400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Театр әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
2-ші кіші топ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Вариативтік компонент

Театрды әрекет сабағы.

Тақырыбы: Театр әлеміне саяхат.

Мақсаты: Балаларға театр,әртістік өнер,сахна туралы түсінік беру,сахнадағы қозғалыс туралы түсіндіру арқылы қаблетін дамыту.

Білімділігі:Театыр жайлы айтып ,ерекшеліктерін үйрету.

Дамытушылығы: Тіл байлығын,сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі: Ертегілер кейіпкерлерінің жағымды,жағымсыз қасиеттерін ажырата білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:Әңгімелеу,сұрақ-жауап,сергіту сәттері т.б

Сөздік жұмыс: Театр,әртістер,шымылдырық,грим т.б

Қ/құралдар: Суреттер,үлестірмелік құрал-жабдықтар.

Іс-әрекет сатылары

Тәрбиешінің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

ЫнталандыруСезімді ояту.

Шаттық шеңбер құру.

Балалар шеңбер жасап тұрады да,өлең жолдарын әндетіп айтқызады.

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды.


Балалар бірге қайталап қимылдар жасайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Кіріспе

Балалар біз сендермен балабақшада ойнаймыз,сабақ оқып,серуенге шығамыз,түрлі ойын-сауық,мерекелер өткіземіз,сонымен қатар қызықты ертегілер үйренеміз.

-Олай болса мына әнді естіп корейік.

«Ертегілер» әнін тыңдайды.

-Балалар ән қалай аталады?

-Дұрыс.

-Балалар сендер қайда келгендеріңді білесіңдер ме?

-Ия,біз театр өткізетін бөлмеге келдік.

-Жарайсыңдар.

-Балалар бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?

Енді мына смайликтің қайсы бейнесіне ұқсап тұр?

-Қараңдар балалар бізге қонақ келді .

-Сәлемдесеміз.

-Балалар қонаққа кім келді?

-Бұл кісі әртіс екен.

-Балалар әртістер қайда жұмыс істейді?

-Балалар сахнаға шығып түрлі кейіпкерлердің іс-әрекетін келтіріп ойнайтын кісіні біз қалай атаймыз?

-Дұрыс.

-Балалал әртістер театрда жұмыс істейді.

-Ал театр дегеніміз не екен?

Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.

-Балалар сендер қандай теарт түрлерін білесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар балалар!

Қазақстанның театрлық өмірі осы өнердің барлық түрін қамтиды: мұнда драма театрлары, опералық және балет театры да қызмет етеді, сонымен қатар қуыршақтар театры мен мюзиклдер театры бар. 

Театр архитектурасы – түрлі театр ойын-сауықтарын қоюға арналған ғимараттар мен құрылыстар

Театр ғимаратының ішкі құрлысы

Вестибюль, фойе, көрермен залдары және негізгі сахна жоғары классицизм үлгісінде жасалған.

-Балалар театрға тамашалауға барған кісілерді қалай атаймыз?

-Ия,көрермендер екен.

-Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

-Сонымен қатар театр мамандықтары болады.Оларды театр саласына арнайы мамандықтар дайындайды. Олар балалар режиссер, әртіс.

Режиссер - ең негізгі мамандықтардың бірі.

-Бұл мамандық иелері қайда өнер көрсетеді?

-Дұрыс,сахнада.

-Ал ,сахна дегеніміз не?

-Қойылым әр-түрлі ойын сауық корсетілетін жер.

-Сахнаға не керек?

-Сахнаға жарық керек.

-Әртістер түрлі образдарға кіру үшін беттеріне грим жағады.Үстеріне сол киіпкердің киімдерін киеді.

-Енді орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерменен,

Ытқып-ытқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Сөздік жұмыс жасату.

Театр,сахна,қойылым,шымылдырық,грим,көрермен т.б

Мақал-мәтел:Өнерлі өрге жүзер.

«Кім алғыр» ойыны

Балалар қазір біз әр түрлі кейіпкерлердің сомдаймыз. Сол кейіпкерлердің жүрісін, мінезін, дауысын салумыз керек. Мысалы: түлкі, аю, қасқыр т.б


Зейінмен тыңдайды.


Ертегілер әнін тыңдайды.

Ертегілер әні.


Сиқырлы театр студиясына.


Өздерінің көңіл- күйлері жайлы әңгімелейді.


Сәлемдеседі.


Сахнаға шығып өнер көрсетеді.

Актер,әртістер дейміз.




Зейін қойып тыңдайды.




Драма,опера







Зейінмен тыңдайды.


Театрға барып тамашалайтын кісілер көрермендер.


Мамандық иелерінің аттарын атайды.


Сахнада өнер көрсетеді.

Қойылым қоятын орын.

Сахнаға жарық керек.






Өлең жолдарын бірге қайталап қимылдар жасайды.







Сөздерді қайталайды.

Мақал-мәтелді қайталап,жатқа айтады.

Ойын шартымен ойнайды.


Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

-Балалар біз бүгін немен таныстық?

-Естеріңде не қалды?

-Сабақты кубизм әдісімен қорытындылау.

-Мақтап-мадақтау.



Балалардың жауаптары тыңдалады

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды:Жалпы театр жайлы түсініктер қабылдайды.

Түсінеді:Жаңа сөздердің мағынасын түсініп біледі.

Істей алады: Сұраққа толық жауап айта алады.

Есеп:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
6255
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі