Пән аты :
Информатика
Сынып :
7
Сабақтың тақырыбы :
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын
ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты
:
Білімділік
- Есептеуіш техникасымен
жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.
Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру ережелерімен таныстыру.
Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен
таныстыру.
Дамытушылық
– Оқушылардың өздерін
кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек
көрсете білу қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік
– оқушыларды ұқыптылыққа,
тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, нұсқау
беру журналы, презентация (пректорда көрсетіледі), видео,
интерактивті тақта.
Сабақтың
барысы
І. Ұйымдастыру
кезеңі
ІІ. Сабақтың мақсаты мен
міндеттерін қою
ІІІ. Жаңа сабақты
оқып-үйрену
Жұмыс істеу алдындағы
қауіпсіздік ережелері
Рұқсат етілмейтін
іс-әрекеттер
-
Кабинетке сырт киіммен,
былғаннан аяқ киіммен, үлкен заттармен
кіруге;
-
Кабинетте жүгіруге, қатты
айқайлап сөйлеуге;
-
Басқа оқушыларға кедергі
келтіруге;
-
Үстелге портфель мен
сөмкелер қоюға;
-
Өтетін жолдарды
бөгеуге;
-
Желі сымдарын
қосуға;
-
Компьютердің құрылғыларын
қосып, ажыратуға болмайды.
Компьютермен жұмыс істеу
кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Рұқсат етілмейтін
іс-әрекеттер
-
Өз бетіңмен желіні
қосуға;
-
Өзіңді нашар сезінгенде
жұмыс істеуге;
-
Сынған техникамен жұмыс
істеуге;
-
Кабельді қосып,
ажыратуға;
-
Ылғал және лас қолмен жұмыс
істеуге;
-
Мониторларды, кабельдерді,
құбырларды, батареяларды ұстауға;
-
Пернетақтаға бірдеңе
қояға;
-
Өз бетінмен сынғанды
жөндеуге болмайды.
Мұғалімнің
рұқсатынсыз:
-
Мониторлар мен
компьютерлерді қосып, өшіруге;
-
Құлаққаптарды
қосуға;
-
Бөгде программаларды
қосуға;
-
Ғаламтор желісіне
қосылуға;
-
Мұғалімдердің үстелінен
тасығыштарды алуға;
-
Мұғалімнің компьютерінде
жұмыс істеуге болмайды.
Үзіліссіз жұмыс істеу
уақыты
7-сынып оқушылары үшін
үзіліссіз жұмыс істеу уақыты 25 минут, ал күніне жалпы жұмыс уақыты
90 минутты құрайды. Экран мен көздің ара қашықтығы 60-70 см болуы
керек.
Компьютерде жұмыс аяқталған
кездегі қауіпсіздік ережелері
-
Жұмыс орнын ретке
келтіру;
-
Барлық программалардың
терезесін жабу;
-
Орындықтарыңды жылжытып
орнына қою;
-
Берілген тапсырма
жұмыстарын мұғалімге қайтару;
-
Қажет болса компьютерді
өшіруге;
ІV. Сергіту
сәті.
Көзге арналған жаттығулар
көрсетіледі. (презентация)
Қол саусақтарына
арналған жаттығулар
-
Алақанды
уқалау.
-
Қолды
қысу
-
Білезіктен
айналдыру
Көзге арналған
жаттығулар.
Көзіңмен ақырын оң жаққа,
жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым
жаса
Көзді талдыртпау және
шаршатпау жаттығулары:
Бірнеше ондаған минут
қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген
кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады,
көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы
жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау
керек.
Көздің талуын болдырмау
жаттығулары:
-
Қарау бағытын өзгерту:
алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға,
төмен-жоғары.
-
сағат тілі бағытымен және
қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.
-
Көзді жұмып, қолмен жауып,
1-1,5 минут отыру.
Шаршауды болдырмау
жаттығулары:
-
Сағат тілі бағытымен және
қарсы бағытта басты айналдыра бұру.
-
Басты кезекпен екі жаққа
бұру.
-
Саусақтарды жұмырыққа жұму,
қолдың ұшын босаңсыту.
-
Оңға-солға бұрылып, қолды
сермеп, керіліп-созылу.
V.Сабақты
қорытындылау