жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тех.карта сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: |
Коммуникация |
Бөлімі: |
Сөйлеу дамыту. |
Тақырыбы: |
Тазалық пен ұқыптылық |
Мақсаты: (Даярлық) |
Тазалық пен ұқыптылық-тың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы жайлы мәлімет беру. |
Мақсаты: (Ересек) |
Тазалық пен ұқыптылық-тың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін түсіндіру |
Міндеттері: |
1. Сурет бойынша толық әңгімелеуге үйрету. 2. Өздеріне күтімен қарау керек екендігі жайлы қасиеттерін дамыту. 3. Тазалық пен ұқыптылықты үнемі сақтауға тәрбиелеу |
Әдіс-тәсілдері: |
Әңгіме-леу, сұрақ жауаптар, ойындар. Веен диагра-масы |
Көрнекіліктер: |
Тақырыпқа сай суреттер, ойын заттары, Веен диаграмасы. Жазу құралдары. |
Билингвальдық компонент: |
тазалық – чистота – cleanness; ұқыптылық – аккуратность – exactitude |
Кіріспе бөлім:
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көреді бар адам.
Тазалық дегеніміз не?
Дені сау адам қандай болады?
Балалармен мәдени гигиеналық дағдылар туралы әңгімелесу.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Екі қыздың суретін салыстыр. Жеке бас тазалығын қалай сақтайтыныңды
жұбыңа әңгімелеп бер.
Көптілділік: тазалық – чистота – cleanness;
ұқыптылық – аккуратность – exactitude
Педагог балаларға үнтаспадан краннан аққан судың дыбысын естіртіп, беті-қолын,
тісін тазалауды қимыл-әрекетімен, ым- ишарамен көрсетуін сұрайды.Педагог сөздердің көп мағыналылығы туралы түсінік береді. Бір сөз кейде бірнеше мағынаны білдіруі мүмкін. Мысалы, кілт – құлыпты ашатын құрал; кілт – табыс кілті.
Д/ойын: тазалық достары
М/ы Тазалық туралы білімдерін бекіту.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Қай щетка неге арналған, сызықпен қос. Түсіндіру. Сонымен қатар тазалықтың басқада достарын атап беру. Ол заттарды қолданудағы маңызыдылық жайлы әңгімелеу.
Сергіту сәті:
Түрлі-түрлі щетканы,
Қолымызға алайық.
Тісті жуып тазалап,
Айнаға біз қарайық.
Киім щеткасын қолданып
Үстімізді қағайық,
Аяқкиім щеткасын ап,
Жалтыратып бәтеңкені,
Мектепке киіп барайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
3-тапсырма. Өлеңді жаттап ал. Педагог өлеңді оқып беріп, талдайды.
Д/ойын: себебін тап:
М/ы: әр жағдайдын шешімін бағалай білуге дағдылау.
4-тапсырма. Сурет бойынша әңгімеле.
Дидактикалық ойын: «Жақсы – жаман». Педагог балаларға допты лақтырып, «Тіс тазаламау», «Алманы жумай жеу» т.с.с. сөздер айтады. Бала оларға «жақсы немесе «жаман» деп баға беріп, допты қайтарады
Веен диаграммасымен жұмыс: Жақсы және жаман қылықтар.
Қортынды
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан киім щеткасын түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Күтінетін нәт:
Нені біледі: Суретке қарап әңгіме құрайды
Нені игерді: Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсінеді, оларды сөйлегенде қолдануды.
Нені білу керек: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: |
Коммуникация |
Бөлімі: |
Сөйлеу дамыту. |
Тақырыбы: |
Спорт – денсаулық кепілі |
Мақсаты: (Даярлық) |
Спорт түрлерімен таныстыру. Олардың адам өмірінде маңызы жайлы мәлімет беру. Мезгілге сай спорт түрлерін ажырата білуге үйрету. |
Мақсаты: (Ересек) |
Спорт түрлерімен таныстыру. Олардың адам өмірінде маңызы жайлы мәлімет беру. |
Міндеттері: |
1.Мезгілге сай спорт түрлерін ажырата білуге үйрету. 2. Спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру. 3. Әрқашанда шымыр болуға тәрбиелеу. |
Әдіс-тәсілдері: |
Әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру, жұмбақ, ойындар.модульдік тех. |
Көрнекіліктер: |
Ойын заттары, көрнекіліктер, жұмбақ сызбасы |
Билингвальдық компонент: |
жеңімпаз – победитель – champion |
Кіріспе бөлім:
Шаттық шеңбері
Шынықсаң, шымыр боласың,
Сауығып, айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Педагог балаларға «Деніміз сау болу үшін тағы не істеуіміз керек?» деген сұрақ
қояды. Мақалдың мағынасын түсін. Педагог балаларды мақалмен таныстырады.
«Дені саудың – жаны сау».
Балаларға мақалдың мағынасын түсіндіру. Адамдар әрқашан қимыл-қозғалыста жүрсе, организміндегі қан айналысы да қозғалыста болып, жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын болады. Адам денсаулығына жақын достар – тазалық, спорт, таза ауа, күн тәртібі.
Шынықтыру дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?
Д/ойын: 1.Қалай аталады?
М: заттарды бір сөзбен айтуды үйрету.
Негізгі бөлім:
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сурет бойынша әңгімеле.
– Суретте қандай спорт түрі бейнеленген?
– Араларыңда спортшы боламын дейтіндер бар ма?
– Спортшы қандай болуы керек?
Сергіту сәті:
Төсектен тұрғанда,
Секіріп тез тұрма.
Келтіріп денеңді,
Жадыра, бос тұрма.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. «Қалай аталады?» ойыны
– Спортпен айналысатын адамдарды қалай атаймыз? (Спортшы)
– Хоккей, бокс, футбол және жүгірумен айналысатын спортшыларды қалай атайды? (Хоккейші, боксшы, футболшы, жүйрік)
– Спортшылар жаттығатын жер қалай аталады? (Жаттығу залы)
– Спортшыларды жаттықтыратын адамды қалай атайды? (Жаттықтырушы)
3-тапсырма. Жазғы олимпиада ойындарын жасыл түспен, қысқы ойындарды көк түспен белгілеп көрсет.
Көптілділік: жеңімпаз – победитель – champion
Сөздік ойын: «Сөйлемнің қатесін тап». Педагог сөйлемді дұрыс айтпайды, ал балалар сөйлемнің қатесін тауып айтады. – Қоңыз Асанды тауып алды. (Асан қоңыз тауып алды)
– Диван мысықта ұйықтап жатыр. (Мысық диванда ұйықтап жатыр)
– Қоянның үйінде Айнұр бар. (Айнұрдың үйінде қоян бар)
– Елжас араны шағып алды. (Ара Елжасты шағып алды)
Әліппе-дәптермен жұмыс:
Жұмбақ шешейік.
Жерге тимей жотасы,
Атанған күш атасы,
Айбаттыны кім дейді,
Қайраттыны кім дейді? (Палуан)
Қортынды
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан клюшка мен шайбаны түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпе
Күтінетін нәт:
Нені біледі: Суретке қарап әңгіме құрайды.
Нені игерді: Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізуді.
Нені білу керек: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: |
Коммуникация |
Бөлімі: |
Сөйлеу дамыту. |
Тақырыбы: |
Алматыға саяхат |
Мақсаты: (Даярлық) |
Балаларды еліміздің басқа да қалаларымен таныстыру. Әр қаланың ерекшелік-терімен таныстыру. Еліне деген мақтаныш сезімдерін ояту. |
Мақсаты: (Ересек) |
Балаларды еліміздің басқа да қалаларымен таныстыру. Әр қаланың ерекшеліктері жайлы мәлімет беру. |
Міндеттері: |
1.Еліміздің басқа қалаларын білу. 2.Тақырыпқа сай сөздік қорларын дамыту. 3.Отанына деген патриоттық сезімін ояту |
Әдіс-тәсілдері: |
Әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру, жұмбақ, ойындар.модульдік тех. |
Көрнекіліктер: |
Тақырыпқа сай суреттер, ойын заттары, Карточкалар, жұмбақ сызбасы. |
Билингвальдық компонент: |
қала – город – city |
Кіріспе бөлім:
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қазақстанның ірі қалаларын ата.
– Сен қай қалада тұрасың?
– Қаланың бір шетінен екінші шетіне тұрақты қатынайтын қандай көліктер бар?
– Бір қаладан екінші қалаға немен жетуге болады?
– Ол қандай көліктер?
Педагог балалардан бүгін не туралы әңгімелесетінін сұрайды.
Талқылау барысында бүгінгі сабақтың тақырыбы жол жүру туралы болатынын анықтайды.
Педагог балаларды Алматы қаласына саяхат жасауға шақырады.
Д/ойын: Ұқсас сөзді тап
М: балалардың сөздік қорларын дамыту.
Негізгі бөлім:
1-тапсырма. Сен тұратын жерден Алматы қаласына қандай көлікпен баруға болатынын анықта.
Ойын: «Сөйлемді аяқта».
Мен автобусты таңдаймын, себебі ...
Мен ұшақты таңдаймын, себебі ...
Мен пойызды таңдаймын, себебі ...
Мен автомобильді таңдаймын, себебі ...
2-тапсырма. Суреттен нені көріп тұрсың? Олар қай қалада орналасқан? Сен олар туралы не білесің? Әңгімеле. Педагог өлең оқып береді.
Алматы қаласы
Жап-жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы.
Ақ басты тауы бар
Алматы қаласы.
Ақындар ағасы
Тұр Абай данасы.
Көшесі көрікті
Алматы қаласы.
Көптілділік: қала – город – city
Сергіту жаттығуы:
Жол астында бір ін бар,
Не екенін кім табар.
Неге онымен адамдар
Әрі-бері ағылар? (Метро)
Тіл ұстарту.
Ға-ға-ға – жаға.
Ге-ге-ге – шеге.
3-тапсырма. Алматы қаласының аты қай жеміске байланысты қойылған? Белгіле. Сен ол жеміс туралы не білесің? Сипатта.
Д/ойын: Тиым салын-ған іс – әрекеттер
М: балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Қортынды:
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан алманы түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі; Дыбыстарды ажырата алады.
Нені игерді; Берілген тақырып аясында диалогке қатысады, суретке қарап әңгіме құрауды игерді
Нені білу керек: Диалог құрастыруды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: |
Коммуникация |
Бөлімі: |
Сөйлеу дамыту. |
Тақырыбы: |
Кел, танысайық! |
Мақсаты: (Даярлық) |
Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу |
Мақсаты: (Ересек) |
Берілген тақырып аясында диалогпен сөйлесе алуды үйрету |
Міндеттері: |
1.Сөздер мен фраза-лардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 2.Тақырыпқа сай сөздік қорларын дамыту. 3.Достыққа тәрбиелеу |
Әдіс-тәсілдері: |
Әңгімелеу, көрсетту, сұрақ – жауап, ойындар, модульдік тех. |
Көрнекіліктер: |
Суреттер тақырыпка сай, тақпақ сызбасы. Ойын заттары. |
Билингвальдық компонент: |
танысу – знакомиться – to meet |
Кіріспе бөлім:
- Қайырлы таң, балалар!
- Бүгінгі күн қандай керемет!
- Кәне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.
Күлімде күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін!
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін.
Д/ойын Мен не жасырдым?
М: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Педагог балалардан журналист деген кім екенін, ол немен айналысатынын сұрайды.
- Бүгін бізге тілші қонаққа келді, ол кісі сендер туралы мақала жазбақшы. Сондықтан да сендердің әрқайсыларың туралы жақынырақ білгісі келеді Сонымен бүгін біз өзіміз туралы - аты-жөніміз кім, нені жақсы көреміз, нені ұнатамыз, немен шұғылданамыз, солар туралы айтамыз. Алдымен тілшімен амандасып алайық.
Тілші балалармен әңгіме өткізеді:
Аты-жөнің кім?
Сен неше жастасың?
Өз түріңді, мінезіңді сипатта.
Шашың ұзын ба, қысқа ма?
Бойың ұзын ба, аласа ма?
Қай жерде тұрасың?
Аға, әпке, іні, қарындасың бар ма?
Немен шұғылданғанды ұнатасың?
Киімдеріңді өзің жинайсың ба?
Не кигенді ұнатасың?
Аяқкиімдеріңді өзің тазалайсың ба?
Қандай ойыншықтармен, кіммен ойнағанды ұнатасың? (Балалардың тілшімен әңгімесі.)
Дидактикалық ойын:
«Қыз бала мен ұл баланың киімін ажыратамыз».
Тақтада қызыл және көк түсті екі үлкен конверт ілініп тұрады. Педагог ұл бала мен қыз бала киімдерінің суреттерін араластырып, екі конвертке балалардың бөліп салуларын сұрайды.
Негізгі бөлім:
1-тапсырма. Суретте кімдер бейнеленген? Ұл мен қыздың айырмашылығы туралы айт.
Төмендегі суреттер қайсысына тән? Сызып қос. Қызға да, ұлға да қажет заттар бар ма?
Көптілділік: танысу – знакомиться – to meet
Сергіту жаттығуы:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Алға қарай – бір адым,
Артқа қарай – бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
2-тапсырма. Серуенге шығарда киінуді алдымен неден неден бастайсың? Нөмірлеп көрсет. Тілші:
– Балалар, сендердің ақылды, білімді, ұқыпты екендеріңді байқадым. Сендермен уақытым өте
қызықты өтті. Енді сендер туралы мақаламды жазуға кірісейін. Қош-сау болыңдар, балалар!
– Сау болыңыз!
– Кездескенше күн жақсы болсын!
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:
Көк көйлек, көк көйлек,
Дәл өзіме дөп көйлек.
Педагог жаңылтпашты қатты, ақырын айтуды ұсынады. Балалар барлық дыбысты анық айтуын қадағалау.
Мақал – сөздің мәйегі:
Анасына қарап қыз өсер,
Әкесіне қарап ұл өсер.
Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды.
3-тапсырма. Өз автопортретіңді сал.
Қортындылау:
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан дәптерді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары тқарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі; Берілген тақырып аясында диалогпен сөйлесе алады.
Нені игерді; Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Нені білу керек: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана алады
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: |
Коммуникация |
Бөлімі: |
Сөйлеу дамыту. |
Тақырыбы: |
Менің досым |
Мақсаты: (Даярлық) |
Досының қаиеттін атай білу. Мақал – мәтелдердің мағынасын түсініп жаттау. |
Мақсаты: (Ересек) |
Достық туралы білімдерін толықтыру. Досының қадірін білуге тәрбиелеу |
Міндеттері: |
1.Сызбамен жұмыс істей алу 2. Ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту 3. Достықты сақтай білуге тәрбиелеу |
Әдіс-тәсілдері: |
Әңгіме-леу, сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар, модул. Тех. 6 қалпақ. |
Көрнекіліктер: |
Әңгімелесу, сұрақ-жауап,ойындар,модульдік технология. 6 қалпақ |
Билингвальдық компонент: |
дос – друг – friend. достық – дружба – friendship |
Кіріспе бөлім:
Біздің топта балалар,
Тату-тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
Педагог: Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Балалар өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ, көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмас үшін бізге дос, жолдас керек.
Негізгі бөлім:
1-тапсырма. Досың туралы әңгімеле.
Сенің ең жақын досың кім?
Оның жас нешеде?
Досың қайда тұрады?
Неліктен сен оны жақын досым деп санайсың?
Ойын-жаттығу: «Сөйлемді аяқта».
Мен өз досымды адал деп санаймын, өйткені ...
Мен өз досыммын ... бөлісемін.
Мен өз досыма көмектесемін және ...
2-тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсініп ал.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Дос бәрінен де қымбат.
3-тапсырма. Досыңның суретін сал.
Сергіту сәті:
Біз балалар бағында
Тұрамыз өте көңілді.
Көп болсақ та достықпен
Өткіземіз өмірді.
4-тапсырма. Досыңмен бос уақытыңды қалай өткізетініңді сызба бойынша әңгімеле. Педагог балалармен бірге шартты белгілерді талқылайды
Көптілділік: дос – друг – friend. достық – дружба – friendship
Педагог әңгімені тыңдауды ұсынады.
Арман ойыншық құлыншағын алып, аулаға ойнауға шықты. Ауладағы тентек бала Қайсар Арманның құлыншағымен ойнап жүріп, аяғын сындырып қойды. Құлыншақты Арманға қайтарып берді. Ал Арманның досы Қуаныш Қайсарға бұл істеген ісі жөн емес екендігін айтты да, .. (Балалар әңгімені өздері жалғастырып айтады.)
Тіл ұстарту:
Ша-ша-ша – пісіп тұр алша.
Ос-ос-ос – бәрі бірге дос.
Дидактикалық ойын: «Досыңды тап». Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балалары көздерін таңып, өз достарын табуы керек. Олар өз досын қолын, шашын, киімдерін қолмен ұстап, сипау арқылы табады.
5-тапсырма. Досыңа не сыйлар едің? Белгіле.
Д/ойын: Сиқырлы сандық
М: балалардың сөздік қорларын дамыту.
Қортындылау:
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан дәптерді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары тқарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Қосымша 6 қалпақ әдісін қолдану.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі; Дыбыстарды ажырата біледі
Нені игерді; Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын сөздерді сөйлегенде қолданады.
Нені білу керек: Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: |
Коммуникация |
Бөлімі: |
Сөйлеу дамыту. |
Тақырыбы: |
Мен үлгілі баламын |
Мақсаты: (Даярлық) |
Үлгі тұтар іс – әрекеттер туралы білімдерін толықтыру. Бұл әрекеттерді дұрыс орындауға дағдылау |
Мақсаты: (Ересек) |
Үлгі тұтар іс – әрекеттер туралы мәлімет беру. Нақыл сөздер жаттату |
Міндеттері: |
1.Балаларға дұрыс және бұрыс іс – әрекеттер туралы білімдерін толықтыру. 2.Үлгі тұтар іс – әрекет орындауға баулы. 3.Өздеріне деген мақтаныш сезімдерін ояту |
Әдіс-тәсілдері: |
Әңгіме-леу, сұрақ – жауап, түсіндіру, жұмбақ, ойындар.модульдік тех. |
Көрнекіліктер: |
Әр түрлі ойыншықтар, тақпақтар, ойындар,слайд сызбасы |
Билингвальдық компонент: |
үлгілі – примерный – exemplary |
Кіріспе бөлім:
Педагог балаларды ортаға, шаттық шеңберіне шақырады. Балалар педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды.
Мен үлгілі баламын,
Айтқан тілді аламын.
«Жина,- десе, - ойыншықты»,
Өзім жинап қоямын.
Ініме де көмекке
Бірінші боп барамын.
Төсекті өзім жинаймын,
Үлкендерді сыйлаймын.
Айтқан тілді аламын,
Мен үлгілі баламын.
– Балалар, үлгілі деп қандай баланы айтамыз?
– Біздің арамызда үлгілі бала бар ма?
– Кімнің үлгілі бала болғысы келеді?
– Ол үшін не істеу керек?
– Өздерің үлгі алатын аға, әпкелерің бар ма?
– Олардың қандай қасиетін үлгі тұтуға болады?
Балалар достарының арасынан үлгілі балаға лайықтыларды атайды.
Негізгі бөлім:
Көптілділік: үлгілі – примерный – exemplary
Педагог: Үлгілі бала жан-жақты болуы керек. Таза жүріп, ұқыпты болғанымен, ойыншығын жинамаса тнемесе анасына көмектеспесе, ол бала үлгілі балаға жатпайды. Үлгілі баланың сабақ үлгерімі жақсы, ұқыпты, кішіпейіл, досына да көмек бере біледі. Мен сендерге «Нағыз дос» деп аталатын әңгіме айтып беремін. Мұқият тыңдаңдар.
Нағыз дос
Ерлан мен Дидар жақын достар, олар көрші тұрады, ата-аналары да бір-бірін жақсы таниды. Екеуі кішкентай кездерінен бірге ойнайды, бірге серуендейді. Бірде серуеннен келе жатқан екеуінің алдынан үлкен ит шығып, Ерланға бас салды.
- Балалар Ерлан мен Дидардың оқиғасын өз ойларыңмен жалғастырыңдар, әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар? Оқиға немен аяқталуы мүмкін?
- Дидардың орнында болсаң, сен не істер едің?
1-тапсырма. Суреттерді қара. Өзіңе ұнаған суретті таңда. Ол туралы әңгіме құрастыр. Балаларға ат қой. Қай баладан үлгі алуға болатынын айт. Бірінші суреттегі бала не істеп жатыр?
Ол қандай бала? Гүлдің қандай пайдасы бар?
Аулада өсетін гүлдерді қандай гүлдер дейміз?
Тағы қайда өсетін гүлдерді білесің?
Екінші суретте не көріп тұрмыз?
Қыз не істеп жатыр?
Атаға кім орын берді, ол қандай іс жасады?
Қыз не оқып отыр? Ал сендер кішіге қамқор бола білесіңдер ме?
Дидактикалық ойын: «Қарама-қарсы сөзді айт».
Ойынның шарты: Педагог допты кез келген балаға лақтырып, бір сөз айтады, допты қағып алған бала сол сөзге қарама-қарсы сөз айтып, допты кері лақтыруы керек.
Мысалы: Жина – шаш, Ақылды – ақымақ, Ұзын – қысқа,Тәртіпті – тәртіпсіз,Ұқыпты – ұқыпсыз,Пысық – жалқау,Жаман – жақсы,Ыстық – суық,Жат – тұр,Қатты - жұмсақ
Сергіту жаттығуы:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біз үлгілі баламыз,
2-тапсырма. Суретке қарап әңгіме құра, қай баладан үлгі алуға болады?
Үйге келген соң аналары не істейді деп ойлайсың?
Қайсысының анасы қандай көңіл күйде болады?
Сөздік жұмыс: Мұнтаздай – кіршіксіз, тап-таза.
3-тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсініп ал:Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Педагог мақалдың мағынасын сұрайды, түсіндіреді. Балаларға қайталата отырып жаттады. Ойын-жаттығу: «Мен орындай аламын».
Қортындылау:
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан дәптерді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары тқарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі; Әңгіме құрап айта алады
Нені игерді; үлгілік негізі жайлы мәлімет игерді.
Нені білу керек: Қарама-қарсы сөздерді ойын барысында қолдана алады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: |
Коммуникация |
Бөлімі: |
Сөйлеу дамыту. |
Тақырыбы: |
Қонақжайлық |
Мақсаты: (Даярлық) |
Қонақжайлық туралы мәлімет беру. Қонақты күту тәртібімен, қарым – қатынас түрімен таныстыру. |
Мақсаты: (Ересек) |
Қонақжайлық туралы мәлімет беру. Тақырыпқа сай тақпақ жаттату. |
Міндеттері: |
1.Қонақпен қарым – қатынас жасау мәдениетті туралы мәлімет беру. 2.Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту 3.Қонақжайлыққа баулу. |
Әдіс-тәсілдері: |
Әңгімелесу, дидактикалық суретпен жұмыс, түсіндіру, сөздікпен жұмыс, қайталау, сұрақ- жауап. |
Көрнекіліктер: |
Тақырыпқа сай суреттер, ойын заттары, мақал сызбасы, доп. |
Билингвальдық компонент: |
қонақ - гость - gust |
Кіріспе бөлім:
Ойын: «Жалғастыр».
Педагог сөйлемді бастайды, балалар жалғастырады.
«Менің көңіл күйім жақсы, өйткені ...»
Біздің үйде әр тарап
Думандатар өмірді.
Біздің үйде салтанат,
Біздің үйде көңілді.
Сендер үйлеріңе қонақ келгенді жақсы көресіңдер ме?
– Қонақ күткенді ше?
– Кімнің үйіне қонаққа жиі барасыңдар?
Негізгі бөлім:
1-тапсырма. Қонақ шақырғанда дайындық неден басталады?
Анаңа қалай көмектесесің? Ойыңды ортаға сал.
Көптілділік: қонақ - гость - gust
Мақал - сөздің мәйегі:
Қонақ аз отырып, көп сынайды.
Қонақ келсе – құт.
Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды.
Сергіту сәті.
Апам үшін күнде мен
Отынға ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Жылай қалса бөпеміз,
Жұбатамын ойнатып.
Сыпырамын үй ішін,
Жуам аяқ, табақты.
2-тапсырма. Тақпақты жаттап алайық.
Біздің үйде достарым
Қосты бүгін бастарын.
Әжем келген ауылдан,
Әкелген-ді алуан дәм.
Дастарқанда тұр жайнап:
Жент, бауырсақ, құрт, қаймақ. (Е. Өтетілеуұлы)
Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап, жаттатады.
– Әже қай дыбыстан басталған?
– Ә дыбысынан келетін сөздерді айт.
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла». Қарама-қарсы сөздерді тап. Өзіңе ұнаған сөздерді есіңе сақтап, айтып бер. Сыпайы – дөрекі, мейірімді – қатал, жас – кәрі, еңбеккер – жалқау, көңілді – көңілсіз,
жылы – салқын, күлімдеу – қабақ шыту, төр – босаға, ауыл – қала, оң жақ – сол жақ, алыс – жақын, таза – кір, үлкен – кіші, конақ болу – қонақ күту.
3-тапсырма. Жұбыңмен диалог құр. «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздермен әжеге сипаттама бер.
4-тапсырма. Ыдыстарды асқа толтыр.
Д/ойын: Менің көңіл – күйім
М: Балалардың сөздік қорларын дамыту.
Қортындылау:
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан дәптерді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары тқарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі; Берілген тақырып аясында диалог құрастырады
Нені игерді; Қарама-қарсы сөздерді табады. Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.
Нені білу керек: Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: |
Коммуникация |
Бөлімі: |
Сөйлеу дамыту. |
Тақырыбы: |
Бақытты отбасы |
Мақсаты: (Даярлық) |
Балаларға отбасы туралы түсініктерін қаыптастыру, өз жанұясы туралы толық әңгімелеуге үйрету. Үлкендерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. |
Мақсаты: (Ересек) |
Отбасы туралы білімдерін толықтыру. Мақал – мәтел жаттау суретке қарап толық әңгімелеуге дағдылау. |
Міндеттері: |
1.Ребустар мен жұмбақтарды шешуді үйрету. 2. Отбасында үлкен-ге құрмет, кішіге қамқорлық жасауға баулу. 3. Инабаттылыққа, кіші-пейілдікке тәрбиелеу. |
Әдіс-тәсілдері: |
Әңгімелеу, сұрақ – жауаптар, ойындар, мнемотехнология, |
Көрнекіліктер: |
Отбасы суреттері, ойын заттары, тақпақ сызбалары, жазу кұралдары. |
Билингвальдық компонент: |
отбасы – семья – family; бақыт – счастье – happiness |
Кіріспе бөлім:
Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар
Отбасы мыналар:
Ең жақын адамдар
Әке мен анам бар,
Бір туған апам бар,
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін еремін.
Әр адамның өз отбасы болады. Олар кез келген істі бірігіп атқарады, бір біріне көмектеседі. Отбасында біз үлкендерді сыйлауға, кішілерге көмек көрсетуге, оларға қамқор болуға үйренеміз.
Негізгі бөлім:
1-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құра.
1. Анасы не істеп тұр?
2. Әкесі қандай жұмыспен айналысып жатыр?
3. Атасы мен әжесі не істеп отыр?
4. Бөлмеде тағы кім бар?
5. Бұлар қандай отбасы деп ойлайсыңдар?
– Сенің ата-анаңның аты-жөні кім?
– Олар қайда және кім болып жұмыс істейді?
– Сен үйде анаңа қалай көмектесесің?
– Үлкен аға, әпкелеріңнің тілін аласың ба?
– Іні-қарындастарыңа қалай қамқорлық көрсетесің?
– Сен отбасындағы адамдарды қалай қуантасың?
– Сенің әжең, атаң ертегі, әңгіме, аңыз айтып бере ме?
– Педагог балалардың пікірлерін, жауаптарын жинақтап толықтырады.
Дидактикалық ойын: «Ол қандай?»
Шарты: Педагог бір балаға допты лақтырады да, сұрақ қояды. Допты алған бала сұраққа жауап беріп, допты қайта лақтырады.
– Сенің әкең қандай? (Мықты, еңбекқор, батыл, мейірімді, кішіпейіл)
– Сенің анаң қандай? (Мейірімді, ақылды, көңілді, әдемі)
– Балалар, әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті аға- әпкелеріміз сендерді «Күнім, айым, жұлдызым, құлыным!» - деп ғажап нәрселерге теңеп еркелетеді.
Көптілділік: отбасы – семья – family;
бақыт – счастье – happiness
Сергіту сәті:
Керілеміз, созыламыз,
Терең алып тынысты.
Оңға бір, солға бір,
Жалғаймыз біз жұмысты.
Жаңылтпаштан жаңылмайық:
Уықтардың барлығын
Уыққапқа сал, күнім.
Уыққапқа салған соң,
Уыздан жеп ал, күнім.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
2-тапсырма. Дидактикалық ойын «Сөйлемді аяқта».
Менің отбасым ...
Менің атам ...
Менің әжем ...
Менің әкем ...
Менің анам ...
Менің ағам, інім ...
Менің қарындасым, әпкем, сіңлім ...
3-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсініп ал.
Мақалдың мазмұнын талдау.
Ана алдында - құрмет,
Ата алдында - қызмет.
Педагог мақалды қайталату арқылы жаттатып, мағынасын түсіндіреді.
4-тапсырма. Суретке қарап, отбасыңмен өз уақытыңды қалай өткізетініңді айт. Немен айналысқан ұнайды?
Д/ойын: бір сөзбен ата
М: балаларлың сөздік қорларын дамыту.
Қортындылау:
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан дәптерді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары тқарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі; Дыбыстарды ажырата біледі.
Нені игерді; Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Нені білу керек: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: |
Коммуникация |
Бөлімі: |
Сөйлеу дамыту. |
Тақырыбы: |
Жеміс – жидек пен көкөністер |
Мақсаты: (Даярлық) |
Көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруға, сөйлем ішінде жалпы-лауыш сөздерді қолдануға үйрету. Ребустар мен жұмбақтарды шешуге үйрету. |
Мақсаты: (Ересек) |
Көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруға үйрету. Заттарды бір сөзбен атауға дағдылау. Сөздік қорларын дамыту. |
Міндеттері: |
1. Көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруға үйрету. 2.Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту. 3.Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгіме жүргізу |
Әдіс-тәсілдері: |
Әңгіме-леу, сұрақ – жауап, түсіндіру, жұмбақ, ойындар.модульдік тех. |
Көрнекіліктер: |
Муляждар, жұмбақ сызбалары, суреттері, ойын заттары, жазу құралдары. |
Билингвальдық компонент: |
қияр - огурец – cucumber. пияз - лук - scallion |
Кіріспе бөлім:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз,
Қызықты іске айналар,
Міне біздер қандаймыз.
Педагог жұмбақ жасырады:
Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)
Әкеміз ала баспақ асырады,
Тезірек күз келсе деп асығады.
Баспағы бойын шөпке жасырады,
Еті қызыл, терісі жасыл әлі. (Қарбыз)
Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе, жыладық. (Пияз)
Педагог сабақтың не туралы болатынын табуды ұсынады.
Көкөністер мен жемістер несімен пайдалы?
Оларды кім өсіреді?
Қай мезгілде егеміз, қай мезгілде жинап аламыз?
Д/ойын:Артығын тап
М: заттарды өзара ажырата білуге дағдылау,
Негізгі бөлім:
Топтық жұмыс. Балалардың қолына көгөніс, жеміс- жидек суреттері таратылып беріледі.
Суреттер бойынша үш топқа бөлінеді.
– 1-топтағы балалар, сендер ненің суретін ұстап отырсыңдар? (Жемістер) Олардың пайдасын, қайда өсетінін айтады.
– 2-топтағы балалар, сендер не ұстап отырсыңдар? (Көкөністер) Олардың пайдасын, қайда өсетінін айтады.
– 3-топтағы балалар, сендер не ұстап отырсыңдар? (Жидектер) Олардың пайдасын, қайда өсетінін айтады.
1-тапсырма. Бағбанға қажетті құрал-сайманды ата. Олар не үшін қажет?
Ойын: «Затты сипатта».
Шарты: Тақтаға шыққан балаға қияр мен пияздың суреті жасырын көрсетіледі. Тақтадағы бала заттың бейнесін сипаттап айтады. Басқалары оны табады. Қияр, пияз дегенде қандай таныс емес дыбыс бар? Жаңылтпаштан жаңылмайық:
Жая, мая, сая,
аяз, пияз, сия,
Аяқ, таяқ, қия,
Шаян, қоян, ұя,
Бәрінде бар «Я».
Көптілділік: қияр - огурец – cucumber. пияз - лук - scallion
Сергіту сәті:
Оң аяқ, сол аяқ,
Теп допты, сол аяқ,
Оң аяқ, сол аяқ,
Теп допты оңай-ақ.
2-тапсырма. Ребусты шеш. Шешуі болған көгөністің суретін сал. (Қызанақ)
3-тапсырма. Тек қана жемістерді сызық арқылы себетке жина.
4-тапсырма. Жұмбақ шешейік.
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астыңда қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
Д/ойын: Бір сөзбен ата
М: Заттарды бір сөзбен айтуға үйреті.
Қортындылау:
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан дәптерді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары тқарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі; Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
Нені игерді; Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Нені білу керек: өздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: |
Коммуникация |
Бөлімі: |
Сөйлеу дамыту. |
Тақырыбы: |
Бағдаршам көшедегі көмекшім |
Мақсаты: (Даярлық) |
Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін толықтыру. Суреттегі дұрыс және дұрыс емес іс – әрекеттерді ажырата білуге үйрету |
Мақсаты: (Ересек) |
Бағдаршам мен оның түстерінің міндеттері жайлы білімдерін толықтыру. |
Міндеттері: |
1. Дұрыс және дұрыс емес іс – әрекеттерді ажырата білуге үйрету. 2.Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. 3.Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. |
Әдіс-тәсілдері: |
Әңгіме-леу, сұрақ жауаптар, ойындар, Воскобови және модульдік тех. |
Көрнекіліктер: |
Тақырыпқа сай суреттер, жолдар, бағдаршам, геоконт тақтайалары, сызба тақпақ |
Билингвальдық компонент: |
бағдаршам – светофор – traffic light |
Кіріспе бөлім:
Қайырлы таң, балалар!
– Бүгінгі күн қандай керемет!
– Кәне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.
Күлімде, Күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін.
Педагог балаларға көздерін жұмып, көз алдына қаламыздың үлкен көшелерін елестетуін сұрайды. Көліктердің шуылы, дабыл, бип-бап деген дыбыстар естіледі.
– Кім нені елестетті?
Педагог балаларды тыңдап, қорытынды жасайды. Қала көшелерінде мәшине көп, қарбаласып жатқан тірлік.
– Қалай ойлайсыңдар, бізге апатты жағдайға ұшырамай, жолдан дұрыс өтуімізге кім көмектеседі?
– Біз жол жүру ережелерін сақтап, жолда мұқият болуға, көшені кесіп өтерде бағдаршам белгісіне қарауға тиіспіз.
– Егер жол жүру ережелерін сақтамасақ, не болуы мүмкін?
Д/ойын: Жұбын тап
М: заттарды қасиетті бойынша жинақьау білуге дағдалау
Негізі бөлім:
1-тапсырма. Суретті қарап, әңгімені тыңдауды ұсынады. Әсем інісі Асанды қолынан жетелеп алып келе жатты. Асан ерке әрі айтқанды тыңдамайтын тентек бала болатын. Көшенің қиылысына жақындай бергенде әпкесінің қолын сілкіп тастап, көшеге қарай жүгірді. Ал бағдаршамда қызыл жанып тұр еді. Жүгіріп шыққан балақайды көріп, көшедегі көліктер әбігерге түсті ... (Мереке Құлкенов)
– Асан дұрыс істеді ме?
– Одан әрі не болды деп ойлайсың?
Әңгімені жалғастыр.
Педагог 5-6 баланың әңгімесін тыңдайды. Жол жүру ережелерін құруды ұсынады. Ережелерді берге талқылау.
Көптілділік: бағдаршам – светофор – traffic light
Сергіту жаттығуы: «Бағдаршам» ойыны.
Педагог балаларға бағдаршамның үш түсін көрсету арқылы қимыл-қозғалыстар жасатады.
Педагог қызыл түсті көрсеткенде, балалар тоқтайды. Сары түсті көрсеткенде, қол шапалақтап, билейді. Жасыл жанғанда, әрі-бері жүреді.
2-тапсырма. Әр суреттегі бағдаршамның қажетті
түсін боя. Ойын жаттығу: «Сөйлемді жалғастыр».
Егер бағдаршам болмаса, онда ... т.б.
Педагог өлең оқып береді.
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Біліп алдым мен де:
Жасыл жанса, демде
Алға кетем ілезде.
Сары жанса, сабыр
Сақтай тұрам әзір.
Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай.
Д/ойын: Не жетіспейді
М: балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қортындылау:
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан дәптерді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары тқарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі; Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
Нені игерді; Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжамдайды
Нені білу керек: Дыбыстарды ажырата алады, сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: |
Коммуникация |
Бөлімі: |
Сөйлеу дамыту. |
Тақырыбы: |
Ас атасы - нан |
Мақсаты: (Даярлық) |
Нанның дастарқанға келу жолын тізбектеп айтып беру. Нанға байланысты тиым іс – әрекеттермен таныстыру. |
Мақсаты: (Ересек) |
Нанның дастарханға қалай еңбекпен келетінің әңгімелеу. |
Міндеттері: |
1.Ұн өнімдері туралы мәлімет беру. 2. тақырыпқа сай сөздік қорларын дамыту. 3.Нанды шашпауға, бастауға тәрбиелеу, |
Әдіс-тәсілдері: |
Әңгіме-леу, түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, жұмбақ шешу, Мнемотех.әдісі. |
Көрнекіліктер: |
Сызба жұмбақ, мулыж. Тақырыпқа сай суреттер, ойын заттары. |
Билингвальдық компонент: |
нан – хлеб – bread |
Кіріспе бөлім:
Қолдан келсе, көңілде хоштық болсын,
Одан көпті күтсең сен, бос күткенсің.
Дастарқанда нан болсын, азаматым.
Аузыңдағы нан дәмі достық болсын.
Жұмбақ шешейік.
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында дәні бар. (Бидай)
Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар. (Таба нан)
Талқылау барысында сабақ нан туралы болады деп болжамдайды.
– Бидай қайда өседі?
– Бидайдың басында не болады?
Д/ойын: Сөйлемді жалғастыр
М: балалардың сөздік қорларын дамыту.
Негізгі бөлім:
1-тапсырма. Педагог өлең оқиды. Өлеңде не туралы айтылады?
Дән
Жарып шыққан қауызын,
Дән - өмірлік азығың.
Жегеніңде ақ нанды
Нәрге толар ауызың.
Ерте тұрып ақ таңнан
Қара жерге нәр құйған,
Айналайын диқаннан
Егін егіп, нан жиған. (Әнуарбек Дүйсенбиев)
– Өлеңде не туралы айтылады?
– «Жарып шыққан қауызын» дегенді қалай түсінесің?
– Бидай – қауызды жарып шығады.
– Егінді кім өсіреді?
2-тапсырма. Нанның дастарқанға келу жолын ретімен әңгімелеп айтып бер.
– Нан жасау үшін қанша мамандық иелері еңбек етеді?
Көптілділік: нан – хлеб – bread
Далада өсетін дәнді дақылдармен тақтадағы суретке қарап таныстыру.
Арпа, бидай, сұлы, жүгері – бұлар дәнді дақылдарға жатады. Егістік далада өсетіндіктен дәрумендерге бай, организмге пайдалы. Дәнді дақылдардың барлығынан ұн жасалады. Әртүрлі дәннен әртүрлі нан жасайды, оларды «нан өнімдері» дейді.
– Ұннан жасалатын өнімдерді не дейміз?
– Олар несімен пайдалы?
– Қандай нан түрлерін білесің?
3-тапсырма. Нан түрлерін ата, бидайдан басқа қандай дәнді дақылдарды білесің?
Егер нан ақ болса, ... (ақ бидайдан)
Егер нан қара болса, ... (қарабидайдан)
Тағы қандай нан болады?
4-тапсырма. Мақалдардың мазмұнын түсініп ал.
Ас атасы – нан.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Нан болса, ән де болады.
Арпа-бидай ас екен,
Алтын-күміс тас екен.
Педагог балалармен бірге мақалдардың мағынасын талқылайды.
Ойын: «Сөйлемді жалғастыр».
Бидайды егіп, күтіп-баптайтын адам - ... .
Піскен бидайды жинайтын техника - ... .
Бидайдан ұн тартатын жер - ... .
Ұннан нан пісірілетін жер - ... .
Д/ойын: Ас атасы нан
М: Нан жайлы білімдерін бекіту.
Қортындылау:
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан бидай дәндерін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі; сызба арқылы жұмбақ шеше алады.
Нені игерді; Нанның дастарқанға келу жолын тізбектеп айтып бере алады.
Нені білу керек: Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды

