400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тех.карта сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешісіне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Өткізілген күні:


Білім беру саласы:

Коммуникация

Бөлімі:

Сөйлеу дамыту.

Тақырыбы:

Мөлдір бұлақ

Мақсаты: (Даярлық)

Су әлемімен және де суда мекен ететің тіршілік иелерімен таныстыру. Олардың әрқайсысына тән қасиеттерді ажыратуға дағдылау.

Мақсаты: (Ересек)

Су әлемімен және де суда мекен ететің тіршілік иелерімен таныстыру.

Міндеттері:

1.Су асты мекен ететені тіршілік иелерін әрқай-сысының ерекшелігін білу.

2. Тақырыпқа сай сөздік қорларын дамыту.

3. Әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:

Әңгіме-леу, сұрақ жауаптар, ойындар, Мурашов. Тех.6 қалпақ әдісі

Көрнекіліктер:

Тақырыпқа сай суреттер, ойын заттары, 6 қалпақ, дүрбі, таратпалы заттар

Билингвальдық компонент:

өзен – река – river. көл – озеро – lake, теңіз – море – sea



Кіріспе бөлім:

Педагог балаларды ортаға шеңберге тұрғызады.

- Балалар, қараңдаршы, біздің табиғатымыз қандай әдемі. Өзімізді әдемі де сұлу табиғатқа теңеп, шаттық шеңберін жасайық.

- Мен таумын. Бәрінен де биікпін.

- Мен гүлмін. Жұпар иісім бар.

- Мен Күнмін. Жарқырап жылу берем! - деп балалар шаттық шеңберін жасайды.

Педагог: Балалар, мына әртүрлі ғажайып дыбыстарды мұқият тыңдаңдар. Ненің дыбысын естігендеріңді айтып беріңдер.

(Аудиотаспадан сылдырлаған бұлақтың, теңіздің дыбыстары.)

- Дыбыстарды естігенде қайда жүргендей болдыңдар?

- Ненің дыбысын естідіңдер?

- Ал енді мен сендерге «Теңіздегі тіршілік иелері» атты бейнетаспа көрсетемін, сендер өте мұқият болыңдар, көріп болғаннан кейін қандай тіршілік иесін таныдыңдар, маған айтып бересіңдер. Көптілділік: өзен – река – river. көл – озеро – lake, теңіз – море – sea

Негізгі бөлім:

Педагог: Не көргендеріңмен бөлісіп отырыңдар, ерекше әсер беріп, есте қалған не болды?

Ал енді біз су туралы сөйлесеміз.

1. Қалай ойлайсыңдар, су кімге және не үшін керек?

2. Теңіз тіршілік иелеріне нелер жатады?

1-тапсырма. Суретші нені ұмытты? Толықтырып сал.

Сергіту жаттығуы:

Кәнекей, бой сергітіп алайық,

Өзімізді мөлдір суға балайық.

Сай-салада ағып жатқан сарқырап,

Бұлақ болып таудан төмен ағайық.

«Сөзді жалғастыр» ойыны.

Мен қармақпен балық ... .

Теңіз жағасынан шағаланы ... .

Бұлақ сылдырлап ... .

Жылқылар су ... .

Жаңбыр жауып, өзен суы ... .

Аққулар жағаға жақын ... .

Балалар суға ... .

2-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:

Бұл балық, Ақ балық. Ақ балық, Қылтаны көп балық.

3-тапсырма. Суреттегі тізбекті есіңе сақта. Дәптерді жауып, шатастырмай айтып бер.

Логикалық ойын: «Тура мағынасын айт». Педагог балаларға ауыспалы мағынадағы сөздер

айтады, балалар тура мағынасын айтуға тырысады. Мысалы: Жылы сөз - жылы күн; Алтын бала - алтын сырға; Қара шаңырақ, қара ниет – қара шалбар; Ақ жол, ақ ниет - ақ орамал; Жұмыстың аяғы - жүретін аяқ; Бұлақтың көзі - адамның көзі; Суық хабар - суық жел.

4-тапсырма. Суреттен суда мекен ететіндерді ата. Оларды судың суретімен қос.

5-тапсырма.

Мақалдың мағынасын түсініп ал.

Судың да сұрауы бар.

Бұлаққа бұлақ қосылса, «егізбіз» дейді.

Көлге көл қосылса, «теңізбіз» дейді.

Өзен суын жаңбыр тасытады,

Адам қадірін еңбек асырады.

Су анасы – бұлақ, сөз анасы – құлақ.

Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды.


Қортындылау:

Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан балықтын түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Қосымша 6 қалпақ әдісін қолдану.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі; Көргендері бойынша әңгімелеп бере алады.

Нені игерді: Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсінеді, оларды сөйлегенде қолданады

Нені білу керек: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
840
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі