400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тех.карта сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Блабақша тәрбиешісіне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Өткізілген күні:


Білім беру саласы:

Коммуникация

Бөлімі:

Сөйлеу дамыту.

Тақырыбы:

Мен білімді баламын

Мақсаты: (Даярлық)

Суреттегі іс – әрекеттерді сипаттау білу.Артық заттарды ажырата білуге үйрету. Мақал – мәтелді мағынасын біліп, жаттауға дағдылау.

Мақсаты: (Ересек)

Суреттегі іс – әрекеттерді сипаттау білу. Артық заттарды ажырата білуге үйрету

Міндеттері:

1. Мақал – мәтелді мағынасын біліп, жат-тауға үйрету.

2.Танымдық қабілеттерін дамыту.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:

Әңгіме-леу, сұрақ жауаптар, ойындар. Веен диаграмасы

Көрнекіліктер:

Тақырыпқа сай суреттер, ойын заттары, жазу құралдары

Билингвальдық компонент:

Білім – знание - knowledge


Кіріспе бөлім:

- Балалар, көңіл күйлерің қандай? Өз көңіл күйлерін эмоциямен, ым- ишарамен, қимыл-қозғалыспен көрсетуді сұрайды.

Педагог:

- Менің де көңіл күйім өте жақсы. Өйткені білімге құмар, талантты, талапты балалармен бүгін тағы бірге боламын.

- Балалар, білімді бала болу үшін не істеу керек?

- Сендер өздеріңді білімді баламын деп айта аласыңдар ма? Тақтадағы суретке назар аударыңдар,

суретке қарап әңгіме құраңдар. Балалар қайда жүр деп ойлайсыңдар? Мектепте оқитын балаларды кім дейміз? Өздеріңнің аға, әпкелерің бар ма? Олар қайда оқиды?

Негізгі бөлім:

1-тапсырма. Суреттегі балалардың іс- әрекетінің қайсысын жасай аласың, сол суретті белгіле. Өзің белгілеген сурет бойынша әңгімелеп бер.

Көптілділік: үйрету - учить - to teach

Тіл ұстарту: (л, р)

Ла, -ла, -ла - ол білімді бала

Ла, -ла, -ла - салынып жатыр қала

Ла, -ла, -ла - жайнап тұр ғой дала

Рет, -рет, -рет - бала салды сурет

Тер, -тер, -тер - алып келдім дәптер

Дар, -дар, -дар - келді біздің қыздар

Тыр, -тыр, -тыр - біздің Қайсар батыр

«Р»-ға тілің келе ме?

Қаламқасқа «тұр», - деші,

Қарындашқа «жүр», - деші.

«Қара қарындашты Қаламқас алып тұр», - деші,

Ал енді өзің-ақ «Р-р-р-р», - деші.

Сергіту сәті:

Қаламсапқа кәнекей

Өзімізді теңейік.

Ақ қағазға жүгіріп,

Жазу жазып көрейік.

Сөз соңына келгенде

Нүктені де қояйық.

Керек болса егерде

Суретті де бояйық.

Педагог балалардан оқу үшін қандай оқу құралдары қажет екенін сұрайды. Балалардың жауабын тыңдағаннан кейін оқу құралдары туралы әңгіме айтып береді.

Танысу

Оқу құралдары - дәптер, кітап, қалам, қаламсап мүлде бір-бірін танымайды екен. Райхан әже немересі Ләйлаға сыйлық жасамақ болып, дәптер, кітап, қарындаш, қаламсап сатып алады. Сатушы оларды бір сөмкеге салып береді. Сөмке ішінде кездескен оқу құралдары бір-бірімен жөн сұрасып, танысыпты. Тіпті неден, не үшін жасалғандарын да айтыпты... Педагог әңгіме желісін тоқтатып, ықылас білдірген балаларға оқу құралдарының атрибуттарын кигізіп, қайсысы өзін қалай таныстыруы мүмкін диалогті сұрақ-жауап арқылы сахналап жалғастыруларын сұрайды. (Балалар кітап, дәптер, қарындаш, қаламсап ретінде өздерін таныстырады.)

2-тапсырма. Қуаныш сөмкесіне қандай заттарды салады? Сызықпен қосып көрсет.

3-тапсырма. Артық затты сыз. «Төртіншісі артық» ойыны.

4-тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсініп ал.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Күш – білімде, білім – кітапта.

Педагог балалармен бірге мақалдардың мағынасын талқылайды.

Д/О: менің көңіл – күйім

М: Оқу іс - әрекетінен алған әсерлерін айта білуге дағдылау.

Қортындылау:

Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын

бағалап қорыту. Балалардан арқақоржынның суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызылқарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен..


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі; Сұрақтарға жауап береді, диалогпен сөйлесе алады.

Нені игерді; Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжауды игерді

Нені білу керек: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі