жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Театрландырылғани қызмет арқалы балалардың шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту
Енбекшіқазақ ауданы
Есік қаласы
«Есік-Болашақ-2007»
бөбекжай балабақшасі
әдіскері
Козыбаева Сәуле
Мирамбаевна
Театрландырылған қызмет арқылы балалардың шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту
Біздің негізгі мақсатымыз қуаныш сыйлау, шығармашылық шабыттарын ояту, балабақшада болған кезін мерекеге, ертегіге айналдырып, таңдаулы халық шығармашылығын үлгі ету, талғампаздыққа, әдемілікке,әсемдікке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта балалар ақпараттың барлығын меңгерген, компьютерлік ойындардан хабары бар, бірақ олардың қиялы, шығармашылық белсенділігі, тілдік қоры төмендеген; оларды таңдандыру, таңырқату қиын, ойындары біркелкі, қызығушылықтары шектеулі. Сондықтан біздің балабақша ұжымы таңдаған театрландыруда балалар ойнай отырып оқиды, ол оқу қағидаларына әсер ететін құрал деген шешімге келді.
Біздің шығармашылық белсенділікті арттыру бойынша жұмысымыздың әдістемесі Н.Ф. Сорокина, Л.Г. Милановичтің «Театр-шығармашылық-балалар» бағдарламасына негізделген.
Тілдік қорды дамыту міндетін табысты шешу барлық педагогикалық үдеріске қатысатын субьектлердің (педагогтар, балалар, ата аналар) тығыз ынтымықтастығы деп ойлаймын. Пәндік дамытушылық орта құруда формасын, әдістерін кешенді қолданғанда, диагностика жасағанда менің педагогикалық қызметімде оңтайлы нәтиже алуға мүмкіндік береді..
Балалардың тілдік дағдыларын дамытуда театрландырылған қызмет негізгі мынандай қызмет түрлері арқылы өтеді: танымдық даму, тілдік даму, көркем-эстетикалық даму, әлеуметтік-коммуникативтік даму, физикалық тұрғыдан және өзара байланыс.
Балалармен жұмыстың негізгі бағыттары:
Театрландырылған ойын
Міндеттері: Балаларды алаңда біркелкі орналасуға, берілген тақырып бойынша серіктесімен диалог құра алуға, кеңістікті өздіктерінен бағдарлауға үйрету. Бөлек бұлшық еттерін өздігінен босаңсыту және қатайту қабілетін дамыту, көріністегі кейіпкерлерінің сөздерін естерінде сақтату, көру, есту назарларын, есте сақтау, байқампаздық, бейнелі ойлау, қиялдау, елестету, театр өнеріне деген қызығушылық арттыру.
Ритмопластика
Міндеттері: өздіктерінен музыкалық дабылға немесе берілген командаға жауап беруге, әрекет етуге келісімді түрде дайындығын арттыру, қозғалысты үйлестіруге үйрету, алдын ала ойластырылған қалыптарын естерінде сақтау және оны бейнелі түрде жеткізе алуға үйрету.
Мәдениет және сөйлеу тәсілі (техникасы)
Міндеттері: сөйлеу тынысы және дұрыс артикуляциясын, айқын дикциясын, түрлі дауыс екпінін, сөйлеу қисынын дамыту; кішігірім әңгімелер мен ертегілірді құрастыруға, қарапайым ұйқастарды табуға үйрету; жаңылтпаштар мен тақпақтарды айтқызып, сөздік қорыларын дамыту.
Қуыршақ театрының негізі
Міндеттері: балаларды театр терминдерімен, театр өнерінің негізгі түрлерімен таныстыру, театрда өзін өзі ұстай алуға үйрету.
Көрініспен жұмыс пьесамен немесе ертегімен танысуды қамтиды, сонымен қатар этюдтан бастап көріністің туылуына дейін авторлық пьесаға незізделеді.
Міндеттері: этюдтарды ертегі бойынша құрастырып үйрену; жорамалданған нәрсе бойынша дағдыларын дамыту; дауыс екпінін әртүрлі көңіл -күй сезімін білдіруге (қуанышты, көңілсіз, таңқалған, ашуланған, т.б.) байланысты қолдана алуға үйрету.
Жұмыс табысты болу үшін қызметті кезең-кезеңімен жоспарлап, балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек.
1 кіші топ- балаларды би-ба-бо театрға арналған қуыршағымен және театрландырылған ойындармен таныстыру. Кішкентай бөбектер тәрбиешілер мен ересек топ балаларының көрсеткен ертегілерімен басқада қойылымдарын көреді.
2 кіші топ- балалары дәйекті түрде театр түрлерімен, актерлік шеберлік негіздерімен танысады. Бұл үшін этюдтарды оқыту, назар салу және қабылдауын дамыту қолданылады; түрлі эмоцияларды, көңіл- күйді, жеке мінез -құлық қасиеттерін көрсету дағдыларын дамытады.
Ортаңғы топ- қуыршақ театры театрландырылған ойындармен біріктіріледі. Өздеріне сенімсіз балалар қуыршақ театрын көбіне жақсы көреді, себебі балаларға көрермендерден тығылатын перде керек. Ұялшақтықтарын жеңген балалар қойылымға (спектакльге) драмалық театрдың актерлары сияқты қатысады. Сонымен бірге бір -бірін бақылай отырып, өз тәжірибелерін жетілдіреді.
Ересек топтар -барлық балалар көріністер мен театрландырылған ойындарға белсенді қатысады.
Дайындық топтары- театрландырылған ойындар кейіпкерлерінің мінездерінің күрделенуімен, мизансценалардың қиындығымен ерекшеленеді.
Келтірілген мониторинг театр- ойын қызметіне балалардың қызығушылықтары артқанын көрсетеді. Балалардың театрландырылған қызметке қатысуы балалардың тілдік қорларының байуына, шығармашылық және ауызша сөйлеуінің дамуына, ұялшақтықтары мен өздеріне деген сенімсіздіктерін жеңулеріне жақсы әсер етті. Қоршаған ортаның шынайылылығы туралы, Қазақстан аумағында тұратын халықтардың ұлттық мәдениеті туралы танымдары кеңиді.
Біздің ұжымның жұмыс тәжірибесі дәстүрлі және қазіргі театрландырылған қызмет түрлеріне негізделеді.
Алға қойған мақсатқа жету үшін топта әртүрлі дәстүрлі емес пәндік –дамытушылық орта құру тиімді болып саналады. Осыған байланысты балабақшаның барлық топтары «Театр әлемі» атты бұрышпен безендірілген, онда: ойыншықтар, атрибуттар, әдеби шығармалар, бетперделер, театр қуыршақтары мен киімдері ТҚ (үнтаспалар, теледидар, классикалық үнтаспалар, балалар шығармашылықтары) бар.
Тәрбиешілер өз жұмыстарында келесі театр түрлерін қолданады:
Саусақ театры. Қолды қозғалту, саусақтармен ойнау , балалардың тілі мен ойының даму процесін жеделдетеді. Сондықтан балалардың қол қимылдарын дамыту сөйлеу тілін дамытады, қолдарын жазуға дайындайды, ойлау қабілетін дамытады.
Тоқылған театр – баланың есту, көру, ұсақ- қимыл, үйлестіру дағдыларын қалыптастырады. Шығармашылық, әртістік қабілеттерін қалыптастырады.
Суретті театр (фланелегра) – мұндай театр баланың шығармашылық қабілеттерін дамытып, эстетикалық тәрбие алуға әсер етеді. Кішкене балалар кітаптардағы суреттерді көруді жақсы көреді, егер қозғалыстағы суреттерді тіптен рахаттана көреді.
Таяқты театр – қолдың ұсақ қимылдарын дамытып, соның арқасында қолдың ептілігі артады, өз қимылдарын бақылай алатын болады, назары бір қызмет түріне шоғырланады.
Дүбір (Топотушка) театры – сөздік қорларын кеңейтуге, есту және сезу қабылдауларын қосуға көмектеседі. Халық шығармашылығымен таныстырады. Санау, ойнау, қарым– қатынас дағдыларына үйретеді.
Саусақты қолғап театры. Қуыршақ – қолғап керемет терапиялық әсерге ие. Сабақ барысында бала өз әсерін немесе қорқынышын, қақтығысты жағдайларды қуыршақ – қолғаппен ойын барысында шешеді. Қуыршақ терапия сөйлеу тілі бұзылған, неврозы бар балалармен жұмыста жақсы нәтиже береді. Бүлдіршіндер өздері бастан кешкендерін қуыршақ бейнесінде көріп, егер ол жыласа оны уатады, тамақ береді.
Би-ба-бо театры. Бұл театрда қуыршақтардың әрекеттерін перденің артында тығылып тұратын жетекшілері жасайды
Ойыншық театры. Барлығы бірдей матадан жасалған, әдеттегі ойыншықтар қолданылады. Кішкентай және қарапайым тақпақтарды жаттау барысында кіші топ тәрбиешілері үстелдің үстіне ерекше эстрададағыдай балаларға көрініс–миниатюра ойнатады, мұнда «рөлдерді» ойыншықтар ойнайды. Ойыншық театры кішкентай көрермендерге кешенді құралдармен әсер етеді: бұлар көркем бейнелер, ашық безендірулер, нақты сөздер мен музыка. Мұндай миниатюраларды ұйымдастыру ерекше дайындықты керек етпейді, балалар көбіне көрермен болады.
Драмалық – ойындар.
Топтарда балалардың өздіктерінен қызмет атқару үшін театр бұрышы безендірілген, онда дидактикалық, үстел үсті–баспа және әдеби шығармалар бойынша дамыту ойындары қойылған.
Балалардың тілін театрландырылған қызмет арқылы дамытуда мнемотехниканың орыны ерекше.
Мнемокестелер–балалардың тілін байланыстырып сөйлеуде дидактикалық материал қызметін атқарады. Оны сөздік қорларын байытуға, әңгіме құруды үйретуде, әдеби әдебиеттерді ауызша айтуда, тақпақ жаттауда, жұмбақ жасырғанда оны шешкенде қолданады.
Барлық жұмыстар сияқты мнемокестелер оңайдан қиынға қарай құрылады. Жұмысты қарапайым мнемотекшелерден бастау керек, одан ары мнеможолдарға өтеді, кейін мнемокестеге келеді, ол кезде баланың ойында жеке бейнелер қалады: шырша –жасыл, жидек –қызыл. Кейін қиындатады немесе басқаға ауыстырады, кейіпкерлерді графикалық түрде бейнелейді.
Балаларды жан–жақты дамытуда жақсы нәтиже беретін тиімді әдістердің бірі ұйқассыз тақпақтар –синквейн.
Синквейн шығару алынған мәліметтерді текшелейтін біртекті құрал болып табылады. Бұл жұмыста басты мәселемен бірге бірнеше маңызды міндеттерді шешуге болады:
Сөз таптары туралы білімдері қайталанады.
Дауыс ырғағын (интонация) сақтауға үйретеді.
Сөздік қоры белсенді бола түседі.
Ойлау қабілеттері дамыды.
Әлденеге қатысты өз ойын айтуға үйретеді
Н.Ф. Губанова « Мектепке дейінгілердің театрландырылған қызметі»
Л.В. Артемова «Мектепке дейінгілердің театрландырылған ойындары»
Н.Ф. Сорокина «Ең кішкентайлар үшін қуыршақ театры»
М.Г. Борисенко «3-4 тағы балалар үшін ертегілер бойынша сабақтардың кешенді конспектісі»
Н.Ф. Губанова «Ойын қызметін дамыту»
М.А. Васильеваның басшылығымен шыққан «Балалақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы»
Н.Б. Улашева « Театрландырылған қызметті ұйымдастыру»
Н.Ф. Сорокина, Л.Г. Милановичтің «Театр-шығармашылық-балалар» бағдарламасы.
Мектепке дейінгілердің коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмысында театрландырылған ойындар өз жемісін береді: балалардың сөздік қоры байып, белсенді бола түседі, олар өздерін еркін ұстап, ең бастысы эмоционалды өрлеу сезіледі. Біздің балабақшаның педагогикалық ұжымы біздің балалардың болашақта өз істеріне шығармашылық тұрғыдан қарайтынына сенеді. Шынайылық, мейірімділік, ойларының тазалығы олардың әрекеттерінен көрініп, өмір бойы өз бойларынан кетпейді деп үміттенеміз. Кім болмасын кішкентай кезінен театрдың сиқырлы кеңістігінде болғандарға, әлем өзінің тамашалығымен сақталып, олардың жан дүниелері қараймайды, қатігезденбейді және рухани кедейленбейді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген