Менің атам тыл ардагері
Ұлы Отан
соғысының аяқталғанына 75жыл. Жылдар
өтсе де қаншама жандардың жүрегінде
соғыстан қалған жарасы бар. 9 мамыр
мереке күндері жақындағанда ата-әжемнің
үйіне барып қуанышты бірге тойлап
қайтатынбыз. Биылғы жылға ТЖ кедергі
болмаса атамнан жазып алатын құнды
жазбаларым жоспарда болатын. Бұрынырақ
оқушы кезімде есіткен ой тізгінін
босатып көрейін. Атам Тулебаев Кошкар
(Абдіғаппар) Толебайұлы (жеңгелері
атаған)1930 ж.15қаңтарда Тошкент облысында
дүниеге келген.Балғын балалық шақтары
осынау зұлмат жылдармен тұспа-тұс келген
жанның бірі.Әжем менің алтын құрсақты
«Батыр Ана" . Бірге 1956жылдары отбасы
болып бастарын қосқан,Сарыағаш ауданында
Жібек жолы ауылының тұрғындары, қазіргі
таңда үлкен жанұя қариялары. Ұрпақтарының
санының санағы жоқ немере мен шөбере,
шөпшекті(кітап жазса болады). Атамның
соғыс жайлы сөз сөйлеуінің өзі соғыс
уақытында болған сәттерді көз алдына
еске түсіріп жатқанын есейе келе
түсінетінмін.Соғыс басталғанда буыны
қатаймаған бала екен.Жанұяда жеті
ағайынды болған. Ұлдардан ересектеуі
(ағасы екеуі) ерте тыл жұмыстарына
араласып кеткен.Соғыс басталғанда
әкесі,бабасы қару асынып майдан шебіне
аттанса , балалар мен аналар колхоздың
қара жұмысын дөңгелетіп, тылдағы еңбекті
үлкендермен бірге бөліскен.Сол қиын
қыстау кезеңнің куәгерінің бірі менің
атам мен әжем. Соғыс аяқталғанда небәрі
атам 15, әжем 10жаста болған. Атам жастайынан
трактор айдаған колхозда. Тоқсанның
төрінен асқан атамның өсиет өнегелі
сөздері менің үнемі жадымда тұрады.
Әкесі соғысқа кетіп Ленинград маңында
шайқаста болған , соғыс жылдарында
хабарсыз кеткендегі уақыттардың(әке
хабары туралы білмей) өтпей тұрып алған
кездерді күрсіне баяндап беретін.
Соғыстың соңына қарай әкесі екі құлағы
есітпей оралған. Әскерлерге тамақ алып
бара жатқанда снаряд түсіп ауыр һалде
госпитальда жатқан деседі.Амандықпен
келгенімен құжаттардың дұрыс жазылмауы
немесе арабша жазулармен жазылу барысында
қателіктер орын алғаны бойынша атамның
әкесі наградасыз даңқсыз-ақ 95 ке келіп
өмірден өткен. "Қарапайымдылығы сонша
еңбекпен және Алланың берген сынықшылығымен
Мәскеу-Туркия қалаларына танымал
сынықшы атанды" ,еңбекпен ғана адам
көгереді деп отырады атам. Өзінің балалық
шағы бірден есейгендігін білмей қалғанда
болар деп ойлаймын атамды.Елдің басына
түскен сұрапыл заманда тылдағы қара
жұмысқа жегілген бозбалалар және
жанұясының амандығына аналарына көмек
берген әрбір күндері көз алдында тұрғаны
қаһ. Бүгінде менің атам мен әжем
әулетіміздің шешірелі қазынасы және
тыл, еңбек ардагері. 6 ұл және 4 қыздарын
барлығын жоғарғы оқу оқытып, бір-бір
үйдің тасындай орнықтыруда атам мен
әжемнің ерен еңбегі жатыр.Атамның
қоғамдық сельпода еткен еңбектері мен
Сарыағаш ауданына қосқан үлесі ұшан
теңіз. Ол туралы деректер бөлек әңгіме.
Мен ата – әжемді мерекемен құттықтаймын
, денсаулық тілеймін! Арамызда жүре
беріңіздер аман болып. Мен атаммен
мақтанамын және ардақ тұтамын!
#Жеңіске
75жыл.
#Атам менің
"Тыл ардагері".
#Біз біргеміз!
#Біз үйдеміз!