24
– қаңтар 2019 жыл
Утебаева
Гүлзина Жақсылыққызы
Тақырыбы: Ертегілер
еліне саяхат
Мақсаты:
оқушыларды халық ауыз дебиетімен,ертегілермен
және ертегі кейіпкерлерімен таныстыру,
актерлық шеберлігін арттыру; Ертегілер
арқылы балаларды мейірімділікке,
адамгершілікке,еңбексүйгіштікке және
адалдыққа жетелеу.
Барысы:
Рамазан:
Сәлеметсіздер ме, құрметті Ұстаздар,
Ата – аналар, Оқушылар!
«Ертегілер
еліне саяхат» атты театр маусымына қош
келдіңіздер!
Шұғыла:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар
мен даналар.
Шақырамыз
ықыласпен,
Құрметті
біздің ата-аналар, балалар, ұстаздар!
Рамазан:
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне
жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде
сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін
ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.
Шұғыла:
Ол
ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы
сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып,
біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер
көбінесе қара сөз түрінде айтылады.
Кейде өлең түрінде де кездеседі.
Рамазан:
«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір
……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде,
ешкі жүні бөртеде» деп те басталады.
Ертегі соңы олар «сөйтіп мақсат –
мұратына жетіпті» деп үнемі жақсылықпен
аяқталады.
Шұғыла:
Иә, дұрыс айтасың. Бүгінгі сайысымызда
қойылатын
ертегілермен таныс болыңыздар:
1)
«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі (2 «Ә»
сыныбы)
2)«Дос
іздеген бота» ертегісі (2 «Ғ» сыныбы)
3)«Бауырсақ»
ертегісі (2 «З» сыныбы)
4)«Ғажап
құс» ертегісі ( 2 «Қ» сыныбы)
Рамазан:
Енді
осы сайыскерлерге әділ бағасын беретін
әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1)Директордың
оқу – ісі жөніндегі орынбасары:
.
2)
Директордың
тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары:
.
3)
Директордың
тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары:
.
Шұғыла:
Сайысымызды
4 «Ә» сынып оқушысы Тынымгереев Мерейдің
орындауында «Бала тілегі» атты әнімен
бастаймыз, қабыл алыңыздар.
Рамазан:
Шұғыла,
сен білесің бе? Орманда сүт әкелемін
деп кеткен бір ешкінің лақтарын
қасқыр ұрлап кетіпті. Бұл қай ертегі?
Шұғыла:
Әрине,
білемін, Рамазан. Бұл «Жеті лақ пен
қасқыр» ертегісі емес пе?
Рамазан:
Дұрыс
айтасың, олай болса, «Жеті
лақ пен қасқыр» ертегісімен
2 «Ә» сынып ұжымын сахнаға шақырайық.
Шұғыла:
Осы
сен дос іздеген Бота жайлы естіп пе
едің?
Рамазан:
Әрине,
ол – өзіміздің Бота емес пе?
Шұғыла:
Жарайсың,
Рамазан. Ендеше, осы Бота жайлы керемет
қойылымды тамашалайық. Сахнада 2 «Ғ»
сынып ұжымы. Қарсы алыңыздар!
Рамазан:
Балалар,
енді сендер тауып көріңдер. Басына
қонған бақытын бағалай алмаған Қадыр
туралы ертегі қалай аталады?
Шұғыла:
Жарайсыңдар,
балалар! Ендеше, сахнаға «Қадырдың
бақыты» қойылымымен 2 «З» сынып
ұжымын шақырайық.
Рамазан:
Атамнан
да қаштым,
Апамнан
да қаштым,
Аюдан
да қаштым.......
Шұғыла:
Рамазан
,сен бізге «Бауырсақ» ертегісін жасырып
тұрған боларсың?
Рамазан:
Әрине,
Шұғыла. Бәріміздің де балабақшадан
бастап тыңдап өскен ертегіміз емес пе?
Шұғыла:
Ендеше,
«Бауырсақ» ертегісімен 2 «З» сынып
ұжымының өнерлерін тамашалайық.
Рамазан:
Бүгінгі
өнерпаздарымыздың өнерін бағалап
алғанша сахнаға
4
«Ә» сынып оқушыларын «Кішкентай
жұлдыздар» атты әнімен шақырамыз. Қабыл
алыңыздар!
Шұғыла:
Бүгінгі
өнерпаздарымыздың өнерін бағалап, әділ
бағаларын беретін әділ қазы алқаларына
сөз береміз.
Рамазан:
Осымен,
«Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымыз
өз мәресіне жетті.
Шұғыла:
Қош,
сау болыңыздар!