Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Технологические карты

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология карты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«____» ___________ 20____ ж.

Мектепалды даярлау тобында ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Күнделікті қайталанатын сөздер. Сәлем! Сау бол!

Мақсаты:1. Балаларға танысу, амандасу үлгілерін үйрету.

2. Амандасу, қоштасу үлгілерін орынды қолдана білуге

дағдыландыру.

3. Әдепті және сыпайы сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: Сәлем, сау бол, менің атым, сенің атың....

Көрнекіліктер: Түрлі түсті суреттер, үлестірмелі кәртішкелер.

Қызмет кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Баланың әрекеті

Уәждемелік-ынталандыру






1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім балалармен жылы қарым-

қатынас орната отырып, олардың оқу іс-әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аударады.

Шеңберге тұрғызып, амандастырып жаттықтырады.

- Арман, сәлем!

- Сәлем, Қанат!

Шеңберге тұрып, амандасу сәті.

Бір-бірімен диалог жүргізеді.






Ұйымдық-іздестіру






2. Екі амандасып тұрған суретті көрсете отырып, олар өзара: «Сәлем», - деп амандаса алатынын түсіндіреді де, бір баламен «Салем» деп,- өзі амандасып көрсетеді. Балалардың назарын үлкен адаммен амандасу үлгісіне аударып, үлкен кісілермен «Сәлеметсіз бе!» - деп амандасатындарын үйретеді.

3. Дыбыстық жаттығулар орындау:

-сә-сә-сә- сәлем

-са-са-са- сау

-қо-қо-қо- қоштасу

4. Сергіту сәті.

5.Балалардың назарын әліппе дәптердегі суретке аударып, тақырыпты бекітеді.

Қайталайды.


Балалардың жауабы.

Суретпен жұмыс жүргізеді.

Рефлекстік-түзету






6. Д/ойын.

7. Тіл дамыту.

Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

8. Сабақты қортындылап, аяқтау

Өз ойларымен бөліседі.

Тақпақты жаттау.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қазақ тілінде сәлемдесуді, қоштасуды.

Игеру: Дыбыстарды дұрыс айту керек екендігін игерді.

Істей білу: Шағын сөйлем құрап, сұрақтарға жауап бере алу.

«____» ___________ 20____ ж.

Мектепалды даярлау тобында ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Күнделікті қайталанатын сөздер. Кел, танысайық!

Мақсаты:1. Танысу үлгілерін үйрету.

2. Амандасу, танысу үлгілерін байланыстыра қолдануға

дағдыландыру.

3. Мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Сенің атың кім? Менің атым -,,,,,, сенің атың - ....

Көрнекіліктер: Түрлі түсті суреттер, үлестірмелі кәртішкелер.


Қызмет кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Баланың әрекеті

Уәждемелік-ынталандыру






1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім балалармен жылы қарым-

қатынас орната отырып, олардың оқу іс-әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аударады.

Мұғалім балалармен «Сенің атың кім?» деген сұрақ пен «Менің атым -.....» деген жауапты бірнеше рет қайталатады. Шеңберге тұрғызып, олардың өзара танысуын ұйымдастырады, жаттықтырады.

  • Сенің атың кім?

  • Менің атым- .........

Шеңберге тұрып, амандасу сәті.Әр бала жанында тұрған баламен амандасады,

атын сұрайды және өзінің атын айтады. Бір-

бірімен диалог жүргізеді.



Ұйымдық-іздестіру






2. Дыбыстық жаттығулар орындау:

-ің-ің-ің- менің

-ың-ың-ың- атың

-ым-ым-ым- атым

3. Сергіту сәті.

4.Балалардың назарын әліппе дәптердегі суретке аударып, тақырыпты бекітеді.

Қайталайды.


Балалардың жауабы.

Суретпен жұмыс жүргізеді.

Рефлекстік- түзету


Мұғалім балалармен оқу іс- әрекеті

барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылайды.

Өз ойларымен бөліседі.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қазақ тілінде танысу

Игеру: Дыбыстарды дұрыс айту керек екендігін игерді.

Істей білу: Шағын сөйлем құрап, сұрақтарға жауап бере алу


«____» ___________ 20____ ж.

Мектепалды даярлау тобында ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Күнделікті қайталанатын сөздер. «Балабақша».

Мақсаты: 1 Балабақшаға қатысты сөздерді меңгеру.

2.Суреті бойынша заттарды атай алуға машықтандыру.

3.Өз балабақшасына, тәрбиешісі мен топтағы балаларға деген

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Балабақша, бөлме, аула, қыз, ұл.

Көрнекіліктер: Балабақша суреттері, ойыншықтар

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Балалардың әрекеті

Уәждемелік- ынталандыру






1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім балалармен жылы қарым-қатынас орната отырып, олардың оқу іс-әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыпта-суына баса көңіл аударады.

2.- Балалар, біздің балабақша қалай аталады.

- «Самал»

- Балабақшамыз қос қабатты,

биік. Бөлмелері жарық, кең


Сәлемдеседі.

Мұғалімді мұқият тыңдайды.








Ұйымдастыру- іздестіру








3.Дыбыстық жаттығулар:

-ең-ең-ең- кең

-ық-ық-ық-жарық

-бат-бат-бат-қабат

4.Сергіту сәті:

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

Дыбыстарды қайталайды.

Өлеңді жаттайды.







Рефлекстік- түзету

5.Қорытындылау:

Сабақта қолданылған сөздерді қайталай отырып, жаңа сөздерді қайталап, бекіту

Өздеріне тиісті мадақ сөздерді естиді.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Балабақша, кең, қабат, жарық сөздерін меңгеру.

Игеру: Жаңа сөздермен танысты, дыбыстарды дұрыс айту керек екендігін игерді.

Істей білу: Өздерінің ойларын айта білу.



«____» ___________ 20____ ж.

Мектепалды даярлау тобында ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Күнделікті қайталанатын сөздер «Бөлмеде».

Мақсаты: 1.Бөлмедегі зат атауларын үйрету.

2.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3.Бөлмедегі заттарды таза, ұқыпты ұстауға баулу.

Сөздік жұмыс: Ұйқы бөлмесі, ойын бөлмесі

Көрнекіліктер: Суреттер, ойыншықтар

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Балалардың әрекеті

Уәждемелік- ынталандыру









  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме!

- Балалар, біз бүгін қазақ тілі сабағында балабақша бөлмелерін аралаймыз.

- Сендер ойынды жақсы

көресіңдер ме?

2.Ойын: «Кім жылдам »


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2023
296
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12