Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
«Арайлым» жекеменшік балабақшасы

«Аю мен Маша бізде қонақта!»
Театрлық қойылым
Орындаған:«Арайлым» тәрбиешілері
Мұнайлы-2020
«Аю мен Маша бізде қонақта!»
Мақсаты:Балаларға тазалық, дұрыс тамақтану туралы түсініктер қалыптастыру.
Достыққа, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Берілген тапсырмаларды орындай білуге, жауапкершілікті болуын дамыту.
Маша қоянды қуып жүреді:Қоян дим, қоян, сен неге қолыңды жумай сәбіз жеп жүрсің? Қол жумай тамақтануға болмайды ғой.
Қоян:Жоқ ештеңе етпейді, мен күнде осылай сәбіздерді жей беремін.
Маша:Балалар, саламатсыңдар ма? Қарашы, қоян сенімен айтысамын деп балалармен амандасуды ұмытып кетіппіз.
Қоян:Сәлем балалар, бізді таныдыңдар ма?
Балалар:Ия таныдық.
Қоян:Балалар, айтыңдаршы қолды жумай тамақтаса ештеңе етпейді ғой иә!
Балалар:Жоқ, қолды жуып жеу керек тамақты.
Маша:Айттым ғой қолды жуып жеу керек. Тамақты, көкөністер мен жемістерді де қолды жумай жесең, әр түрлі микробтар ішіңе кетеді. Сосын, ішің ауырып, басың айналып, тіпті әлсіреп құлап қалуың да ғажап емес.
Қоян сәбізін жеп тұра береді.
Маша:Қоян дим мен сағанайтып тұрмын, сен неге мені тыңдамайсың?
Екеуі сәбізге таласып жатқанда аю кіріп келеді.
Аю:Маша, қоян, сендерге не болды? Неге таласып жатсыңдар?
Маша:Аю, аю айтшы қоян қолды жумай тамақтанып жатыр, олай болмайды ғой.
Аю:Иә, Маша, қолды жумай тамақтануға мүлде болмайды.
Қоян:Жарайды, бүгіннен бастап мен қолымды жуып жүретін боламын.
Маша:Жай ғана жумай сабынмен жуу керек. Сонда ғана қолдағы кірмен микробтар кетеді.
Қоян:Жақсы, жақсы, сабынмен жуамын.
Маша:Аю сен неге көңілсіз жүрсің?
Аю:Эх, Маша, Маша, менің бүгін туған күнім болатын.
Маша:Мәссаған, аю бұл деген керемет қой, туған күні болатын күні ешкім де көңілсіз жүрмейді ғой.
Қоян:Туған күніңмен аю.
Аю:Рақмет, рақмет.
Маша:Келіңдер, балалар, аюдың көңілін көтеріп, билеп алайық.
Би:Флешмоб.
Аю:Ой рақмет, балалар, көңілім көтеріліп қалды.
Маша:Ендеше, ормандағы барлық аңдарды қонаққа шақырып, керемет туған күн тойлайық. Жүр қоян, біз барлық аңдарды жинайық. Ал, аю сен дастархан әзірлей бер.
Барлығы шығып кетеді. Машамен қоян кетіп бара жатып медициналық қорап тауып алады.
Маша:Қоян мынаны қарашы, керемет нәрсе тауып алдым.
Қоян:Маша, біреудің нәрсесін рұқсатсыз алуға болмайды.
Маша:Бұл біреудікі емес, қарашы, қараусыз далада жатыр. Оданда ішін ашып қарайық.
Ішін ашып қараса дәрігер халаты мен бас киімі және медициналық құралдар бар екен. Маша ақ халат пен бас киімін киіп алады.
Маша:Мәссаған, мен дәрігерден аумай қалдым.
Қоян:Ия, Маша, сен дәрігерге ұқсап қалдың.
Маша:Бүгіннен бастап мен дәрігермін. Жүр ормандағы ауырған аңдарды емдейік. Қоян:Маша, біз аюдың туған күніне қонақтар шақырып жүрміз ғой.
Маша:Иә, иә, мен осылай да шақырып жүре беремін,-деп шығып кетеді.
Ортаға қолында сыйлығы бар торай көңілді ән айтып, секіріп келеді. Алдынан қасқырлар шығады.
Қасқыр:Мынаны қара, қарным ашып тұр еді, алдымнан дайын асым шыға келді. Міне, керемет. Әй, торай, қайда барасың?
Торай:Мен, мен, аюдың туған күніне барамын. Тиіспеңдер маған.
Қасқар:Аюдың туған күніне дейме? Онда сен сыйлық алып бара жатсың ғой ә?
Торай:Ия, мен аю досыма көп тәттілер алып бара жатырмын. Аю тәттілерді қатты жақсы көреді.
Қасқыр:Аю тәттілерді жақсы көреді дейді? Тәттіні мен де жақсы көремін. Айтыңдаршы балалар, сендер де тәттілерді жақсы көресіңдер ғой иә?
Балалар:Иә, жақсы көреміз.
Қасқыр:Көрдің бе торай, тәттілерді барлығы жақсы көреді. Ендеше, маған бер барлық тәттіні.
Торай:Жоқ, бермеймін.
Қасқыр:Бермесең тартып аламын, және де өзіңді байлап қоямын. Сонда сен ешқандай туған күнге бара алмайсың.
Қасқыр торайды байлап тәттінің бәрін өзі жеп қояды да, тісі ауырады.
Қасқыр:Ой, ой, ой тісім ай, тісім. Ауырып барады. Мына аурудан мені кім құтқарар екен. Ууууу
Торай:Қасқыр, сен біреуге арналған сыйлықты жеген үшін тісің ауырды.
Қасқыр:Торай, ашуыма тиме, әйтпесе сені де жеп қоямын. Уууу
Торай:Қасқыр, сен мені босатсаң мен дәрігер шақырамын.
Қасқыр:Керек емес дәрігер, мен дәрігерден қорқамын. Уууу,-деп шығып кетеді.
Ортаға Машамен қоян келеді.
Маша:Торай сен не істеп тұрсың?
Торай:Мені қасқыр ұстап байлап қойды.
Қасқыр дегенді естіп қоян қорыққаннан құлап қалады.
Маша:Тұр, қоян қорқпа, мен қазір ол қасқырдың сазайын тарттырамын.
Қоян орнынан тұрады.
Маша:Қасқыр, қасқыр қайдасың? Кел мында.
Қасқыр:Дәрігер? Мен дәрігер шақырмадым ғой. Бірақ, тісім ауырып барады. Уууу
Маша:Сенің тісің ауырса, мен дәл уақытында келдім. Мен дәрігермін. Бірақ, сен неге торайды байлап қойғансың?
Қасқыр:Менің қарным ашып тұрған еді. Торайдың қолындағы сыйлыққа тойып алып енді тісім ауырып тұрғаны.
Маша:Ол не сыйлық болды екен сенің тісіңді ауыртатын?
Торай:Мен аюдың туған күніне көп тәттілер алып бара жатқанмын. Мына аш қасқыр барлық тәттіні жеп қойды.
Маша:Енді түсінікті болды, сенің тісің тәттілерді көп жегеннен болған екен ғой. Балалар, айтыңдаршы, тәттіні осылай қасқырға ұқсап көп жеуге болама?
Балалар:Жоқ болмайды.
Маша:Көрдің бе қасқыр, тәттілерді көп жеуге болмайды. Тәттілерді көп жеу тіске өте зиян. Тісті күту керек. Таңертең және кеште екі мезгіл тіс пастасымен щеткамен жуып отыру керек. Кел, енді мен сенің тісіңді емдеп беремін,-деп қораптан үлкен уколын шығарады.
Қасқыр:Маша, мен мына екпеден қатты қорқамын.
Маша:Жоқ мен сенің тісіңе мына шөптен жасалған сұйық дәріні шашамын, сосын тісің ауырғаны басылады,-деп қасқырдың аузына сұйық дәрі себеді.
Қасқыр:Маша қандай тамаша, менің тісім ауырғаны басылды.
Осы кезде аю келеді. Қасқыр қашып кетеді.
Аю:Маша сендер неге осынша ұзыққа кеткенсіңдер? Мен сендерді әрең таптым. Қалайша мына үлкен орманда адасып қалмай жүрсіңдер?
Маша:Аю мен орманда адаспай жүруім үшін жаттығу жасап отырамын күнде.
Аю:Ол қандай жаттығу? Маған да үйретсең жақсы болар еді.
Маша:Аю мен саған оны үйрете берем ғой, қараш мында қасқыр торайды байлап, саған арналған сыйлығын жеп қойыпты.
Аю:Қасқыр, қайда қасқыр? Мен оған қазір көрсетемін кімнің қонағын тұтқынға алғанын,-деп торайды босатады.
Қасқыр қолында себеті бар келіп аюдан кешірім сұрайды.
Аю:Жарайды, бүгін менің көңіл-күйім керемет. Кешіре салайын.
Қасқыр:Рақмет аю. Мына сыйлықты мен орманнан жинап алдым,-деп себеттен жемістерді шығарады.
Маша:Міне, керемет, мынаны нағыз сыйлық деуге болады. Бұл дегеніміз нағыз дәрумендер ғой. Қасқыр, сен енді ақылға келіпсің.
Аю:Маша, сен маған жаттығу жасап көрсетемін деп едің, ұмыттыңба?
Маша:Жоқ аю менің жаттығуым оп-оңай. Ол жаттығуды жасау үшін оң қол мен сол қолды және оң аяқпен сол аяқты білу керек.
Аю:Оң қол қайсы, сол қол қайсы?
Торай:Ой аю досым оң қол мынау, сол қол мынау. Ал, оң аяқ мынау, сол аяқ мынау.
Маша:Керемет торай ендеше аюға оң қол мен сол қолды үйрету үшін мына ойынды ойнатайық.
Ойын:оң қол мен сол қол-оң аяқпен сол аяқ.
Ойынның шарты:Берілген суреттерге қарап оң қолмен сол қолды және оң аяқпен сол аяқты орнымен басып отыру керек.
Балалармен ойналады.
Маша:Ендеше барлығымыз аюдың туған күніне барайық.
Аю:Иә, мен дәмді етіп ыстық тамақ пісірдім.
Барлығы аюдың туған күніне келеді. Дастархан тола дәмді тағамдар.
Қасқыр қаршы ашып тамаққа бас салады.
Маша:Қасқыр сен неге тамақты тез жеп отырсың.
Қасқыр:Мен мына дәмді тамақтарды жылдам жемесем, басқалар жеп қойса мен тамақсыз қалып қоямын.
Аю:Қорқпа қасқыр, мен дәмді тамақтарды көп дайындағанмын. Тіпті мұна жарысып та тауыса алмайсың.
Маша:Келіңдер ендеше тамақ жеуден жарыс ұйымдастырайық. Ол жарысқа барлығымыз қатысамыз. Кім алдына қойылған тағамды бірінші тауыса алса сол жеңімпаз болады.
Барлығы келіседі. Ойын:Лағманды кім жылдам тауысады?
Шарты:Берілген сурет тұсында тұрып жіпті орап жинау арқылы ыдыстағы жіпті жылдам тауысу керек.
Қоян ортағаалмалардан торт жасап алып келеді.
Аю:Қоян тортыңа рақмет. Бірақ мына тортты балалармен бөлісіп жесек қалай қарайсың?
Маша:Дұрыс айтасың аю, баларға торттан таратайық, олар да сенің туған күніңе келді ғой.
Балаларға торттағы шоколадтар бөліп беріледі.
Маша:Қане, енді барлығымыз көңілді би билейік.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Театр қойылымы Аю мен Маша бізде қонақта

шағым қалдыра аласыз