400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тех.карта сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешісіне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Өткізілген күні:

Білім беру саласы:

Таным

Бөлімі:

ҚМҰҚ

Тақырыбы:

Көліктер. Фигуралар мен заттардың пішінін атаймын

Мақсаты: (Даярлық)

Пішінмен заттарды сәйкестендіре білуге үйрету. Пішіндерді көлемі бойынша орналастыра білуге дағдылау.

Мақсаты: (Ересек)

Пішінмен заттарды сәйкестендіре білуге үйрету

Міндеттері:

1.Пішіндер жайлы білімдерін толықтыру, Сәйкестендіре білуге дағыдылау

2.Танымдық қабілеттерін дамыту

3.Таза ұқыпты жазуға тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері:

Әңгімелеу, тапсырмалар, ойын, сұрақ – жауаптар.

Көрнекіліктер:

Тақырпқа сай суреттер, ойын заттары, фигуралар суреттері, жазу құралдары

Билингвальдық компонент:

Пішін - Фигура - figure



Кіріспе бөлім:

– Өткен ҰОҚ-де біз геометриялық фигуралармен таныстық.

«Жамауды таңда» дидактикалық ойыны. Педагог бұл ойынды жиынтық полотноның немесе кесе материалдың көмегімен ұйымдастырады.

– «Жамаулардың» пішіні мен түсі қандай болу керек? Педагог киімдер бейнеленген суреттерді таңдап олардын белгілі бір пішіндегі фигураны қиып алады. Балалар жақындап, киімді жөндейді.

Негізгі бөлім:

Педагог фигуралардың модельдерін көрсетеді

Педагог фигураларға қарауды ұсынады.

– Сендер олардың қайсысын білесіңдер?

– Қайсысы сендерге таныс емес?

– Бұл фигуралардың айырмашылығы бар ма?

– Бүгін біз көлемді денелерді зерттейміз, олардың кейбіреуінің атауымен танысамыз.

1-тапсырмадағы суретке қарауды ұсынады. Жүк тасымалдайтын көлік қалай аталады?

– Қандай жаңа геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар? Олар геометриялық денелер деп аталады. Мұндай денелер текше, шар, цилиндр деп аталады. Педагог геометриялық денелер туралы тақпақтар оқиды. – Əртүрлі көлік түрлерін бейнелеген кезде қандай пішіндегі жəне қандай түсті денелер пайдаланылды?

– Өздерің қандай құрылыстар тұрғыза аласыңдар? (фигуралардың модельдерімен тəжірибелік жұмыс – мұндай мүмкіндік болған кезде).

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз үлгілі баламыз,

– Қалай ойлайсыңдар, біздің кабинетте дөңгелек (текше, цилиндр) пішінді заттар бар ма?

–Оларды атаңдар.

2-тапсырманы Педагог өз бетінше жеке орындауды ұсынады.

3-тапсырманы орындауды ұсынады. Педагог балаларды фигура бір саты жоғары көтерілген кезде бір белгісін өзгертеді деген қорытындыға бағыттайды. Осылайша балалар ақ шардың қандай болып өзгеруі мүмкін екенін табуы керек. Қорытынды жасаудан бұрын «Сиқырлы дорба» ойынын ұйымдастырылады. Көлемді денелер мөлдір емес дорбаға немесе қорапқа жасырылады. Балалар қолмен ұстап, сипалап, нені алғанын анықтауы тиіс. Қандай фигураны алғанын сипаттауға болады.


Қортынды:

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: геометриялық фигураларды біледі

Нені игерді: үлгі бойынша шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектер құрастыруды игерді

Нені білу керек: шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектерді өз

бетінше құрастыруды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
882
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі