400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тех.карта сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешісіне арналған тех.карта
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Өткізілген күні:


Білім беру саласы:

Коммуникация

Бөлімі:

Сөйлеу дамыту.

Тақырыбы:

Мектеп ауласында

Мақсаты: (Даярлық)

Жұбымен бірге әңгіме құрастыруды үйрету. Жаңа сөздермен таныстыру. Мектептің ауласындағы болатын заттарды атап, әңгімелеу

Мақсаты: (Ересек)

Жаңа сөздермен таныстыру. Мектептің ауласындағы болатын заттарды атап, әңгімелеу.

Міндеттері:

1. Қоршаған ортасын сипаттай алуға дағдылау.

2.Сөздік қорларын дамыту.

3. Достықмен ұжымды-лыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:

Әңгіме-леу, сұрақ – жауап, түсіндіру, жұмбақ, ойындар.модульдік тех. Жұмбақ- тар

Көрнекіліктер:

Тақырыпқа сай суреттер, ойын заттары, сызба жұмбақтың, таратпалы заттар

Билингвальдық компонент:

аула – двор – yard



Кіріспе бөлім:

Келіңдер, келіңдер,

Шеңбер құрып беріңдер.

Ортаға түскен бұл допты,

Бір-біріңе беріңдер, - деп

педагог балаларға тілек айтып, допты қасындағы балаға беріп, әрі қарай жалғастыруларын сұрайды. Балалар бір-біріне жақсы күн тілеп, допты береді. Педагог балаларға ым-ишаратпен, қимылмен іс-әрекет көрсетеді, ал балалар не істеп жатқанын табады.

1. Педагог гүлдерге су құйып жатқанын келтіреді.

2. Жүгіріп футбол ойнап жүргенді.

3. Секіріп баскетбол ойнағанды көрсетеді.

4. Ағаштарды түптеп жатқанын көрсету.

Ойынды балалар жалғастырып, теннис, хоккей, шаңғы тепкенді қимылмен, ишарамен келтіреді.

Негізгі бөлім:

Педагог слайд арқылы мектеп ауласын көрсетеді. Балалар суретке тақырып қойып, әңгіме құрайды.

1. Мектеп ауласынан не көріп тұрсың?

2. Спорт алаңы қай жерде орналасқан?

3. Спорт алаңында кімдер жүр?

4. Аулада нелер өсіп тұр?

5. Ауладағы өсімдіктерді кім күтеді?

6. Аула тазалығына кім қарайды?

Көптілділік: аула – двор – yard

1-тапсырма. Суреттердің ішінен өз мектебіңнің ауласында бар заттарды белгілеп көрсет.

Сергіту сәті:

Доп ойнауға лайық

Мектеп ауласына шығайық.

Жүгіріп доп тебеміз,

Футболдан біз жеңеміз.

Баскетболда достармен

Доп лақтырып ойнаймыз.

Нысананы дәл көздеп,

Доп түсірмей қоймаймыз.

Тіл ұстарту:

Ол-ол-ол – бұл мүшеміз қол,

Ол-ол-ол – бұл, әрине, гол.

Оп-оп-оп – мұның аты доп,

Оқ-оқ-оқ – бұл қып-қызыл шоқ.

Педагог балалардан өз ауласында нелер бар, әңгімелеп берулерін сұрайды.

– Қандай ойын түрлерін ойнайсың?

– Аулаң саған ұнай ма?

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. «Сабақ», «спорт алаңы», «достар», «футбол» сөздерін қолданып мектеп жанындағы спорт алаңы туралы әңгімеле.

3-тапсырма. Мектеп ауласында достарыңмен бірге қандай қозғалыс ойындарын ойнайсыңдар? Балалар өздері ойнайтын ойын түрлері, ойын кезіндегі өзара сыйластық туралы әңгімелейді. Содан соң оқу құралында берілген суретке қарап, балалардың қандай ойын түрін ойнап жатқанын айтады. Ол ойынның шартын естеріне түсіреді.

4-тапсырма. Берілген допты боя. Басқа доп түрлерінің суретін сал.


Қортындылау:

Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан допты түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Қосымша 6 қалпақ әдісін қолдану.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі; Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

Нені игерді: Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау, тілдесудің

вербалды емес құралдарын қолдану

Нені білу керек: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі