жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Техникалық механика негіздері
Сабақ жоспары
Күні:
Тобы :
Пәнің атауы: ___Техникалық механика негіздері
Оқытушы: Дюсенбаева Т. А.
Сабақтың тақырыбы: Деформация және оның түрлері. Иілу. Иілу кезіндегі мүмкіндік кернеуі.
Сабақтын мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Студенттерге бүгілу туралы, деформация туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық мақсаты:_ Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып , өз ойын айта білуге , жүйелі түрде ойлауға ,ізденуге
бағыттау , білімге деген құштарлығын арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа , ізденіп шешім қабылдауға , ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге , біріне –бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтын типі: аралас
Оқыту әдісі: білімді жинақтау, жүйелеу, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс_
Тексеру формасы:_Сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: _ интерактивті тақта, таратпа кестелер, слайдтар анықтамалық плакаттар.
Сабақтың кезеңі:
1. Ұйымдастыру кезеңі:__3 мин Кабинетке кіріп студенттермен амандасу, түгендеу,формаларына назар аудару, кабинет даярлығы, жаңа материал түсіндіру, бекіту, бағалау, үй тапсырмасын беру.
Үй тапсырмасы:_30 мин. Автобус аялдамасы.
Кинематика туралы ұғым
Динамиканың негізгі заңдары
Ньютон еңбектері.
«Инерцияны айыптау» көрініс. Сократтық семинар.
3. Жаңа тақырып:
Машина жасау өнеркәсібінде, құрылыста ұзындық өлшемі қима аудан өлшемдерінен әлдеқайда жоғары бөлшектер жиі кездеседі, оларда бұрынғы тарауларда сырық (кеспе, бөрене) деп атадық. Ал егер олар белгілі бір тірекке орналасып, көлденең түскен күштерді, жүктерді ұстап тұрса, олар арқалық болады Әрине, бұл арқалық түскен күштердің әсерінен иіледі, майысады.Көлденең түскен күш арқалыққа шоғырланған немесе бірқалыптытаралған күйінде немесе бір нүктеге түскен күш моменті ретінде түседі.Ал енді осындай немесе күш моменттері түскен арқалықтың қима ауданын есептеу, иілуге жұмыс істейтіңн конструкциялары қалай құру мәселелеріне көшейік. Ол үшін алдымен тіректердің түрін және оларда пайда болатын реакциялық (сыртқы күшке қарама-қарсы әсер ететін) күштерді анықтау жолдарын қарастырайық.
Тіректердің түрлері және оларға түсетің реакция күштерін анықтау.
Арқалық ретінде машина жасау өнеркәсібінде білікті, осьті, ұзынша келген жүк көтергіш виннтерді(мысалы, домкраттағы,виннті престегі ж.т.б.), қабырғаға бекітілген діңгектерді,кронштейндерді алсақ,ал қүрылыс өнеркәсібінде еденге төсейтін тақтайдан немесе оны ұстап тұратын бөренеден бастап, этаж аралығын бөлетін темір-бетон алынады.
Осыған орай арқалық деп, иілуге жұмыс істейтін ұзын денелірді айтуымызға болады. Міне осы арқалықтардың барлығы тіректерге түрде орналасады немесе сүйенеді. Арқалық тіректерге қозғалмайтын, қозғалмалы түрде орналасады. Ісжүзінде кездесетін тіректер шартты түрде топсалы жылжымайтын топсалы жылжымалы) және ұшы біртұтас бекітілген деп бөлінеді.
Осы тіректердің қозғалу мүмкіншілігіне байланысты әр түрлі реакция күші пайда болады. Егер арқалықтың бір ұшы бекітілген болса, онда ол оған түсетін күштің бағыты қандай болсада қозғалмайды. Түскен күштердің немесе күш моментінің бағыты мен түріне байланысты онда екі реакция күш моменті пайда болады. Ал топсалы жылжымайтын тірек арқалықты бір орнында ұстайды, жылжытпайды, бірақ ол тірекке топса арқылы орналасқан, сондықтан арқалықтың өз осінің бойымен айналуына мүмкіншілігі болады. Осыған орай айналу моменті әсер еткен жағдайда, реакциялық күш моменті (сыртқы күш моментіне қарама-қарсы күш моменті) пайда болмайды. Бұл тіректе екі реакция күш моменті ғана пайда болады Сонымен қатар, топсалы жылжымалы тіректерде тек бір ғана реакция күші пайда болады, сесебі олар өз осьтерінің бойымен айналуымен бірге OX осі бойында қозғалу мүмкіншілігі болады.
Барлық жағдайда осы тіректерде пайда болатын реакция күштері мен моменттерді анықтау үшін статикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын теңдеулерді пайдаланамыз.
ΣM=0, ΣX=0, ΣY=0.
Иілу кезінде қима ауданында пайда болатын ішкі күштер
Егер арқалыққа көлденең күштер әсер етіп, ол иілуге жұмыс істейтін болса, оның қима ауданында сол сыртқы күшке қарсы әсер ететін ішкі күштер пайда болатыны сөзсіз. Ал енді осы күштердің шамасын анықтайық, ол үшін көлденең күш әсер ететін арқалықты қарастырайық (15.5-сурет). Алдымен жоғарыдағы әдістермен арқалық тірегіндегі реакция күштерін анықтап аламыз. Одан соң А тірегінен x қашықтықта қима жүргіземіз, бұл қима RA реакция күшінен бөлек кем дегенде тағы бір күшті қамтуы керек, былайша айтқанда А нүктесінен оңға қарай арқалық бойымен жылжып отырып, F1 күші түсетін нүктеден асырып барып жүргізуіміз қажет. Енді екіге бөлінген арқалықтың бір бөлігін қалдырып екінші бөлігін бөліп аламыз. Олай ету үшін, статика заңы бойынша алынып тасталған екінші бөлікті күш моментімен алмастырамыз. Бұл жағдайда арқалықтың сол жақ бөлігі үшін, оның тепе-теңдік жағдайда болу шарты бойынша төменгі теңдікті жазамыз
ΣY=0, RA – F1 – Q=0, Q=RA – F1.
Бұл күшті көлденең күш деп атаймыз. Ал енді екінші теңдеуді х қашықтықта алынған I – I қима өтетін нүктеге байланысты жазамыз
ΣMx=0, -F1(x-a)+RA x – Mx=0,
Mx= RA x- F1(x-a).
Егер арқалықтың оң бөлігін алып, осы әдіспен теңдеу құрып, көлденең күш пен күш моменті Мх –ті анықтасақ, онда да осындай өрнек аламыз. Енді осы қима ауданында пайда болатын сыртқы күшке қарама-қарсы бағытталған көлденең күш (Q) пен күш моментінің (М) таңбаларына келейік. Егер ішкі күш арқалықтың сол жақтағы бөлігін төмен, оң жақтағы бөлігін жоғары ығстыруға тырысса немесе сыртқы күштердің қорытқы күші төменнен жоғары бағытталған болса, онда оның таңбасы оң, ал керсінше теріс болады.
Күш моменттері арқалық доғасын төмен қарай иетін болса, басқаша айтқанда, сол жақтағы қиманы сағат тілінің бағытымен, оң жақ қиманы оған қарсы бұрап әсер ететін болса, онда оның таңбасы оң, ал кері жағдайда таңбасы теріс болады.
15.3. Июші момент, көлденең күш және бірқалыпты таралған күш қатынастары
Бекіту: Кері байланыс. 30 мин. «Джиксо» әдісі. Таратпа жұмыстары арқылы бір-біріне түсіндіру.
Бағалау: 2 мин.
Үйге тапсырма: 3мин .
Қолданылатын әдебиеттер: Инженерлік механика.
Пәнаралық байланыс: Физика. Математика.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген