400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
тазалық туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз».
Мақсаты: Тіс туралы түсінік беру. Балаларға көзді күтуге, тіс тазалығы, оның қасиеттілігін, пайдасын түсіндіріп айту. Суреттер арқылы әңгімелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тіс пастасы, щеткасы, айна, тіс макеті.
«Шаттық шеңбері»
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз баршамыз
Арайлап атқан күнге!

Балаларға жұмбақ жасыру
1. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (көз)
2. Өзі аппақ маржандай
Тамақ өтпес шайнамай (тіс)
Қоршаған ортаны көру қабілеті – адамның бағалы сезімдерінің бірі. Біз өміріміздегі барлық жаңалықтарды көздің көмегімен қабылдаймыз. Қас, қабақ және кірпік көзді шаң тозаңнан, тер тамшысынан сақтайды.
- көздің көру қабілетін арттыруға «А» дәруменінің пайдасы зор, сондықтан тамаққа сәбізді көп пайдалану қажет;
- кітап оқығанда, сурет салғанда көзбен қағаз арасында 30 см қашықтықта сақтау керек;
- қараңғыда немесе жарық жеткіліксіз жерде оқу көздің көру қабілетін төмендетеді;
- теледидар көргенде 2 - 3 метр қашықтықта отыру қажет;
- жұмыс үстінде қайшы және басқа үшкір заттармен көзді жарақаттап алмас үшін өте ұқыптылық қажет.
Енді тісіміз туралы айтатын болсақ, тіс – біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі – тамақты шайнау. Тіс жақ сүйектен өседі. Адам дүниеге келгеннен кейін, алты ай болғанда бастап шығады – ол «сүт тіс» деп аталады. Алты жасқа толғанда сүт тістер түсе бастайды, түскен тістің орнына «негізгі тістер» шығады. Олардың көлемі үлкендеу, барлық тістер сыйып тұруы үшін сонымен бірге адамның жақтары да өседі. Он екі жасқа толғанда барлық тіс жаңарып болады. Адамдардың көпшілігі 20 жасқа толғанда 32 тісі толық шығып болады.
Балалар сіздер тіс тазалайсыздар ма?
Тіс қабығын «эмаль» жауып тұрады. Тамақты шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл бөлінеді, бұл эмальді бұзады. Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап, жуып тұру керек.
Сурет бойынша тісті қалай дұрыс тазалау реттілігін көрсетеді.
- Балалар тісті жақсы сақтау үшін тәттіні көп жемеу керек, тәтті тіс жегісі (кариес) ауруын тудырады. Оны дер кезінде емдеу керек. Тіс жегісі тістің қатты эмальін жеп тастайды және түбірінде бұзады. Тісіміз мықты болу үшін «С» және «Д» дәрумені бар тағамдар жеген дұрыс. Ол ағзадағы кальцийдің сақталуына көмектеседі. «С» дәрумені жеміс, көкөністерде болады. «Д» дәрумені балық, ірімшік, сүт, айран, уылдырық тағамдарында болады.
Дидактикалық ойын: «Тазалық көмекшілерін жұмбақ арқылы тап».
Шарты:
Балалар жасырылған жұмбақтың шешуін сурет арқылы тауып, тақтаға іледі.
1. Дымқылдап күнде сен
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
2. Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолында,
Сипайды жонында.
Бұл не? (Сүлгі)
3. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне.
Бұл не? (Айна)
4. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар,
Шашыңмен ісі бар.
Бұл не? (Тарақ)
5. Белінен қыссаң,
Аузынан ақ уыз шығады.
Бұл не? (Тіс пастасы)
Балалар тісіміз сау болу үшін мына ережені тағыда бір естеріңе салайын:
1. Тісті күніне 2 рет тазалау.
2. Тамақтан соң ауызды шаю.
3. Ыстық тамақтан соң суық су ішпеу.
4. Қатты заттарды тіспен шақпау.
5. Тәттіні көп жемеу.
6. Тіс дәрігеріне жиі көріну.
7. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі