалардың жеке бас күтіміне көңіл бөлу,күн тәртібіне үйреніп дағдылану,тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету. Балаларды таза жүруге үйрету.Сөздік қорларын байытып өз ойларын толық әрі мәнерлі етіп жеткізуге тәрбиелеу.

Көренкіліктер: қуыршақ , суреттер, тазалық заттары: айна ,сабын, сүлгі, тарақ,

Сөздік жұмыс:сүлгі.

Мотивациялық-қозғаушылық.

Шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар әлемді құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

Тәрбиеші балаларға тазалық туралы әңгімелейді.

-Балалар мынау ненің суреті?

-Мысықтың.

-Мысық туралы тақпақты кім айтады?

-Тікірейіп құлағы,

Менен бұрып тұрады.

Бойын жазып, керіліп,

Беті-қолын жуады.

-Балалар , мысық ылғи бетін жуады, тазалық сақтайды. Ал,сендер тазалықты жақсы көресіндер ме?

-Таңертең жуынасыңдар ма?Немен жуынасыңдар?

-Сосын немен сүртінесіңдер?

-Тістеріңді жуасыңдар ма?

-Шаштарыңды тарап ,айнаға қарайсыңдар ма?

-Таза болғыларың келеді ме?

-Дұрыс ,таза болуымыз, тазалықты сүюіміз керек.Таза жүрсек ауырмаймыз.

Ғажайып сәт.

Есік қағылады.

-Балалар бүгін бізге қонаққа Айгерім деген қуыршақ келіпті.

Балалар дөңгелене тұрып амандасады.

Балалар бәрі тынышталып қуыршаққа қарайды .Олар қуыршақты қуана қарсы алады.

-Бізге бір өтінішімен келіпті.Оның сөмкесінде түрлі тазалық заттары бар екен. Бірақ ол оның атауларын , қалай пайдалану керек екендігін білмейді екен. Біз ол заттардың аттарын бірге тауып көмектесейік.

-Кәне Айгерім қуыршақ сөмкеңдегі заттарды балаларға көрсете ғой?

Айгерім қуыршақ сөмкесіндегі заттарды стол үстіне қояды.

-Балалар мынау тұрған заттардың барлығын сендер білесіңдер.Оларды күнделікті көріп, пайдаланып жүрсіңдер.

Тәрбиеші барлық тазалық бұйымдарының атауларын балалардан сұрап қайталайды.

-Балалар осы тазалық заттары әрқайысымызда жеке болу керек.

.

Сергіту сәті:

/ Ақпараттық / теледидар арқылы

Дидактакалық ойын: «Тазалық үшін не қажет?»

Ойынның шарты:Тәрбиеші балаларға допты кезекпен лақтырып, «тазалық үшін не қажет» екенін айтып беру сұралады.

Жұмбақ

Ертемен күнде сен,

Қолыңды сүйкейсің.

Кетіп кір – ласың,

Тап-таза боласың. /сабын/

Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сүртеді қолыңды,

Сүртеді бетіңді. /сүлгі/

Қолы жоқ,

Сөзі жоқ.

Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар. /тарақ/

Иілсең иіліп ,

Түйілсең түйіліп.

Қарайды кісіге,

Ұқыпты ісіңе. /Айна/

-Жарайсыңдар балалар бұл заттардың бәрі тазалықтың досы.Ал тазалық жақсы баланың досы екен.

-Балалар 9-шы ақпан ақиық ақын, жерлес ақын М. Мақатаевтың туған күні екен.

Тәрбиеші ақынның суретін көрсетіп, «Сәби болғым келеді» өлеңін тыңдатады.

Рефлексивтік-түзетлшілік

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.Жақсы қатысқан балалардың суретін күннің айналасына іліп, « Әрқашан осы күндей жарқырап жүріңдер»- деп тілек айтып сабақты аяқтайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Тазалық заттарын атай білуді.

Нені игерді: Жеке басының тазалығын үнемі сақтау керектігін.

Нені меңгерді: Тазалық заттарының әр адамда жеке болатынын.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
973
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі