Шығыс Қазақстан облысы, Үржар
ауданы
«Егінсу орта мектеп - бақша»
КММ
Технология пән
мұғалімі
Саттемирова Зеинепхан
Ганитуллақызы
«Технолог -
банкир» сайыс
сабағы
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін
қалыптастыру, өмірден өз орнын таба білге баулу, экономикалық
ұғымдарды меңгерту.
Дамытушылық
мақсаты: Оқушының білімін дамытып,
пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденістерін
ұлғайту.
Тәрбиелік
мақсаты: Оқушыларды жинақылыққа,
ұйымшылдыққа
тәрбиелейді. Экономикадан
хабардар етеді.
Сабақтың
түрі: Сайыс
сабақ
Сабақтың
әдісі: Топқа бөліп
оқыту.
Сабақтың
көрнекілігі: Тапсырма жазылған
карточкалар, нақыл сөздер, бағалау парағы,
фишкалар, сайыс
шарттары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
жұмыстары
Кіріспе
.
-Елімізде, ауданымызда
қандай Банктер жұмыс істейді?
-Келешекте банкир, банк
қызметкері болғыларың келе ме?
-«Капитал», «Құн»,
«экономика» ұғымдарының мағынасын білесіңдер
ме?
Бүгінгі сабақта бізде топ
құрып, жұмыс жүргізу үшін іскерлік, білімділік
қажет.
Ойын шартымен
таныстыру
-Әр топ (Банк) өз президентін,
топтың атын белгілейді, төс белгі тағу.
-Президент ойынның берілген
тапсырмасы бойынша соңғы шешім қабылдайды.
-Тапсырманы құны оның
қиындығына байланысты өзгеріп отырады.
1000 теңгеден - 10000 теңгеге
дейін.
-Әр топтың (Банк) бастапқы
капиталы 50 мың теңге.
- Егер топ дұрыс жауап берсе,
онда оның капиталы тапсырманың құнына
артады.
-Егер жауап дұрыс болмаса,
онда капитал тапсырманың құнына кемиді.
-Тапсырманың қиындығына қарай
1 минуттан 3 минутқа дейін уақыт беріледі.
-Топтың біреуінің капиталы
таусылса, ойыннан шығады. ( Банкрот. Банк
жабылады)
-Ойын аяқталғанда қай банкте
«ақша» (капитал) көп болса, сол банк жеңімпаз
болады.
Яғни банк өз жұмысын
жалғастырады.
Ұйымдастыру
кезеңі: сынып оқушыларын үш топқа
бөлемін.
1-топ «НұрБанк», 2-топ
«ТемірБанк», 3-топ «ХалықБанк»
Банк жақсы жұмыс істеу үшін өз
қоры (капиталы) болу керек және капиталын
үнемі
арттырып отыру керек.
Мемлекеттен қарыз алуларыңа болады. Қарыз алу үшін
,өз
қорын молайту үшін
тапсырмаларды дұрыс орындай алу керек.
Сайыс
шарттары:
1.кезең «Кім
жүйрік?»
2.кезең «Ойнайықта
ойлайық»
3.кезең «Тыйым
сөз»
4.кезең «Ым –
ишара»
5. кезең «Ұтымды ой – ұшқыр
жауап»
6. кезең
Қорытындылау
Дайын болсақ сайысымызды
бастайық, көмекші оқушы әр банктың бастапқы капиталы 100 000
теңге қолдарыңда. Көмекшінің көмегімен сұраққа дұрыс жауап берген
топқа капитал таратылады.
Арамыздан бір адам сарапшы
белгілеп алайық, бағалау парағына әр топтың капиталын жазып
отырады.
1 кезең «Кім
жүйрік?» Сұрақтар оқылады, қол
көтеріп тез жауап береміз.
құны 1000
тенге
1.Әлемнің екінші ұстазы атағын
алған ғұлама. (Әл – Фараби)
2.Құрамында 95% суы бар
асқазан сөлінің бөлінуін күшейтетін көкөніс?
(Қияр)
3.Матаның неше жағы бар?
(екі)
4.Тігілген киімнің уақытша
иесі. (Маникен)
5.Бір элементтің қайталанып
келуі. (Ырғақ)
6.Жігіттің неше жұрты бар? (үш
жұрты)
7.Ұсақ шыныдан, әр түрлі
тастардан жинастырылған (қиюластырылған) сурет.
(Мозайка)
8.»Өлі табиғат» ұғымын
білдіретін жанр. (Натюрморт)
9.Үш байлық. (денсаулық, ақ
жаулық, он саулық)
2 кезең «Ойнайықта
ойлайық»
1.«Ат тергеу» дәстүрі туралы
не білесіңдер? (Ат тергеу – бұл кісіні
қастерлеп, оны өз айтылуымен атамай, құрметпен атау, оны сыйлау,
қадір тұту.Қазақ әйелдері қайны, қайын сіңілілеріне ат қойған. мыс.
«Еркеқыз», Еркебала» т.б.) Құны 50
мың
2. Амандасу рәсімдері туралы
не білесіңдер? (Амандасу – бейбіт
пейілдің, достық ықыластың белгісі. Оң қолды ұсынып амандасу-
бейбіт пен ықылас, татулықты білдіреді. «Ассалаумағалейкум» - бұл
«Алланың нұры жаусын» деген сөз. Төс қағыстырып амандасу – ер
жігіттердің, батырлардыңшынайы достығын
білдіреді.) Құны 50
мың
3. «Үш жұрт», «үш қонақ»,
«жеті жұт»,» жеті жетім» туралы не
білесіңдер? (Өз жұрты, қайын жұрт,
нағашы жұрт; арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма
қонақ; 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал
қы-рылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала
(жер сілкіну);
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел
жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім).
Құны 50
мың
4.Мына ақша атаулары қай елге
тән? Марка, рупия, лат, драм,шекель. (Германия, Индия, Латвия,
Армения, Израиль) құны 5 мың
5. Сом, крона, гривна,донг,
юань қай елдің ақшалары? (Қырғызстан, Эстония, Украина,Вьетнам,
Қытай) құны 5 мың
6. Сом, лей, иена, манат қай
елдің ақшалары? (Қырғызқстан, Молдавия, Жапония, Әзербайжан) құны 5
мың
3 кезең «Тыйым
сөз»
Қазақ халқының тәрбие
құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды
жаман әдеттер, жат пиғылдар, орынсыз қылықтан, теріс мінездерден
сақтандырып отырған.( Осы тыйым сөздердің мағынасын ашу
керек.)
Конверттегі сұрақтарға
жауап беру. Сұрақ құны тапсырма соңында
жазулы.
1.Табалдырықты баспа, отырма.
(құны 5 мың теңге)
2.Ала жіпті аттама. (құны 5
мың теңге)
3. Үлкеннің жолын кеспе, сөзін
бөлме. . (құны 5 мың теңге)
4 кезең «Ым –
ишара»
Ежелден қалыптасқан әдет
ғұрпыда көңіл аударарлық іс - әрекеттер көп кездеседі. Соның ішінде
сезімді, көңіл күйді, іс – қимылды сөзді ыммен, ишарамен сездіретін
оны дәл бейнелейтін ойлы, қызықты әрі есті ұғымдар бар. (Топ
мүшелері ым – ишараның мағынасын түсіндіруі
қажет.)
1. Ауыз бұртиту. (құны 5 мың
теңге) 1.Арқаға қағу. (құны 5 мың теңге)
2. Бас изеу. (құны 5 мың
теңге) 2. Аяғына жығылу. (құны 5 мың
теңге)
3.Бармақ көрсету. (құны 5 мың
теңге) 3.Алақан жаю. (құны 5 мың теңге)
5 кезең «Ұтымды ой –
ұшқыр жауап» Берілген сұрақтарға мақалмен
жауап қайтарайық.
1. Киіз қазық жерге кіре ме?
(Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге
кіреді.)
құны 10 мың
теңге
2.Шашу мен жинаудың қайсысы
оңай? (Шашу оңай, жинау қиын.)
құны 5 мың
теңге
3. Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді.)
құны 10 мың
теңге
4.Етікті қонышынан басып киюге
бола ма? (Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас.)
құны 10 мың
теңге
5.Шошқа үре ме? (Қорада ит
жоқта шошқа үреді)
құны 5 мың
теңге
6. Жылан інінен қалай шығады?
(Жылы – жылы сөйлесең жылан інінен
шығады.)
құны 10 мың
теңге
Қорытынды:
Ойын аяқталғанда қай банкте
«ақша» (капитал) көп болса, сол банк жеңімпаз болады. Яғни банк өз
жұмысын жалғастырады. Жеңген топ мүшелеріне «5» -тік баға
қойылады.
Бағалау парағы. «Технолог -
банкир»
кезеңдер
топ
аттары
|
1кезең
«Кім
жүйрік?»
|
2.кезең «Ойнайықта
ойлайық»
|
3 кезең
«Тыйым
сөз»
|
4
кезең
«Ым –
ишара»
|
5 кезең «Ұтымды ой –
ұшқыр
жауап»
|
қорытын
ды
|
1-топ
«НұрБанк»
2-топ
«ТемірБанк»
3-топ
«ХалықБанк»
|
|
|
|
|
|
|