жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Театр әлемі
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма
Тақырыбы: Театр әлемі
Мақсаты: Театрдың түрлері туралы түсінік беру. Ертегі сюжеті бойынша құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық танытуды тәрбиелеу. Сахнада өзін еркін ұстауға дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Кейіпкерлер өздеріне сай киімімен, ертегі желісі бойынша суреттер, түрлі әуендер.
Жаннұр: Театр– сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі.
Мейірлан: Ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Аруназ: Театр грекше theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық деген мағынаны білдіреді.
Айсұлу: Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі.
Бағдәулет: Киілмелі – саусаққа немесе қолға киіп ойнайтын театр түрі
Нұрсұлтан: Сылдырмақты – жіп немесе сым арқылы қозғалтатын театр түрі
Салида: Суретке түсірілген қуыршақтармен – қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін театр
Сания: Қуыршақ театры.Саусақ театры.Көлеңке театры. Ойыншықтар театры.
Алихан:Саусақ театры – театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі.
Арайлым: Көлеңкелі театр – Жарық өте жақсы түскен экранда көрсетіледі. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады.Көлеңке театрдың сақанасы экран болады
Сахна ертегі желісіне сай безендірілген.
Автор – тәрбиеші
Анасы – Жұмабекова Нұрай
Әжесі – Қали Іңкәр
Қызыл Телпек – Әбдіжалел Айсұлу
Қасқыр – Нұрлан Нұрсұлтан
Аңшы- Әскербек Диасыл
Орманшы – Бекмағанбет Мирас
«Қызыл Телпек»
Автор: Ертеде шағын ауылда жер бетіндегі ең сүйкімді, ең әдемі бір кішкентай қыз болыпты. Ол қызды анасы өте қатты жақсы көріпті. Әжесі де ерекше жақсы көреді екен. Әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты.
Анасы:Қызым, бұл саған. Әжең туған күніңе сыйға тартты.
Қызыл Телпек: Рақмет, анашым. Қандай әдемі!
Автор: Сөйтіп әдемі телпекті қызы басына киіп алыпты.
Қызыл Телпек: Анашым, көмектесіп жіберіңізші.
Анасы: Менің әдемі қызым қандай сұлу болып кетті.
Автор: Әдемі қызыл телпекті киіп алып қызы анасына:
Қызыл Телпек: анашым, мен сыртқа ойнап қайтсам болады ма?
Автор: -деп, сұрапты.
Анасы: Жарайды, құлыным. Бірақ абай бол. Қызым, жолай әжеңе арнайы пісіріп қойған шелпекті ала кетші. Жолда байқап жүр. Танымайтын жандармен сөйлесуші болма.
Қызыл Телпек: Рақмет, анашым. Уайымдамаңыз.
Автор: Сөйтіп, Қызыл Телпек сыртқа ойнауға, бір жағынан әжесіне арнайы пісірілген шелпекті апарып беруге шықты. (Қызыл Телпек би билеп жүреді.)
Қызыл Телпек би билеп жүріп жолдан адасып кетеді.
Қызыл Телпек: Енді не істесем болады? (Жылап отырады.)
Автор: Қызыл телпек жылап отырғанда алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Ыр-р-р-р. Сен кімсің?
Қызыл телпек: Мен – Қызыл Телпекпін.
Қасқыр: Ыр-р-р-р. Сен қайда бара жатырсың?
Қызыл Телпек: Мен әжеме бара жатырмын. Анам әжеме арнайы шелпек пісіріп беріп жіберді.
Қасқыр: Әжең қайда тұрады?
Қызыл Телпек: Әженм орманның арғы жақ бетінде тұрады. Бірақ мен жолдан адасып қалдым.
Қасқыр: Ыр-р-р-р. Жүр онда мен саған жол көрсетейін. Тамағым ауырып тұр. Даусымның гүрілдеп тұрғаны сол себепті. Кешірерсің.
Қызыл Телпек: Рақмет сізге. Жоға, ол не дегеніңіз.
Автор: Сөйтіп, қасқыр мен Қызыл Телпек әжесінің үйіне қарай бет алды.
Қасқыр: Ыр-р-р-р, бәлем, Бүгін бір қуанышты күн болды-ау. Қарным тоятын болды. Ха-ха-хха-ха-ха.
Қызыл Телпек: Ағай қараңызшы, анау тұрған үй менің әжемнің үйі.
Қасқыр: Олай болса мен барып көріп келейін сен менің артымнан кел, жарай ма?
Қызыл Телпек: Жарайды.
Автор: Сөйтіп, Қасқыр Қызыл Телпектен бұрын барып айласын асырмақ болады. Кызыл Телпектен бұрын барып, әжесінің есігін қағады.
Қасқыр: Тук-тук-тук.
Әжесі: Бұл кім болды екен?
Автор: Даусын жіңішке қылып:
Қасқыр: Әже, бұл мен, Қызыл Телпек. Сіздің немереңіз.
Әжесі: Жарқыным менің, есіктің жоғарғы жағында жіп бар соны төмен қарай тартсаң есік ашылады.
Автор: Қасқыр айласын іске асырып, үйге кіріп, әжені байлап, өзі жатқан төсектің астына жатқызып қойып, өзі төсектің үстіне әже болып жатп алады. Бұл уақытта Қызыл Телпек те келіп қалған еді. Есікті қағады.
Қызыл Телпек: Тук-тук-тук.
Автор: Қасқыр дауысын жіңішке қылып:
Қасқыр: Бұл кім болды екен?
Автор: -деп, сұрайды.
Қызыл Телпек: Әже, бұл мен, сіздің немереңіз. Қызыл Телпекпін.
Қасқыр: Ааа, жарқыным, есіктің жоғарғы жағында жіп бар. Соны төмен қарай тартсаң есік ашылады.
Автор: Қызыл Телпек ішке кіріп, әжесінің қасына жайғасады.
Қызыл Телпек: Әже, анам сізге шелпек пісіріп беріп жіберді. Сіздің жағдайыңызды білуге келдім.
Қасқыр: үлкен рақмет, жарығым. Андағы үстелдің үстіне қоя сал.
Қызыл Телпек: Әже, әже, неге сіздің құлағыңыз неге үлкен?
Қасқыр: Сенің даусыңды жақсы есту үшін.
Қызыл Телпек: Әже, әже, сіздің көзіңіз неге үлкен?
Қасқыр: Сені жақсы көру үшін.
Қызыл Телпек: Әже, әже, сіздің мұрныңыз неге үлкен?
Қасқыр: Сенің шелпегіңді иіскеу үшін.
Қызыл телпек: Әже, әже, сіздің қолыңыз неге үлкен?
Қасқыр: Сені құшақтау үшін.
Қызыл Телпек: Әже, әже, сіздің аузыңыз неге үлкен?
Қасқыр. Сені жеу үшін.
Автор: Сөйтіп қасқыр Қызыл Телпекті жұтып қойыпты. Осы уақытта әжейдің үйіне орманшы мен аңшы келе жатыр екен. Орманшы әжейге отын, ал аңшы қасқырды аулаға келеді. Үй ішінен шыққан шуды естіген екеуі үйге кіріп келеді. Келсе үйде қасқыр жатыр екен
Аңшы: Қап, бәлем, осында екенсің ғой.
Орманшы: Сенің сазайңды берейік, дәл қазір.
Автор: Аңшы мен орманшы қасқырдың ішін жарып, Қызыл Телпекті шығарып, бәрі бірге әжейді құтқарып алады.
Әже мен Қызыл Телпек: Сіздерге үлкен рақмет.
Автор: Сөйтіп әжесі мен немересі аңшы мен орманшыға үлкен алғыстарын білдіреді.
Нағмет Самал Жадырасынқызы
Қызылорда қаласы,
«Сырғалым» балабақшасының әдіскері

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген