Материалдар / ТБЖ және ББЖ тапсырмаларын құрастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТБЖ және ББЖ тапсырмаларын құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
ТБЖ және ББЖ тапсырмаларын құрастыру бойынша Коучинг жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2021
856
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы

Т Рысқұлов ауданы

Малдыбай орта мектебі




Коучинг жоспары


Тақырыбы: ТБЖ және ББЖ тапсырмаларын құрастыру





Орындаған: Ускенбаева Алмаш Алденовна

2020-2021ж

«Бекітемін»

мектеп директоры

................. М Молдашев

Коучинг жоспары


Мұғалімдер топпен  жұмыс істей отырып идея бөліседі, ойларын  жинақтайды,   қорытындылайды, бағалайды.

Сыни ойлауы дамып,өз ойларын еркін айтуға үйренеді. Өзара әрекеттесу арқылы мұғалімдердің танымдық белсенділігі артады

Түйінді идеялар

Әріптестермен сындарлы әңгімеге ұйытқы болу үшін сурет пен бейнежазбаны қалай пайдалану керектігін түсіндіру.

Дереккөздер

«Бағалау тапсырмаларын құрастыру және зерделеу» Педагог кадрлардың білім жетілдіру бағдарламасы 2019ж


Тапсырмалар

Коучтің әрекеті

Тыңдаушылар әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Тренинг

«Сатамын және сатып аламын» тренингі, шартын түсіндіреді

Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы, «Мен еріншектігімді сізге  сатып, сіздің еңбекқорлығыныңызды  сатып аламын»

Мадақтау

Интернеттен алынған материалдар

Топқа бөліну

«Сізге қандай жеміс-жидектер ұнайды» стратегиясы бойынша әр мұғалім жеміс жидектерді таңдатып,топқа бөлу.

1-топ «Алма»

2-топ «Алмұрт»

3-топ «Шие»

4-топ «Өрік»

КОУЧ сөзі:

Әлде –бір жеміс –жидектерге деген жеке адамның құштарлығы оның «мінез-құлқындағы кейбір құпиялардың құлпын ашады» екен. Американдық психолог И.Канн өз тәжірибелері негізінде осындай қорытындыға келген. Осыған сүйене отырып сіздер ұнатқан жемістерді арқылы сіздерге мінездеме беріп кетейік.

 

  1. Егер алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға шын берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жана сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

  2. Алмұртты  ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адаммен тіл табыса алатын ашық жар-қын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

  3. Шиені жақсы көрсеңіз сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табысы аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нізік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншақтығыңыз жоқ емес.

  4. Өрікті  ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жан-жал, дау-дамайға бара бермейді.Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана, өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық-ауыз сөзі жоқ. Кейде  табандылық жағы ғана жетіспейді.

Топқа бөліну

Мадақтау

Стикерлер

Жемістер суреттері

Ой жүгірту

  1-тапсырма

          Әр топқа ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан қағаз таратылады, сол қағазға балалары бар бір мектеп немесе үйлерінің суретін салу керек.Салып біткен соң оны түсіндіреді.

 Кілті

Сіздерге ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ парақ берілді. Бұл балаға алғаш дүниеге келгенде осы  ақ қағаздай пәк, үйді сал дегенім әр бала ата-анасының қасында бақытты болуға лайық,ал мектепті сал дегенім, мектеп балалардың екінші үйіне, ұстаздары екінші ата-анасына айналуға тиіс. Оның болашағы да соншалықты жарқын болуы керек. Жарқын болашақ жасау мына біздің ұстаздардың қолында, сондықтан бүгін мен сіздермен биылғы жылдан басталған жаңа бағдарлама бойынша бала әр пән бойынша қалай бағаланып жүр деген сұраққа жауап беремін.Яғни сіздерді оқушы орнына қойып бір сабақ үлгісін көрсетеміз.

Олай болса бастайық:

Алғашқы екі бағанын толтырады

Мадақтау

Флипчарт

Негізгі бөлім

2-тапсырма. «Конверттегі сұрақтар»

1-топ «Критериалды бағалау дегеніміз не?»

2-топ «Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?»

3-топ «Бөлім бойынша жиынтық бағалау дегеніміз не?»

4-топ «Тоқсан бойынша жиынтық бағалау дегеніміз не?»

Жиынтық бағалау принциптерімен таныстыру

Презентациямен таныстыру

3-тапсырма

Әр топқа оқу мақсаттарына сай жиынтық бағалауға арналған тапсырма құрастыру тапсырылады


Әр топ өз ойларымен бөліседі


Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырады, әр топ өз жобасын қорғайды


Қалыптастырушы бағалау

Бірін бірі бағалайды

«Конверттегі сұрақтар»

Презентация


Бағалау

 Коучинг соңында әр мұғалімдерге коучингтен алған әсерлерін «Рефлексивті параққа» жазып береді.

Қорытынды «Менің сөзім» әдісі көмегімен жүргізіледі.

Бағалау парағын толтырады.

Сұрақтарға жауап беріп өзін таниды

Жиынтық бағалау

Қалыптастырушы бағалау

«Рефлексив-ті парақ»  «Менің сөзім» әдісі


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!