400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

тазалықтың досы

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға тазалық туралы қысқаша мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тазалықтың досы»

Білімділік аймағы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Мақсаты: Балалардың жеке басының күтіміне көңіл бөлу, күн тәртібіне үйреніп дағдылану, тазалыққа,ұқыптылыққа үйрету.

Сөздік қорларын байытып өз ойларын толық әрі мәнерлі етіп жеткізуге тәрбиелеу. Дени сау, шымыр болып өсуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Айна, тарақ, орамал, сабын, тазалық.

Қостілді компонент: Айна – зеркало, тарақ – расческа, орамал – полатенца,

Сабын – мыло.

Мотивациялық оятушылық:

Тәрбиешінің әрекеті, бала әрекеті.

Шаттық шеңбер:

Ал балалар алдыменен салемдесіп алайық

Бір-бірімізге жылы жүзбен қарап қуаныш сыйлайық.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты,

Армысыңдар достарым!

Сәлем,сәлем,сәлем!

Ұйымдастырушылық-ізденушілік:

Анау бала, бетін қара,

Жуынбапты масқара,

Тырнағы өскен,шашы көптен.

Алынбапты масқара.

  • Балалар, мына қуыршаққа қараңдаршы, үсті бас кір, тырнағы

алынбаған. Мына қуыршақ сияқты балабақшаға келуге болама?

Балалардың жауабы: Жоқ, болмайды.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар балалар, балабақшаға кір қожалақ болып келуге болмайды. Балалар бүгінгі сабағымыз «Тазалықтың досы» туралы айтамыз. Балалар тазалықтың досына нені жатқызамыз?

Тазалықтың досына су, орамал, сабын,тарақты жатқызамыз.

Балалар мына суретке қараңдаршы суретте нені көріп отырмыз?

  1. Кір қожалақ баланың суреті.

  2. Орамалдың суреті.

  3. Сабынның суреті.

  4. Тарақтың суреті.

Балалардың жауабы тыңдалады.

«Тазалық үшін не қажет?» дидактикалық ойын

Допты балаларға кезекпен лақтырып, «тазалық үшін не қажет?» екенін айтып беруді сұрау. Балалар доты қағып алып тазалыққа қажетті заттарды айтады. Олар: сабын, су, орамал, тарақ, айна

Дұрыс айтасыңдар балалар, біз таза жүрсек денсаулығымыз мықты болады.

Балалар мына суреттерге қараңдаршы естеріне сақтандар балабақшаға келерде мына заттарды әкелуге болмайды. Конфет, шоколад, сағыз сок және т.б. заттарды әкелуге болмайды.

Балалардың тазалық туралы тақпағы мен мақал-мәтелдері бар екен.

Қане балалар маған айтып беріңдерші.

Мансұр:

Аппақ көйлек киемін

Аппақ болып жүремін

Аппақ болып жүргенді

Өзім жақсы көремін.

Әмірхан:

Тәні саудың жаны сау.

Сардар:

Денсаулық зор байлық

Жарайсыңдар балалар. Меним балаларым қандай ақылды.

Балалар бәріміз орнымыздан тұрып «Тазалықтың досы» атты өлеңіноқу қимыл-қозғалыс арқылы бірге жасап қайталайық.

Сылдырлайды сылдыр су.

Мөлдір суға қолынды жуу.

Жусан сен әрдайым.

Тазалықтың досы

Су дегенің осы


Ақ матадай түгі бар

Қызыл жасыл гүлі бар

Жұмсақтығы мамықтай

Сүртінесін жалықпай

Тазалықтың досы

Сүлгі деген осы


Сабындаған кезінде

Ашытады көзінді

Бола білсең төзімді.

Тап-таза етер өзінді.

Тазалықтың досы

Сабын деген осы

Жарайсыңдар балалар!

Ұ.О.І.Ә қорытындылау:

Балалармен бірге ұранды айту.

Біз балдырған ұланбыз,

Әдептілік тазалық – ұранымыз!



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жеке басының тазалығын үнемі сақтау керектігін білу керек.

Нені игереді: тазалық бар жерде, денсаулық болатынын меңгереді.

Нені біледі: киімді таза кию – ұқыптылықтың белгісі екенін біледі.









































«Балдырған» балабақшасы











Shape1



Shape2

















Тәрбиеші: Рахманкулова К.Ж.










Ақтау – 2017 ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1075
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі