Қашықтықтан
оқыту - заман талабы
Қашықтан
оқыту жүйесінің қажеттілігі туындауы
оқушы көзіммен қарағанда заман талабы
болып тұр.
Қашықтықтан
білімді болу үшін: Адам-Компьютер-Ғаламтор
қағидасына зер салатын болсақ:
Адамзат
баласы XXI ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық
технология мен телекоммуникация
құралдарының жедел түрде дамып, әлемде
ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуі
салдарынан білім және технологияның
жаңа салалары қарқынды дами бастауы
біздерге көптеген ғылымдар көздерін
жақындатты, мысалы:Нанотехнология-жасанды
интеллект, роботтық кезең.
Жаңа
ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі
барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім
деңгейін жетілдіріп отыруы, қажет болса:
өз біліміне жақын, тіпті жаңа мамандықты
игеріп отыруды талап етеді. Осылайша
кез келген саладағы мамандарға қойылатын
талаптар да өзгереді.Карантин жария
етілгеннен бері мұғалімдер тынбай
жан-жақты іздену жолында жүргенін
оқушылар IV тоқсан басталғанда керемет
сезіне бастадық. Күнделікті оқушылармен
бір сынып ішінде отырмай, қашықтан
араласып білім алатынымыздың дұрыс
тиімді жолдарын аяулы ұстаздарымыз
мықты жауапкершілікпен қолға алғанын
көрдік.
Қашықтан
оқыту (қашықтан білім беру) - оқыту
формаларының бірі ретінде электрондық
және телекоммуникациялық құрылғыларды
пайдалану арқылы оқу танымдық қызметтері
әдістемелік тұрғыдан жан-жақты және
жеке тұлғаны дамыту барысында алыстағы
білім беру мекемелеріндегі ұйымдастырылған
оқыту процесі екенін ұстаздарымыз бізге
түсіндіре отырып жұмыстарын бастап
кетті.
Қазіргі
таңдағы болып жатқан індетті болдырмау
үшін мұғалімдер бірден қашықтықтан
оқытуға бейімделуі және біздерге
білімді қашықтықтан игертуі, оқушы
қауымының бойынан оқу барысында
жауапкершіліктің оянуына септіктері
тиді.
Мұғалімдерім өз пәндерімен қоса
техникалық білім және білім беру
педагогикалық дағды- әдістерді терең
меңгерген ұстаздар.
Теледидар
күн тізбесінде берілген сабақтардан
басқа мұғалімдердің бізге берген қосымша
мағлұматтары Bilimland, Opiq.kz, Kundelik.kz, Kahoot,
learning.APP, Darun.kz платформалары арқылы
кеңінен білім алып келеміз.
Әрине
мектепке ,қоңырауға, сыныптастарға
деген сағыныш басым болғанымен #Біз
біргеміз!, #Біз үйдеміз! Әр оқушы
сабақттарын асыға күтетініне мен сенемін
, қашықтықтан оқу барысында өз басым
көптеген түйіндерге шешімдерін таба
білдім. Әдеби кітаптар оқу, іздену,
жауапкершілікті арттыру т.с.б
Ақырын
жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес
далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
,
Үйретуден балаға деп ұлы ақын Абай
Құнанбайұлы
Осыған
орай мен мектебіміздің әр қайсысы бір
тұлға ұстаздары туралы өз эссемде жазып
өткім келеді, келешекте журналист
мамандығын игеру арманым.
Мысалы:
Информатика пәнінен жетекшілік жасап
техникалық білімімді шыңдап келе жатқан
үштілді терең меңгерген Тулебаева
Шолпан апайым және қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Абайтанушы Молдаханова Гауһар
және тарих пәнінің мұғалімі Батырбекова
Гүлбахар апайларымның сабақтарынан
үзінді көрсете кетемін.
Сабақтарда
барлық АКТ мүмкіндіктерін (видео,
байланыс құралдары, сызба көрсеткіштер,
платформалар) қолдану барысында
мұғалімдердің еңбектерінен көруге
болады.
Информатика
пәнінен үзінді
Қ
ашықтықтан
оқыту барысында Ұстаздарым
өздерінің жан-жақтылығын іспен көрсетіп
АКТ білімдерін қолдануда оқушылардың
үлгілі феноменіне айналды, қазір біздер
мұғалімдерді әрі диктор ,әрі журналист,
әрі білім мен оқушы арасындағы білімдік
байланысты жалғастырушы шуақты тұлға
ретінде көреміз.Мектебіміздің
ұстаздарына оқушылар атынан мың алғыс
айтамын!
Б.Өтеп
атындағы мамандандырылған «Өнер»
мектебінің
9
сынып оқушысы Бөрібай Шұғыла