Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің
технологиялық
картасы
Өткізілген күні:
|
Білім беру
саласы:
|
Коммуникация
|
|
Бөлімі:
|
Сөйлеу
дамыту.
|
|
Тақырыбы:
|
Мектептегі
оқиға
|
|
Мақсаты:
(Даярлық)
|
Суреттерді іс –
әрекетті сипаттап, кейін салыстырып, оларды әңгімелей білу.
Тақырыпқа сай мақал - мәтелдермен танысып, мағынасын ашып
жаттау
|
|
Мақсаты:
(Ересек)
|
Суреттерді іс –
әрекетті сипаттап, кейін салыстырып, оларды әңгімелей
білу.
|
|
Міндеттері:
|
1.Мақалдардың мағынасын
түсініп жаттауға үйрету.
2.Мектепке деген
қызығушылықтарын дамыту.
3.Білім ошағы мектепке деген
сезімдерін ояту
|
|
Әдіс-тәсілдері:
|
Әңгіме-леу, түсіндіру,
сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, жұмбақ
шешу,
Мнемотех.әдісі
|
|
Көрнекіліктер:
|
Тақырыпқа сай суреттер, ойын
заттары, таратпалы заттар, сызба
|
|
Билингвальдық
компонент:
|
мектеп – школа –
school
|
Кіріспе
бөлім:
Педагог балаларды ортаға
шақырып, шаттық шеңберін Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық»
өлең шумақтары арқылы жасатады.
Кел, балалар,
оқылық!
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық!
Оқысаңыз,
балалар,
Шамнан шырақ
жағылар,
Тілегенің
алдыңнан
Іздемей-ақ
табылар.
Кел, балалар,
оқылық!
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
Педагог:
- Сендердің мектепте оқитын
аға, әпкелерің бар ма?
- Ендеше сендер сияқты Бақыт
атты баланың басынан кешкен оқиғасын айтып берейін. Сендер мұқият
тыңдаңдар.
Негізгі
бөлім:
Мектептегі оқиға Бүгінгі күн
күндегідей басталды. Жанар мектеп формасын киіп, мектепке жиналды.
Бақыт Жанардың бес жасар інісі. Жанардың соңынан қалар
емес.
- Әпкетай, мен де мектепке
барайыншы.
-
Болмайды.
- Менің де мектепке барғым
келеді.
- Жоқ,
болмайды.
- Сөмкеңді
көтерсем?
- Жоқ дедім ғой,
болмайды.
Бақыт Жанар есіктен шыға бере
айғайға басып жылай бастады.
- Мен де
барам!
Осы кезде әжесі қастарына
келіп:
- Жанаржан, бұл бала енді
түске дейін жылайды. Мүмкін ертерек барып сыныбыңды,
мектебіңді
көрсетіп таныстырарсың, бір
көріп қайтсын, - деп өтінді.
Жанар үлкендерді сыйлайтын,
әжесінің көңілін қимады.
- Жарайды, тек тезірек,
мұғалімім келгенше үлгерейік. Бақыттың қуанышында шек жоқ, Жанардың
соңынан жылдам басын еріп келеді. Міне, асыға күткен мектепке де
кірді.
Педагог: Балалар, қалай
ойлайсыңдар, Бақыт мектептің ішінде не көрді? Сыныпта қандай оқиға
болды? Балалар жалғастырады.
1-тапсырма. Суретке қарап
әңгіме құра. Мектепте не істейсіндер?
Сергіту
жаттығуы:
Дәптерге
жаздық,
Суретті
салдық.
Кітапты
оқыды
Сөмкеге
салдық.
Осылай күнде
біз
Оқу, білім
алдық.
Педагог балаларға әңгімедегі
Жанар мен інісі Бақыттың және әжесінің сөздерін диалог
арқылы
рөлге бөліп айтқызады.
Көптілділік: мектеп – школа – school
2-тапсырма. Суреттерді
салыстыр, екінші сынып бөлмесінде не жетіспейді? Олар не үшін
қажет? Өз сөзіңмен әңгімелеп бер.
3-тапсырма.
Мақалдардың мағынасын
түсін.
Ақыл озбайды, білім
тозбайды.
Оқы да біл, ойна да
күл.
Білекті бірді
жығады,
Білімді мыңды
жығады.
Мақалдың мағынасын бірлесіп
талқылайды.
Қортындылау:
Педагог қорытынды жасайды,
балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап
қорыту. Балалардан қарындаштын түсті қарындашпен бояуын
сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл
қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре
алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға
түсіндіріп бере аламын – жасыл
қарындашпен.
Күтілетін
нәтиже:
Нені біледі; Сұрақтарға жауап
береді, әңгіме құрап айтады.
Нені игерді: Сөздер мен
фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
Нені білу керек: Тыңдаған
мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып
жеткізу