400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тех.карта сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешісіне қажетті мағлұматтар
Материалдың қысқаша нұсқасы




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Өткізілген күні:


Білім беру саласы:

Коммуникация

Бөлімі:

Сөйлеу дамыту.

Тақырыбы:

Атамның ауылында

Мақсаты: (Даярлық)

Ауыл тіршілігімен таныстыру. Үй жануарлары мен олардың адамға тигізетін пайдасы туралы мағлұмат беру.

Мақсаты: (Ересек)

Үй жануарлары мен олардың адамға тигізетін пайдасы туралы мағлұмат беру.

Міндеттері:

1.Үй жануарлары жайлы білімдерін бекіту.

2. Үй жануарлары беретін пайдалы тағамдарға қызығушылықтарын арттыру.

3.Үй жануарларына қамұор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:

Әңгіме-леу, сұрақ жауаптар, ойындар, Мурашов. Тех.6 қалпақ әдісі

Көрнекіліктер:

Тақырыпқа сай суреттер, ойын заттары, 6 қалпақ, дүрлі, таратпалы заттар, жазу құралдары

Билингвальдық компонент:



Кіріспе бөлім:

Шаттық шеңбері

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Ойын: «Теңеуді кім тез табады».

Шарты: Кез келген заттың қасиетін айтады, балалар оны басқа бір затқа теңейді.

Мысалы, аппақ – қардай не сүттей деп жауап береді. Тәтті – балдай, қатты – тастай, жұмсақ – мамықтай, ащы – удай.

– Балалар, біз тәтті, дәмді, пайдалы тағамдары бар атамыздың ауылына барайық.

Айтады ертек жан атам,

Ақ сақалын салалап.

Құмарымды тарқатам,

Жер мен көкті аралап.

Негізгі бөлім:

1-тапсырма. Сурет бойынша әңгімеле. – Жылқышы нені бағады?

– Бақташы нені бағады?

– Айналасында қандай жануарлар жүр?

– Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

– Төрт түлік несімен пайдалы?

– Ет пен сүттен қандай тағамдар жасалады?

Жұмбақ шешейік.

Әжем қайнатып,

Уыстап түрге келтірген.

Қатты әрі дәмі ащы,

Далада кептірген. (Құрт)

Сылдыр сұйық, су емес,

Ішсең шөлің қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? (Сүт)

2-тапсырма. Суреттерді сәйкестендір. Қайсысы не береді?

Ойын: «Пантомима».

Тәтті, дәмді, ыстық, ащы, қышқыл, иісі жақсы, қатты сөздерін ыммен келтіру.(Дүрбіні қолдану)

3-тапсырма. Ортақ атауын тап.

Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозаңды қуамын.

4-тапсырма. Суреттегі заттарды тізбек бойынша түсіндіріп бер. Бидай, ұн, печенье. Тауық, жұмыртқа, қуырған жұмыртқа. Сүт, айран, құрт. Дән, түйін, қияр, тұзды қияр.

Д/ойын. Төлдерін тап

Мақсатты: Жануарлар жайлы білімдерін бекіту


Қортындылау:

Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан ерді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Қосымша 6 қалпақ әдісін қолдану.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі; Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

Нені игерді йтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау, тілдесудің вербалды емес құралдарын қолдану (ым, ишара және т.б.)

Нені білу керек: Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
3187
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі